Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы




Сабақ – оқу – тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру – білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің түрі. Оқу – оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс. Ол оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын), ойлауын дамытуды, жан – жақты тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады.Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогикалық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс - әрекетінің свиталауына (мотивтеріне), оқуға олардың қатынасына тәуелді болады. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер – педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей тұрақты топтарға, я топшаларға, бригадаларға біріктіріп, оларға кәсіп саласынан, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді.

Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:

- Теориялық оқыту сабағы;

- Практикалық оқыту сабағы.

Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби – еңбек қызметін жүзеге асыруда ғылыми – теориялық білім мен парасатты білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.

1. Жаңа білім негіздерін игеру;

2. Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;

3. Қайталама – жалпылау;

4. Бақылау – тексеру;

5. Аралас сабақтар т.б.

Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабқтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады.

Ұйымдастыру құрылымына мыналар кіреді:

- Ұйымдастыру кезеңі;

- Үй тапсырмасын орындауын тексеру;

- Оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;

- Жаңа сабақ түсіндіру;

- Жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;

- Жаңа сабақ материалдарын бекіту;

- Сабақты қорытындылау;

- Үйге тапсырма.

Сабақтың дидактикалық құрылымы мына 3 элементті қамтиды:

- Тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;

- Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;

- Білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;

- Білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;

Бұл құрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады:

- Логикалық – психологиялық;

- Мотивациялық;

- Әдістемелік.

Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау

Дәріс жоспары:

  1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
  2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
  3. Педагогикалық тестілеу

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 200; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты