Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстандағы діни конфессиялар




Статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 42 конфессия мен доминацияға жататын 4200 діни бірлестіктер мен қауымдар бар (2009 жылдың деректері). Қазіргі уақытта 3200 мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар бар.

Дінге сенетіндер арасында барлық әлемдік діндерді ұстанушылар бар: ислам, христиандық (православие, католицизм, протестанттық ағымдар), буддизм, сондай-ақ иудаизм, индуизм, ежелгі политеизм діндері және заманауи құрылымдар.

Қазақстанның конфессиялық спектрінде жергілікті халық үшін барынша дәстүрлі діндер – сунниттік мағынадағы ислам және орыс православиелік христиандығы маңызды орынға ие.

1990 жылы Республикада Қазақстан Мұслмандар діни басқармасы құрылды, қазіргі уақытта ол ресми тіркелген 2369 мешіттің басым бөлігін біріктіріп отыр. Соңғы деректер бойынша қазақстанда 24 ұлттан құралған 11 млн. мұсылман бар.

В 1990 г. в Республике было образовано Духовное управление мусульман Казахстана, объединяющее в настоящее время большинство из 2369 официально зарегистрированных мечетей. По последним данным в Казахстане насчитывается 11 млн. мусульман 24 национальностей.

Орыс православиелік христиандығының299 діни қауымы бар, Қазақстандағы қуатты діни бағыттардың бірі, Мәскеу патриархатының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Өзге конфессиялар өкілдері арасында төмендегілерді атап өтуге болады:

· Католицизм: ресми тіркелген 83 римдік-католиктік қауым және оған байланысты ұйымдар, ресми тіркелген 5 гректік-католиктік қауым.

· Протестантизм: ресми түрде 1267 ұйым тіркелген, оларда 543 діни құрылым бар. Қазақстанда баптистердің 2 тобы бар: Христиан-Евангелистер және баптистер одағы (Баптистер одағы), шамамен 10 ұстанушысы және 227 тіркелген діни тобы бар, сондай-ақ христиан-евангелистер және баптистер шіркеулерінің кеңесі (Шіркеулер кеңесі), шамамен 1 мың ұстанушысы бар. Едәуір ұстанушысы бар өзге де ресми тіркелген протестанттық діни топтар – бұл пресвитериандар, лютерандар және пятидесятниктер, сондай-ақ Иегов куәгерлері мен жетінші күн анвентистері; сонымен қатар методистер, меннониттер және мормондар шағым қауымдары бар.

· Иудаизм: Алматы, Астана, Өскемен, Қостанай, Павлодар қалаларында 5 синагога бар.

 

Өзге конфессиялардың 43 діни тобы бар,соның ішінде 4 буддизмдік, Кришна танымы қоғамының 12 бөлімшесі, Сайентология шіркеуі, бахаистер, христиан-ғалымдар және Бірлестік шіркеуі.

 

Ислам

Ислам Қазақстанның негізгі діни институты болып табылады.

Қазақстандағы ислам –Қазақстан Республикасының дінге сенетін халқы арасындағы ең көп таралған дін. 2009 жылғы санақ бойынша мұсылмандар халықтың 82,19 пайызын құрайды.

Қазақтар – ханафи мазхабының суннит дінін тұтатын мұсылмандар.

Заманауи Қазақстанның аумағында исламды тарату бірнеше жүзжылдыққа созылған үрдіс болды. Алғашында ислам VIII ғасырда Қазақстанның қазіргі аумағының оңтүстігіне енді. X ғасырдың соңына қарай ислам Жетіс мен Сырдариядағы отырықшы халық арасында бекіді. Ислам X ғасырда Жетісуда пайда болған Қарахандықтар түрік империясының дініне айналды. Сол дәуірдің ескерткіші – орта ғасырдағы ұйғыр жазушысы Жүсіп Баласағұнның (1015-1016) «Құтты Білік» шығармасы, онда ислам идеологиясы көрініс тапқан. Оған басқаша ойлауға төзімділік, діндегі пікірлер еркіндігін мойындау, шариғаттың ғұрыптық және құқықтық нормаларын сақтауда бірбеткей қатаңдықтың болмауы тән. Сонымен қатар, Қазақстанда исламға дейінгі дін тұтынумен, атап айтқанда зороастризммен және тәңіршілдікпен тікелей байланыса отырып ислам тереңдей түсті.

Қазақстанда исламды негізінен түркі және кавказ халықтары, сондай-ақ тәжіктер ұстанады. Қазақтар үшін өзге діндерге төзімділік, шариғаттың ғұрыптық және құқықтық нормаларын сақтауда бірбеткей қатаңдықтың болмауы тән.

 

Қазақстанда исламды негізінен қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, тәжіктер, қырғыздар, түркмендер, татарлар, башқұрттар, Солтүстік кавказдың бірқатар дәстүрлі ислам халықтары, әзербайжандар ұстанады (соңғылары көбінесе шиизмді ұстанады), сондай-ақ негізінен сунниттік мағынадағы исламды қабылдаған орыстар да бар.

 

Қазақстандағы христиандық


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 125; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты