Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ойлау жөнінде түсінік




Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек еыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан қабылданған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, үшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымыңда ойлау бұл тұлганын шындыкты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен. білуге мүмкін болмаған дүние құбылыс тарын жанама корытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында ілулі турған, термометрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз.

Түйсік пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының әр мезгілдегі кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсіктер мен қабылдау деректерді топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар ашылып, ажыратылады. Сезімдік негіз де танылған заттар мен құбылыс тардың қасиеттеріне сүйсіне отырып, ойлау арқылы заттардың тікелей көрінбеген, тереңдегі жаңа қырлары мен сырларын топшылайды Сонымен, ойлау қоршаған дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қатынастар негізінде тануға мүмкіңдік береді.

Заттар арасыңдағы байланыстар мен қатынастарды ашу ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау катынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы танитынымыз дербес элементтердің жай қосындысы емес, осы деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері мен заттары өзара қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызметіне арқау болады. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттері біздің санамызға жеке-дара, кейде мәнсіз, кездейсоқ белгілерімен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды танып, аша білу.

Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән

Кездейсоқ жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпысипатқа ие, ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану жолындагы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объектив шындықтың қорытындысы.

Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмен тыгыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені өзгерте, қайта жасай отырып, оның мән-жайын терендей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе әрекетойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекетойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесі де жоқ. Іс-тәжірибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдігінің негізі де, ақырғы нәтижесі де; жалпы іс-тәжірибеге тәуелділігін сақтаумен, теориялық ойлау өзінің алғашқы әрі жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан құтылады. Қорытынды түсінім мен жалпы шешімге келтіре алу мүмкіндігінен ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелігі айтарлықтай. Бір мәселе бойынша қабылданған корытыңцы нәтижесін тапқан жалғыз-ақ проблемаға тиісті орындалмай, бүкіл сол тақылетті көптеген сұрақтарға жауап болғган теориялық шешім ретінде қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, енді бір сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық маңызға ие болумен, теорияға не теорияның құрамды бір бөлігіне айналады. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпыланған турде мәселе шешімдерінің принциптері айқындалып, практиканың болашақта кезігетін міндетті орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар тузіледі. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға жол көрсететін, әрекетке жетекші болған теорияға қол жеткізеді, объектив шындықты танытатын диалектика жолын ашады. Әрекет негізінде дамып, ойлау, ақырыңда, қимылды ұйымдастыруға және оған басшылық етуге себін тигізді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 120; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты