Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ес түрлері




Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр турі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз логикалы болып V бөлінеді; 2) іс-әрекетмақсатына орай ес ырыты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыралады.

Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес турі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозгалысты есі тіпті шабан. Бұл ес турінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмагаңда, біз қажетті әрекетпен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекетептілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен "бармағынан өнер тамғанынан" керінеді.

Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй (эмоция) есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқигалардан сақтандырады. Сізбен, қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.

Бейнелі ес - елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дэмге негізделген жад іздері. Ол көру есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып белінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кэсіптік қасиеттеріне жатады. Сэйікес түйсіктер сияқты Мұндай ес түрлері іс-әрекетшарттарына орай қарқыңды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңің-көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі ж.т.б.

Сөздік-логакалы (мағыналы) ес мазМұнына біздің ой өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әр-түрлі тіл формаларымен берілетіндіктен қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазМұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтқысыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымы мағыналық өңдеуге түспейтін болса, оңда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.

Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Соңдықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес турі адамға ғана тән қажет. Сезді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.

Іс-әрекет мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.

Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған турмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субъект тарапынан тиісті дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет яғни сырттан түскен әсерлерді ң басы бірігетін (консолидация следов) уақыт. Бұл процесс - жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъекттік санамызда бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен оқиға енді жоқ болса да, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымызда шуы кете қоймайды. Мұңдай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретіңде - қысқа мерзімд ес деп таныған. Бұл ес турі, жоғарыда көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығыңда ғана сақтау мүмкіншілігіне.

Нақты қызметтік ес (оперативная память) адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқан болады. Орындалатын әрекетбөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгей нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығударына байланысты.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 267; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты