Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Білім мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.




Бүгінгі таңда білім беру экономиканың қарқынды дамитын және перспективті салаларының бірі болып табылады.

Маркетинг - marketing – нарықтық қызмет деген ағылшын сөзінен шыққан. Маркетинг –бұл тауарға, қызмет көрсетуге, адамдарды ұйымдастыруға сұранымды қанағаттандыруды басқару.

Маркетинг – өндіріс процесі мен ұсынымына және өндірушіден тұтынушыға қызмет көрсетудің әсерін ескертетін барлық факторларды қарастырудың кешенді шаралары.

Маркетинг – бұл рынокта талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы тұрлерінің өзара іс-қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.

Маркетингілік қатынастың шынайы қатысушылары тек білім беру мекемелері ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар (яғни бөлек жеке тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар) мен рынокта білім беру қызметін жылжытуға септігін тигізетін қоғамдық институттар (жұмыспен қамту орталықтары, еңбек биржасы және т.б.), және мемлекеттік құрылымдар.

Білім берудегі маркетинг объектілері:

- территория (аумақ) маркетингі: білім алушылар үшін оқу орнының қайда орналасқаны және тұру үшін қандай мүмкіндіктері бар екендігі маңызды;

- білім беру мекемесінің маркетингі: қоғамдық беделі, мәртебесі (статус);

- қызметкерлері жеке тұлғасының маркетингі: мұғалімдерінің репутациясы, санаты.

- тауар маркетингі: оқу құрал-жабдықтары, қызметкерлері мен оқушыларының практикалық қызметінің өнімдері: өнем табыстары, патенттері, зерттеу бағдарламалары, басқа да инновациялық қызметтері мен өнімдері.

Маркетинг объектілер қатарына жатақхана, тамақтандыру мекемелері, спорт және сауықтыру орталықтарының қызметтері де жатады.

Білім беру саласындағы маркетингтің келесі негізгі проблемалық бағыт-бағдарын белгілеуге болады:

► Тауар саясаты мәселелері

►Баға саясатының мәселесі

►Коммуникация саясатының мәселелері

►Маркетингтік зерттеулер мәселелері

Білім беру саласындағы маркетинг – нарық жағдайында өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара қатынас пен іс-әрекет тактикасы, стратегиясы, бір сөзбен айтқанда философиясы.

Маркетингтің негізгі ұғымдарының бірі маркетингілік орта – бұл маркетинг субъектілерінің қызмет тиімділігіне және нарық ерекшеліктеріне ықпалын тигізіп, белсенді әрекеттегі факторлар жиынтығы

Білім беру мекемелерінің табысқа жетуі қызметі мен тауарының маркетингілік ортаға сай болуына байланысты.

Білім беру мекемесінің ішкі маркетингілік ортасы (микроорта) оның басты шағын жүйелерін қамтиды: оқу-әдістемелік, ғылыми, шаруашылық, экономикалық, басқарушылық және маркетингілік қызмет (басқада жүйелер бар).

Білім берудің ішкі ортасын талдау маркетингілік ортаны зерттеудің бастапқы кезеңі болып табылады.

Макроортаны (сыртқы орта) зерттеу - тауар мен қызмет нарығындағы қазіргі жағдай туралы пікірді қалыптастырады, оның мүмкіндіктерін (потенциал) анықтауға септігін тигізеді. Мекеменің макроортасында орын алып жатқан негізгі күштер:

► демографиялық орта;

► экономикалық орта;

► экологиялық орта;

► ғылыми-техникалық орта;

► саяси орта;

► мәдени орта.

Макроортаны талдауда келесі міндеттерді шешуге болады:

- білім беру жүйесінде білім беру мекемесінің шынайы жағдайын талдау;

- оқу мекемесінің басқа оқу орындарына қарағанда бәсекеге қабілеттілігін бағалау;

- білім беру мекемесінің маркетингілік стратегиясын құру;

- таяудағы жылға арналған білім беру мекемесін дамытудың нақты жоспарын (сценарий) таңдау;

- шаруашылық, ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасау және т.б.

Мұндай талдау нарықты жалпы маркетингілік зерттеу аясында жылма-жыл немесе білім беру нарығында ірі өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 106; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты