Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


бап. Эвтаназия




Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

142-бап. Анатомиялық сый

1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.

2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.

3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.

4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

6-Бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау

 

24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет

 

143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логия­лық қызметтің бірыңғай жүйесіне:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құры­лым­дық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.

 

144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпиде­миологиялық нормалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логиялық нормалау санитариялық-эпидемио­логиялық қызметтің жұмысы болып табылады және ол:

1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;

2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;

4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін қалып­тастыру мен жүргізуді;

5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық норма­лаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары сани­тариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық норма­лау­дың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекітудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық талап­тарды (оның ішінде мекендеу факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыз­дығының критерийлерін) белгілейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.

5. Гигиеналық норматив – зерттеулерде белгі­ленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғы­сынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиология­лық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

7. Мемлекеттік органдар халықтың санитария­лық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселе­леріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту кезінде оларды уәкілетті органмен келісуге міндетті.

 

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:

1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;

3) объектілерді жобалауға, салуға, рекон­струкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге әрі күтіп-ұстауға;

4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің, өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына;

7) Қазақстан Республикасының аумағына әке­лі­нетін өнімдерге, онда генетикалық түрлендірілген объектілердің болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне;

8) халықтың арнаулы, емдеу-профи­лак­тикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;

10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнер­кәсіп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;

13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;

16) адамға әсер ететін физикалық фактор­лардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;

17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық, химиялық, микробио­логиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, ыдысқа, химиялық, биоло­гиялық және дәрілік заттарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косме­тикалық, полиграфиялық өнім мен кең тұтыны­латын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, ұйым­дардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге);

21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезин­секциялау құралдарын, жабдықтарын, материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;

23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;

24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

25) әлеуетті қауіпті химиялық және биология­лық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын айқындауға;

26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қор­ғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, инфек­циялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;

27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге;

28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріз­деуге, жарықтандыруға және желдетуге;

29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;

30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

 

146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

1. Тамақ өнімі және адам денсаулығына зиян­ды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері, оған қоса:

1) алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) балалар тамағы өнімдері, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, дезинфекциялау, дизенсек­циялау және дератизациялау құралдары, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар;

2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негізінде дайындалған, халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен препараттар халықтың санитариялық-эпидемио­логиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.

2. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу:

1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің халық пен мекендеу ортасы үшін қауіптілігін сарап­тамалық бағалау;

2) заттар құрамының, өнімдердің жекелеген компоненттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін белгілеу;

3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттар мен жекелеген өнім түрлерін кәдеге жарату мен жою жағдайларын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі арнаулы шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.

4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генети­калық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дерати­зацияау құралдарын, сумен және тамақ өнімдері­мен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

5. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде оларға санитариялық-эпидемио­логиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды өтінім берушілер көтереді.

6. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізі­лімі мерзімді баспа басылымдарында жария­лануға жатады.

 

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

1. Санитариялық-эпидемиологиялық мони­ торинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың денсаулы­ғының жай-күйі мен мекендеу ортасы фактор­ларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға байқау жүргізудің мемлекеттік жүйесі болып табылады.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық мони­торингті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

 

148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі­нің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санита­риялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыра­тын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді, гигие­налық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (про­филактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамытудың әзірленіп жатқан бағдарламаларына және өзге де өңірлік бағдарламаларға енгізілуге жатады.

3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және пара­зиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар – медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге жатады.

4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республи­касы­ның еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.

 

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақ­тарын санитариялық қорғау

1-тармаққа өзгерістерді қара - 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңы (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде халық денсау­лығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаж­дарға, поезд бригадаларына, көлік құрал­дарына, жүктерге санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалауды жүзеге асыру үшін сани­тариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (сани­тариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мем­лекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.

3. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

 

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

1-тармаққа өзгерістерді қара - 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңы (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.

2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлға­лардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.

3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шара­лары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрі­герінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мем­лекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).

4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу және тексеру

1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге алуына, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет орган­дары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілікті жүргізуіне жатады. Көр­сетілген аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есеп­ке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп­тілікті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргізуіне жатады.

 

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен сани­тариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндік­терді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы орган­дарының шешімімен кезектен тыс міндетті дезин­фекциялық, дезинсекциялық және дерати­зациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемио­логиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.

 

 

25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау

 

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері

1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.

2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайта­лама және жалғаспалы болып бөлінеді.

Аурулардың бастапқы профилактикасы (жап­пай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.

Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.

 

154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байла­нысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестік­тердің қатысуымен қамтамасыз етеді.

 

155-бап. Медициналық тексеріп-қарау

1. Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, улану­лардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндіріс­тік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Медициналық тексеріп-қарау міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.

3. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.

Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфек­циялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.

4. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізі­летін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді.

5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Pecпубликасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндет­ті медициналық тексеріп-қарауға жататын қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.

6. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып бөлінеді.

Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында анық­тау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топ­тарына жаппай әдіспен жүргізіледі.

Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олар­дың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

7. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғы­дан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді.

8. Жұмыс берушілер Қазақстан Pecпублика­сының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай тексеріп-қарауға жататын адамдар­дың профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуі үшін жағдай жасайды.

9. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіп­керлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.

10. Жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алу мен жүргізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

11. Міндетті және профилактикалық медици­налық тексеріп-қараудың уақтылы өткізілуі мен оны уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық қызметтер көрсету саласында қыз­метін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды.

 

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилакти­калық егілуге міндетті.

2. Профилактикалық егу жүргізілетін ауру­лардың тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзім­дерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Профилактикалық (иммундық-био­логиялық, диагностикалық, дезинфекция­лаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сатып алатын профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекция­лаушы) препараттарды сақтау уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.

 

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың профилактикасы:

1) мынадай:

салауатты өмір салтын және дұрыс тамақ­тануды насихаттау;

бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;

созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі көмек көрсету­дің қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру жолымен аурулар қатерінің мінез-құлық факторларының профи­лактикасын және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекітілген тұрғындардың аурулар қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қыз­метін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының – жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына жүргізетін мониторингін;

3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде, өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайтуды;

4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды халыққа медициналық тексеріп-қарау жүргізу, оларды дәрі­герге ертерек қаралуға уәждеу арқылы анықтауды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбула­ториялық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;

6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.

2. Жарақаттанудың профилактикасын сектор­аралық деңгейде мемлекеттік органдар – өз өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

 

158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) психикаға белсенді әсер ететін заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым салуды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері, оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар үлгілерінің жарнамасын шектеуді;

3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды профилактикалық байқауды және есепке алуды;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;

5) нашақорлықпен ауыратындарды ерікті түрде медициналық-санитариялық оңалтуды қамтиды.

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және заңды тұлғалар өздерінің құқықтары шегінде жүзеге асырады.

 

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу

1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалып­тастыруға, темекі шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механи­калық қондырғылар арқылы;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадион­дардың ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды – жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе, сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді;

9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

11) тармақшаның күшіне енетін мерзімін қара

11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымының зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса;

12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.

3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады.» деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.

5. Темекі шегуге:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану орындарында;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;

5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;

6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездар­дағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кеме­леріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондарында;

7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

6. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-тар­мағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.

7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жабдықталуға тиіс.

8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы зат­тардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді келесі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын табыс етуге міндетті.

9. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар – жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республика­сының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебінен жүргізеді.

10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республиткасының Үкіметі айқындайтын рұқсат етілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

11. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

12. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны туралы белгі орнатылуға тиіс.

13-тармақтың күшіне енетін мерзімін қара

13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уәкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) темекі бұйымының қорабының, темекі бұйымының қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық процентін алып жатуға;

2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;

3) жазулар және (немесе) сурет, пиктограмма, график түрінде орындалуға тиіс.

14. Алкоголь өнімін:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген белгілі бір күндер мен сағаттарда;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.

 

160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

1. Темір тапшылығы анемиясы – организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі.

2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилак­тикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байы­тылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;

3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйым­дарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

4) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минерал­дармен және басқа да заттармен байыту (фортифи­кациялау) принциптерімен жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витамин­дермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.

Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының про­филак­тикасы

1. Йод тапшылығы ауруларының профилак­тикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұл­ғалардың Қазақстан Республикасында йодтал­ған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әке­луге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қам­тамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйым­дарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;

3) йодталған ас тұзының және йод қосын­дыларымен байытылған басқа да тамақ өнімінің зиянды әсерінің салдарынан денсау­лығынан айырылған жағдайда, азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерімен жүзеге асырылады.

2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

7-Бөлім. донорлық және транспланттау

 

26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы

 

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі – донорлық) – қан мен оның ком­поненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру (донациялау) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы.

2. Донорлық донорды медициналық куәлан­дыру, одан қан алып дайындау, қанның компоненттерін бөлу және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:

1) қан тапсыру (донациялау) – донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу;

2) плазма тапсыру (донациялау) – қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

Алынатын плазманы иммундық сипатта­маларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара іс-әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады;

3) жасушалар тапсыру (донациялау) – донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:

1) қан компоненттері – қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлініп алынған құрамдас бөліктері;

2) қан препараттары – қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар алынады.

5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, өң­деу, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағи­даларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

 

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар

1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицен­зия­сы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

3. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында тө­тенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

1. Донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі карантиндеу, вирусинактивациялау, радиациялық сәулелендіру және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Донорлық қан мен оның компоненттері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сапасын бақылауға жатады.

3. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға және өткізуге тыйым салынады.

4. Донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын ден­саулық сақтау ұйымдары мен медицина қыз­мет­керлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

1. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жастан асқан жеке тұлға донор болуға құқылы.

2. Донор:

1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) өтеусіз жүзеге асыруға;

2) қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;

3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;

4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.

3. Донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті.

 

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

1. Донор қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) алдында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті тегін медициналық зерттеп-қараудан өтеді.

2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

 

167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер

1. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады.

2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

3. Адамды қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін тапсыру (донация­лау) күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады.

5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады.

6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді.

Донорға қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донациялаудың) жиынтық caнын ескере отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не Қазақстан Pecпубликасының Үкіметі белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.

8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Pecпубликасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.

 

168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері

1. Жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында:

1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқа­ру­дың жергілікті органдарына, мемлекеттік ден­саулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем кө


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 81; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты