Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.




Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даяарлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы – оның оқу барысында білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді. Мұнда байқағанымыздай, бітірушілердің білімі, біліктілігі және дағдылары ғана айқындалған.

Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай – ақ бітірушінің шығармашылық қабілеттілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, оның шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайындауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алады. Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипаттама емес, профессиограмма анықтап бере алады.

Профессиограмма -белгілі бір кәсіпке жан – жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады. Сөйтіп, кәсіптік мектеп бітірушілерінің дайындығы тек білім, білік және дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті қажеттіліктер бар екендігі белгілі болды. Енді профессиограмманың мына төмендегі мазмұнына тоқталсақ, ол үшін оның әр түрлі сипаттарына назар аударалық:

1. Кәсіптің әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы.

Экономика саласы

Маманға сұранымы

Кәсіп ауқымы

Өнеркәсіп, ұйым, мекеме түрі.

Еңбекті ұйымдастыру формасы.

Кәсіптің өндірістік сипаттамасы

Еңбек мақсаты

Еңбек пәні

Еңбек құрал – жабдықтары

Еңбек мазмұны: негізгі өндірістік операциялар

Еңбек шарты

Еңбекті ұйымдастыру

Қажетті кәсіби білім, білік және дағды.

Кәсіптің санитарлық – гигеналық сипаттамасы.

3.1 Еңбектің ауырлығы мен күрделі деңгейі

3.2 Жасы мен жынысына байланысты шектеулер

3.3. Жұмыс және демалыс режимі

3.4. Ауысымдығы

3.5. Талдағыш жүктемесі

3.6. Жағымсыз факторлар

3.7. Медициналық қарсы көрсетілімдері

Кәсіптік байланысты маманның жеке – психологиялық ерекшеліктеріне қойылатын талаптар.

4.1. Нейродинамика

4.2. Тәуліктік биоритмика

4.3. Психомоторика

4.4. Сезгіштік аумағы

4.5. Есте сақтау қабілеті

4.6. Зейіні

4.7. Ойлауы

4.8. Парасаттылығы

4.9. Еркіндігі

4.10. Мінез – құлқы

4.11. Тұлғаның кәсіби сапалық қасиеттері.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 168; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты