Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Білім стандартын әзірлеу методологиясы




Қазақстан өз алдына егемендік алған соң, ұлттық экономикалық саясат негіздерін қалай бастады.

Әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты жұмысшы кадрларды нарық жағдайында, жұмыс берушілер сұранысына сәйкес, шетелдік мамандармен бәсекеге түсе алатындай еңбек ресурстарын әзірлеу міндеті тұрды. Ол әсіресе, кәсіптік білім беру саласын әлемдік өркениет талаптарына сай құруды қажет етті. Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беру жүйесі қазіргі таңда мына бағытта дамып келеді.

1. Кәсіптік білім беру бағдарламаларын жеке тұлға мен еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыра отырып, экономика мен әлеуметтік салалардың даму бағытына қарай бейімдеп жасау.

2. Мамандар дайындауда білім мазмұны мен саласын жаңарту, жеке тұлғаның кәсіби қабілетін ашуда дамыта білім беру принциптеріне көшу.

1992 жылы 18 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 4 – бабында «Мемлекеттік білім стандарттары» деген түсінік енгізіледі. Осы Заң негізінде Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті 1994 жылы 4 мамырда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту ережелері» атты № 2477 Қаулы қабылданды.

«Білім туралы» жаңа Заң қабылдаған соң, (1999 жылы 3 тамызда) Қазақстан Республикасы денсаулық, білім және спорт министрлігі «Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартын бекіту» (Жалпы жағдайлар) туралы № 345 бұрық шығарды. Бұл бұйрық бойынша Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті білім берудің стандарттарын әзірлеудің жолдарын ретке келтірді.

Кәсіптік білім беру стандарттарын ендіру мына мәселелерді шешуге негіз болды.

1. Қазақстан Республикасында еркін еңбек нарығы орнады. Кәсіп саласы, не жекелеген мамандықтар бойынша жасалынған білім берудің мемлекеттік стандарты барлық қызығушы тараптар үшін қолайлы жағдай туғызды.

2. Барлық ТМД елдері мен басқа да экономикалық одақтас елдер арасында еркін еңбек нарығына жол ашылды.

3. Бүкіл дүниежүзілік еңбек нарығына кірудің мүмкіндігі туды. Бұл еліміздің кәсіптік білім беру жүйесінің шетел білім беру стандарттарына ілесуіне жағдай жасады.

Ең басты, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары кәсіптік оқытудың типтік бағдарламаларын, жұмыстың оқу бағдарламаларын, оқу орындарын аттестациялауды, дидактикалық және әдістемелік құралдарды талдап, бірыңғай жүйеге келтіруге жол ашып берді.

Білім беру стандартты ары негізінен мына мәселелерді қамтиды:

- кәсіби біліктілік талаптарын;

- білім мазмұнын;

- оқу жүктемесінің көлемі мен дайындық деңгейін;

- білім сапасын бағалаудың әдістемелік құралдарын.

Мемлекеттік білім стандартының басты құжатының бірі типтік оқу бағдарламасы болып табылады. Оқу орындары типтік бағдарлама негізінде, қажет болған жағдайда, жұмыс бағдарламаларын жасай алады.

  1. Оқу бағдарламасы сағаты мен мазмұны бойынша міндетті түрде орындалатын өндірістік білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат болып табылады.
  2. Оқу бағдарламасын ғылыми-техникалық прогрестің талабына сәйкес келтіру мақсатында олар үнемі бір рет 5-6 жылда қайта өңделіп отырады; министерстволар және ведомстволармен бірге Мамандық бойынша құрылған кеңестің кезекті өңдеулерінің аралығында кәсіптік мектептерге оқу процесін ұйымдастыру кезінде шебер нұсқау ретінде қолданылатын бағдарламаларға түзтулер мен толықтырулар енгізіледі.
  3. Оқу мазмұнын кәсіптік мектептерде және қызметкерлер дайындайтын бағалық және басқа кәсіпорындардың негізгі талаптарына сәйкес келтіру керек. Өндірісте қолданатын жаңа техника мен технологияның болуын ескі материалдарды жою мақсатында өндірістік шеберлердің, мастерлердің, оқытушылардың ұсынысы бойынша оқу бағдарламаларға қажетті анықтау, қосымша және өзгерістер енгізуге кәсіптік мектептің әдістемелік комиссиялары рұқсат береді.

- Әмбебабтық оқу бағдарламасының мазмұны өндірістің берілген саласының әр кәсіпорнына қызметкер дайындау мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет;

- Жан-жақтылық: оқушылардың даму, тәрбиелеу және білім алу міндеттерінің қамтамасыз етілуі;

- Теория мен практиканың байланысы: материалдарды оқып-білудің өзара байланысы;

- Бүгінгі күн талабы: ғылыми техникалық прогрестің өсуіне сәйкес болуы;

- Жүйелік, жүйелілік, түсініктілік;

- Практикалық білім: оқытушылардың еңбек өнімділігі негізінде білім беру;

- Сабақтастық, бірізділік: а) орта мектептерде еңбекке оқытудың мазмұнымен; б) өндіріс жағдайында оқу шеберханасындағы өндірістік білім берудің негізгі кезеңдерімен байланыстыру;

- Болашақтық: қызметкердің мамандығы бойынша өсу, жоғарылау мүмкіндігін қамтамасыз ету,

- Мобильдік: технология бойынша бір-бірімен байланысты жұмыстарды жылдам игеру мүмкіншілігін қамтамасыз ету.



Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 121; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты