Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ойлау формалары




Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз - зат немссе құбылыс тың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. ¥ғым - заттың бейнесі елестен ерекше. Мысалы, туратын үй жөніңдегі түсінігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа, қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіреміз. Ал: "Үй адамның баспанасы" деп ойлайтын болсақ, біз белгілі бір үйді айтпай, кез келген үй, баспана жөнінде қорытылган ұғымды пайдаланамыз. Сондықтан ұғым елестен гөрі кеңірек келеді. Кернекі бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым жәрдем өрнектейміз (жан, капитал, хандық).

Мысалы, біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша кере аямаймыз, бірақ "мың бұрыш" деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның болуы мүмкін екенін мойындаймыз.

Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңвдес емес: 1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады ("самолет", "аәроплан") 2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: "Ат" - есім, "Ат" - жануар. 3) ұғымның өзі әр тілде "әрқандай" сөздермен беріледі (орысша-хлеб, қазақша-нан).

Заттар және құбылыс тар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: "далада жаңбыр жауып тур": "оқушы есепті шешкен жоқ". Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шыгарылады Пікірде, көбінесе, ұғымның мазмұны ашылады: "Жантану адамның психикалық өмірінің зандылықтары туралы ғылым». "Жантану" ұғымының мазмұны осы пікірден көрінеді.

Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытыды жасалады. Мысалы, біз екі пікір айтсақ: "Құс-жануар", Жануарлар оттегісіз жасамайды". Бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, біз үшінші пікір айтамыз: демек "Құстар оттегісіз жасамайды".

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қортындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мысалы ретіңде геометриялық теорема дәлелдерін алуга болады.

Ой қорытындылары иңдуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытыңды жасау, жалпы пікір айту.

Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз — жалпы ережеден жеке қорытыңды жасау.

Қорытынды пікірге келудің екі турі де - индуктивтік те, дедуктивтік те - адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.

Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен зандары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі қорытыңдылардың қисылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар арасындагы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде (теорема, аксиома) көрсетіледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 230; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты