Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кәсіптік білімді басқару теориясы




Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойына білім, білік және дағды негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметер беріп, оларды пайдалана білуді үйрету ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады.

Педагогикалық басшылық дегеніміз оқушы, не студентке авторитарлық (үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік ерекшеліктерін дамытуда жан – жақты, әрі үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік пен алғы шарттар жасау. Алдымен, басқару теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар:

· басқару

· басшылық

· басқару қызметі

· басшылық принциптері

· басқару әдістері

Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру, тікелей әрі байланыс процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі жақ, яғни басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін - өзі басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де игі әсерін тигізеді.

Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің пайымдауымызша оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан басқаруға байланысты мына анықтамаларды пайдаланамыз:

Басқару – басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау, өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір нысандар туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруда, оны жұмыс істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және жіберу арқылы ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші бір ұғым бар. Ол – «басшылық жасау». Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай анықтамаларды қажет етеді:

· белгілі бір жүйелі мақсат қою;

· жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер белгілеу;

· арнайы қызымет әзірлеу;

Басқару әкімшілік қызыметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша айтқанда басқару – объективті, ал басшылық жасау – субъективті сипаттамаға ие.

Басшылық– басқару ісінде жеке субъектінің өзін - өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс - әрекеті.

Кәсіптік мектептің педагогикалық үрдісін жүзеге асырудағы басқару қызыметі туралы бірер сөз айталық.

Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.

Басқару қызыметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Реттеу

4. Бақылау

5. Есеп алу.

6. Талдау.

Осы қызыметтерге жеке – жеке тоқталсақ:

Жоспарлау – белгілі бір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер. Ол жүйені болжау, ағымдағы қызыметтер және нақты бағдарламалау сияқты бөлімдерден тұрады.

Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.

Реттеу – жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік жағдай пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктерді бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады. Негізгі күштерді қалай және қайтіп орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады.

Бақылау – процестерді жоспарлаудың, нұсқаудың және шешімдерді нақты жүзеге қалай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді. Бақылау - істің кері байланыс арқылы мәліметін білетін тәсіл. Басшыланбайтын процесс – басқарылмайтын процесс.

Есеп алу басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші. Ол шаралардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығының өлшеуіші. Есепті бақылаудан ажыратуға болмайды, бірақ ол оған тәуелді құбылыс.

Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен аяақталады және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді.

Оқыту мен бақылаудың жалпы заңдылықтарына ой жүгіртіп әрі мұқият оқыңдар. Олардың қызметін, әсіресе бақылауда орын алған кемшіліктер мен оларды түзету шараларын жүзеге асыру жүйесі іске асырылады. Бұған мысал ретінде, Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы білім беру орындарына 2003 жылы ендірілген тестілеудің бірыңғай Ұлттық жүйесін келтіруге болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 335; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты