Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Эребус жанартауы




Жоспар

Кіріспе.

І тарау Антарктида

ІІ тарау Табиғаты

III тарау Қорытынды

Антарктида– Жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден – бір материк. Антарктика атауның өзі «Арктикаға қарама – қарсы» деген мағынаны білдіреді, яғни материктің солтүстік поляр аймағына қарама – қарсы орнын дәл бейнелейді. Материк ауданы 12,4 млн км , ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдады қосып есептегенде 14 млн км – ге жуықтайды. Антарктиданың географиялық орнына байланысты мынандай табйғат ерекшелігі бар:

Эребус жанартауы

ТАБИҒАТЫ: Зертеушілердің қатал климат жағдайдағы теңдесіз еңбектері нәтижиесінде Антрактиканың ғылымға белгісіз көптеген құпияларды ашылды. Антрактида материгін қалың мұз жамылғысымен қосып, МҰЗДЫ АНТРАКТИДА деп атайды. Жаппай мұз басу Антрактида Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжған. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м шамасында, ең қалың жерлері 4300 м – ден асады. Мұз жамылғысымен қоса есептегенде материктің орташа бйіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе артық. Антрактиданы жауып жатқан мұз қалқананың орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі, шет жағына қарай жұқарып, аласарған күмбізге ұқсайды. Егер осы мұздарды ерітетін болса, Дүниежүзілік мұ- хит деңгейі 62 м – ге көтерілген болар еді. АЛ мұз астында жатқан материкті ТАСТЫ АНТРАКТИДА деп атайды.

Материк жер бедерінің ерекшелігіне қарай БАТЫС АНТРАКТИДА және ШЫҒЫС АНТРАКТИДА болып екіге бөлінеді. Батыс Антракдиданың жер беті өте күшті тілімденген, көпшілік бөлігі мұз салмағынан қатты майысқан оиыстардан тұрады. Теңіз деңгейінен ең биік және ең төмен жатқан нүктелер де осында орналасқан. Ал Шығыс Антрактидадағы қалың мұз жамылғысымен жабылған жазық жерлер биіктігі 3000 – 4000 м – ге жететін таулармен алмасады. Таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатыр.

Антрактидадағы пайдылықазбалар әлі де болса толық зерттелмеген. Қазіргі таңда материк қоинауында тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран және түсті металдардың қоры бар екендігі анықтап отыр.

Табиғат жағдайының қаталдығына сәикес Антрактида материгінде өсімдіктер мен жануарлар дүнесі жоққа тән. Сондықтан қалық мұ жауып жатқан құрлықтың басым бөлігі АНТРАКТИКАЛЫҚ ШӨЛ ЗОНАСЫНА енеді. Мтериктің мұздан бос жағалық бөліктері мен аралдарына ғана мүк, қына және ұсақ балдырлар өседі. Антракдидалық жаз кезінде кейбір жағаға жақын биіктеу жерлердің беті қардан арылып, тез жыланып үлгереді. Мұндай бөліктерді АНТРАКТИКАЛЫҚ ШҰРАТ деп атайды.

Антрактида жағалауындағы сулар ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығынан тұратын ПЛАНКТОНҒА бай. Планктон киттердің, итбалықтардың, балықтар мен құстардың негізгі қорегі болып табылады. Антрактида суларында ҚҰСТАРДЫҢ 13 түрі, ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ 5 түрі, КӨК КИТТЕР, КАШАЛОТТАР МЕН КАСАТКАЛАР мекендейді. Материк жағалауында құстардың ерекше түрі ПИНГВИНДЕР көп таралған.

Император пингвині Адели пингвині Пингвидердің мекен жері

 

Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны АДЕЛИ деп аталатын кішкентай пингвин. Сонымен қатар салмағы 50 кг – ға жететін, бойы 1 м – ден асатын, өте әдемі ИМПЕРАТОР пингвині мекендейді. Жаз айларында материк жағалауларында ДАУЫЛПАЗДАР, ТЕҢІЗ ШАҒАЛАЛАРЫ, СУ ҚҰЗҒЫНДАРЫ ұя салады. Антарктида мен оныңжағалық суларында тіршілік ететін жануарлар қорғауға алынған. Ертеректе гондваналық материктермен бірге болған кезеңдерде Антрактидада өте алуан түрлі тіршілік дүниесі болған. Оған мұз астынан тадылған мәңгі жасыо өсімдіктер мен ежелгі жануарлардың қалдықтары дәлел болды.

ҚОРТЫНДЫ: Антрактида – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерінің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден – ақ пайда болған. 1777-1775 жылдар аралығында ағыошын теңізші ДЖЕЙМС КУК оңтүстік материкті іздеп саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бір ақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижиесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстың маңында ғана болуы мүмкін деген қортынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім шыққан жоқ. Атмосфераның жалпы ластануы әсерінен Антрактида мұздарының жедел қарқымен еруі мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар Жерді ғарыштан келетін зиянды сәулелерден қорғайтын атмосферадағы ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ Антрактида үстінде жұқарып сөгілгендігі де анықталып отыр. Бұл құбылыстың одан әрі күшеюі Жердегі тіршілікке зор қауіп төндіреді. Антарктида табиғатын зерттеушлер бұл апатты құбылыстарды тоқтату шараларын қарастыруда.

 

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 239; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кровавый водопад Антарктиды - Blood Falls | ГЕОКРИОЛОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ АНТАРКТИДЫ
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты