Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зін-өзі басқару органы құрылымы




Оқушылардың өзін - өзі басқару құрамының негізі – оқушылардың іс - әрекеті. Кәсіптік мектептерде оқушылардың осындай қызметінің мынадай құрылымдық түрлері бар:

- оқу – еңбекті ұйымдастыру;

- бос уақытын ұйымдастыру;

- қоғамдық

- тұрмыстық.

Оқу – еңбек қызметі дегеніміз -белгілі бір мамандық алуға қажет оқу процесі мен осы кәсіптегі еңбек ету көрінісі.

Еңбек – адамдардың табиғатты түрлендіретін, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін өзгертетін саналы, орынды іс - әрекеттің барысы, адамның өмір сүруінің бастапқы және негізгі шарты. Кәсіптік білім беру мекемелерінде, әсіресе, оқу мен еңбекті бір – бірінен ажыратуға болмайды. Соңғы курстарда өндірістік практикаға қомақты сағаттар бөлінген, сондықтан кәсіби білікті қалыптастыруға, оқу – еңбек қызметін ұштастыруға толық мүмкіндік бар деп айтуға болады. Студентердің бос уақытын ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:

- үйірмелер мен клубтар;

- спорттық – сауықтыру шаралары;

- мәдени – көпшілік шаралар;

Өткен тарауларда айтып кеткеніміздей кәсіптік мектептерде барлық іс – шаралар кәсіби бағдар бағыты бойынша жүргізілуі тиіс. Клубтар мен үйірмелерде оқушылар жеке қабілеттерінің мүмкіндігіне қарай қатысып, үйірме не студияны старосталар, ал клубтарды президенттер мен төрағалар басқарады.

Спорттық – сауықтыру жұмыстары жаппай сипат алып, салауатты өмір салтын насихаттап, жеке тұлғаның денсаулығын нығайтуға бағытталуы керек. Оған команда капитаны не спорт секциясы старостасы басшылық жасайды.

Мәдени – көпшілік шараларды оқу орны әкімшілігі мен бірлесе отырып, топты мәдени – шаралар секция жетекшісі, клуб президенті жүргізеді. Мәдени – көпшілік шаралар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: кітапқұмарлар клубы, көркемөнерпаздар, театр – кино сүйер қауымдастығы, дискотека т.б. Өкінішке орай, қоғамдық қызметке қазіргі кезде кәсіподақ ұйымы ғана қалғаны мәлім. 1991 жылға дейін жастар тәрбиесінде өте маңызды рөл атқарған пионер, комсомол ұйымдары мен оның штабтары, басқа да саяси ұйымдар қазір жоқ.

Тұрмыстық қызмет аясына көбінесе студенттердің жатақханадағы жағдайын түзеуге байланысты және тәрбие алушы жұмыстары жатады. Оны тек тәрбиешілер күшімен ұйымдастыру қиын, оған ата – аналар, оқу орны, базалық кәсіпорын, құрылтайшылар мен студенттер кеңесі белсене ат салысса игі нәтижесін берері сөзсіз. Оқушылардың өзін - өзі басқару процесін мына кестеден байқауға болады:

 

                   
   
 
 
Оқушылардың оқу – еңбек қызметін басқару
 
Оқушылардың бос уақытын өткізуін басқару
 
Оқушылардың қоғамдық қызметін басқару
 
Оқушылардың тұрмыстық қызметін басқару

 


 

Өзін - өзі басқару компонентінің әрқайсысы өзінің басшылық органын белгілейді. Өзін - өзі басқарудың жоғарғы органы - жиналыс.

Әкімшілік бірлестіктерге:оқушылар бригадасы, топ, курс, лицей, жатақхана т.б. жатады

Қоғамдық бірлестікке:кәсіподақ, клуб, үйірме, студия т.б. жатады

Басқару құрылымының иерархиясы былай іске асырылады;

Таңдап алынған басшы тұлға сайланбалы органға бағынады, ал сайланбалы орган – жалпы жиналыс алдында есеп береді. Егер құрылымдық иерархия қаралмаса, онда ол оқу орнының, не қоғамдық ұйымның әкімшілігіне бағынады.

Қыркүйек айында оқу жылы басталысымен жалпы мектептік жиналыста жоспар жасалып, ұйымдық мәселелер шешіледі. II – семестр басында бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп беріледі, іске асырылмаған не түгелдей жүзеге аспаған жұмыстардың себебі анықталады, II – жарты жылдыққа міндеттер белгілейді. Мамыр – маусым айларында қорытынды жиналыс өткізіліп, есеп беріледі, үлгілі, белсенді оқушылар марапатталады, байқау жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі, экспонаттарды көрмеге қояды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты