Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ес процестері




Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді ру. Қолданбай-ақ жадта қалды Бұл - болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекітіп қалуы. Ми қабығыңдағы әр-қандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.

Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыс тар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, эншейін оқыла салған кітап мазмұны ж.т.б., ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіктерше орай және әрекетмақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиға жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың он тандамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білуі керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекет мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз ниеттелмеген есте қалдыруға қарағаңда анағұрлым өнімді келеді.

Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге тұтастай жаттап алу, жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте қалдыру мақсаты турса, екіншіде - сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде - деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.

Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыс тар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғаңда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттіңбасты мақсаты - қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекетмнемикалык (мнема ес) әрекетдеп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жанғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау - саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.

Механикалық және мағыналык есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай қандай бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты