Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зейін түрлері




Өзінің пайда болуымен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екі турге бөлінеді. Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар (пассив), еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тэуелсіз туындайды әрі эрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды езінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері эртұрлі, олар іс-әрекет иесінің дене тәндік, психофизиологаялық және психикалық кейіп қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға келтіріп қарастыру мүмкін.

Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқыңдылығы (интинсивность). Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау-мынау жеңіл сыбдыр шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, "тарс" ете қалған заттың дыбысы, оны ерксіз мойын бұруға мэжбүр етеді. Әрдайымым күшті тітіркену әсері, айқай-шу, коз қамастырар жарық, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы зейініміздің аударылуы әсердің шектсн тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан. Мысалы, үйде ванна құбырларыңдағы ұдайы болып тұратын су гуілін күндіз тіпті байқамаймыз да аңғармаймыз, ал сол гуіл тұнде күшейіп кететіндей, кейде үйқы бермейді.

Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосыңдылығы (необычность) да кіреді. Бұл тұргыдан жаңалық деп бүрын білмеген, көрмеген зат,құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаган тітіркендіргіштерді танимыз.

Адамньщ көңіл-күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне сәйкес тысқы ттркеңдіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тагам женіндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.

Зейін себептерінің, тортінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Міне осыдан, кеше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа тұседі тәртіп сақшысы орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал, архитектор не суретші ежелгі ғимраттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағат-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді езгеріске тұсіретін заттар, жағдайлар, құбылыс тар.

Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі опии саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл тұрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларыныи нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсеңді, ниеттелген деп те сипатталады. Қаңдай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәөжбүрлейміз. Ырықты зейініңі басты қызметі - психикалық процесс ағымын белсенді турде реттеп.бару.

Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмсн бірге берілмейді, сэбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л.С.Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысаңды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым, ишараны байқаумен, затты танып. не сөзді қайталап, сигналға жауап қайырады. Осылайынша, қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз қылық-әрекетін үлкендердің ауызша нүсқауларына бағындыруына тәуелді , ал содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты.

Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесімен орайлас келеді. Бірақ бұл факторлардыц ырықты зейін кезіндегі әсері тікелей емес жанама, яғни ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зеійін тікелей әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мәні мен кейінгі нәтижесіне бұрылады. Ал іс-әрекетболса, өздігінен емес, оның осы мақсат жолыңда қажеттілігінен ғана адамды қызықтырады.

Ғалым-психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір турін айырып қарастырады. Бұл зейін турінде адам толығымен іс-эрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып қөрінеді. Мұндай зейін турін орыс тілді әдебиеттерде "послепроизвольный" (Н.ФДобрынин) деп атаса, қазақ тіліндегі оқұлықтарда "үйреншікті зейін" атауымен баламаланған (Қ.Жарықбаев, А.Алдамуратов). Қай іс-әрекет болмасын алғашқы қезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа тұсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі,ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттіңнәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен езі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.

Үйреншікті зейін өзінің саналы мақсат пен қызығуларға тәуелділігінен ырықсыз зейіннен ажыралса, еріктік, күштер қатысынсыз жүзеге асуынан ырықты зейіннен ерекшеленеді.

Педагогакалық процеске орай үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой қуатын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезімнен еңбек ләззатына бөленуі керек.

Үйреншікті зейін өзінің ұзақ уақыт тұрақтылығы, үстемелі ақыл-ой қызметімен және Жоғары еңбектік нәтижесімен сипатталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты