Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бидай нематодасы, немесе угрица — Апgиіпа trtісі stеіпb.




Бұл нематода тиленхид (Туlenchidае) тұқымдасы, угрица туысына жатады; бидайдың барлық жұмсақ және қатты сорттарын залалдайды. Угрица әсерінен өсімдіктің жер бетіндегі мүшесінде (дәнде) беріш (галла) пайда болады. Бидай нематодасы Европа, Солтүстік Америка, Азия, Австралия және Солтүстік Африка елдерінде, сондай-ақ бұрынғы Совет Одағы мемлекеттері- Прибалтика, Украина, Қырым, Кавказ, Краснодар аймағында және Орта Азия Республикаларында кеңінен таралған.

Фитогельминттердің ішінде ең ірісі бидай нематодасы. Аталық нематоданың денесі жұмыр құрт тәрізді, екі жағы жіңішкерген, басы жапырылған, қүйрығы үшкір келеді. Аналық особьтарының үзындыгы 5 мм, көлденеңі 0,1-0,2 мм, өңеші жақсы дамыған, ас қорыту бездері ісінген, стилеті кішкене (9-11 мкм). Аналық үрық безі жақсы дамыған және оның алдыңғы жағы екі рет бүгілген, жатыры тар, бір мерзімде 20 дан артық жұмыртқа симайды. Аталық нематоданың пішіні жіңішке келеді, ұзындығы 1,9-2,5 мм, көлденеңі 0,07-0,1 мм соған байланысты олар жақсы қозғалады. Аталықтарында үлкен спикула, рулек және бурса болады.

Көктемде беріштегі нематодалар тұқыммен бірге немесе күзде астық дақылдарын жинағанда түскен галлалар арқылы топырақ залалданады. Осы галлалар болашақта инфекция көзі болады. Беріш ішінде ІІ-ші жастағы дернәсілдер анабиоз кезеңінде сақталады.

Көктемде топырақ ылғалының әсерінен беріштер ісінеді де, олардан ІІ-ші жастағы дернәсілдер шығып, ие-өсімдігін іздей бастайды. Личинкалар 15-20 см дейін жылжуы мүмкін, осы қозғалыста угрицаның 96% жойылады. Бидай өніміне жеткен дернәсілдер артынан жапырақ қуысына жиналады.

Бидайдың алғашқы даму фазасында нематодалармен қатты залалданса, онда өсімдіктің өсуі бәсеңдеп, жапырақтары бұралып калады. Осы мерзімде дернәсілдер өсімдіктің бетінде эктопаразиттер сияқты тіршілік етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері гүл түйінінің ішіне еніп, онымен коректенеді. Соның нәтижесінде бидай дәнінің орнына галла пайда болады. Дернәсілдер галла ішінде дамуын аяқтап, ересек бидай нематодасына айналады. Өткен циклдың дамуы 5-6 аптаға созылады. Әрбір беріш ішінде 1-6 аналык, және 2-7 аталық особьтар тіршілік етеді. Бір галла ішінде 40 дейін ересек бидай нематодасы кездесуі мүмкін.Ұрықтанған аналық нематода 2000- 2500 дейін жұмыртқа салады, жұмыртқадан дернәсілдер шыгып, галла қабығының шырышты тканімен қоректенеді. Түлегеннен кейін дернәсілдер тері қабатын тастамай, тыныштық қалыпқа (анабиозға) көшеді. Сырттай қарағанда бидай дәніне ұқсас кепкен галла ішінде орасан көп (17 мыңға дейін) дернәсілдер болады. Галла түсі кара-қоңыр, қабығы тығыз, қатты келеді, іші ақ ұнтақ заттарға толған. Су тамшысында, микроскоп арқылы мыңдаған дернәсілдерді көруге болады.Беріш ішінде ІІ-ші жастағы дернәсілдер кыстап шығады. Ылғалды топырақта галладағы личинкалар активтеніп, дамуының одан әрі созылуы келесі жылы көктемде байқалады.Угрицамен залалданған масақтар сауларынан өзгеше көрінеді. Ауруға шалдыққан өсімдік бойы ергежейлі болып, масақтарынан ұзындығы 2-3 рет қысқарып сабақтары қисайып өседі.Галла ішіндегі дернәсілдер анабиоз кезеңінде беріштермен бірге құрғайды. Галлаларға қолайлы жағдайда (температура, ылғал) личинкалар жанданып, қозғала бастайды. Бидайда анабиоз 27-28, ал қара бидайда - 39 жылға созылады.

Күрес шаралары. Мемлекеттік стандарт бойынша 1 кг түқымдық бидайда 1 галла болса, онда оны себуге болмайды. Соған байланысты тек таза түқымдарды пайдалану керек. Бидай нематодасынан түқымдық материалды арнайы машиналармен тазалау қажет. Астық дақыл; тры угрицалармен залалданғанда ауысиалы егісті сақтап, сол танапқа мәдени астық өсімдіктерін 1 -2 жылдан кейін себуге болады. Бір егістен екіншісіне нематодалар еріген қар және суармалы сулар арқылы таралуына тиым салып, залалданған дәндерді малдар мен құстарға жем ретінде беруге болмайды.

 

 

Сұлының циста түзуші нематодасы – Heterodera avenae Filipjev.

Бұл нематода Батыс Еуропа, ІІІығыс және Оңтүстік Азия, Африка, Солтүстік Америка, Австралия елдерінде таралған, ТМД жерінде алғаш 1936 жылы Свердлов облысында, кейін Батыс- Қазақстан және Алматы облыстарында табылған. Басқа циста түзуші нематодалар сияқты сұлы нематодасында жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аналық нематоданың пішіні лимон тәрізді, түсі сары, артқы жағында конус тәрізді өскіндері бар. Осы бөлікте анус және жыныс тесіктері орналасады. Тамырда орнықкан аналық нематодалардың түсі ақшыл, шырыш қабықша- мен жабылған. Кейін олар ұзындығы 0,6-0,8 мм, көлденеңі 0,4-0,5 мм цисталарға айналып, топыраққа түседі. Аталық нематоданың пішіні жіпше тәрізді, түсі мөлдір, ұзындығы 1,3-1,4 мм, диаметрі 35 мкм жуық. Құйрығы өте қысқа. Сұлы нематодасының негізгі қоректік өсімдігі - сұлы, бірақ онымен арпа, бидай, қара бидай да залалданады. Сонымен қатар жүгері мен құрақ қанттарда да кездеседі. Жалпы бұл нематоданың қорегі 50 астам әр түрлі өсімдіктер, оның ішінде арам шөптер, мысалы, қара сұлы. Нематода жылына бір ұрпақ береді. Паразит наурыз айының соңғы күндерінен шілдеге дейін активті тіршілік етеді де, анабиозға көшеді. Көктемде топырақ температурасы +4°С жоғарылағанда цисталардан дернәсілдер шыға бастайды. Олар бидай өскінінің жас тамырларына еніп, активті қоректенуге кіріседі. Алғашқы уақытта фитогельминттер түгелімен ие-өсімдіктің тамыр тканьдеріне еніп, сырттай байқалмайды. Ал маусым айында тамырдың бұтақталған бөлігінде көрінетін ақ түйіршіктер - аналық нематода пайда болады. Тамырдан шыққан кезенде аналық және аталық нематодаларды ажыратуға жеңіл. Соңғы түлеуден кейін аталықтар жіпше, ал аналықтар лимон тәрізді пішін алады.Ересек аталықтар кутикуласы бірте-бірте қарайып, кейін шұбарланып цистаға ауысады. Шілде айының екінші бөлігінде цисталар қалыптаса бастайды. Цисталар көбінесе (92% дейін) топырақтың 10-40 см тереңдігінде шоғырланады. Цистадағы дернәсілдер активтенуі үшін төмен температурадан өтуі қажет. Мысалы, цистадағы дернәсілдерді қозғалмалы жағдайга келтіру үшін, оларды 2-6 апта бойы 0 °С тоңазыту қажет. Сұлы нематодасымен залалданған өсімдіктің сабағы қысқарып, жапырақтары ерте сарғаяды; олардың зиянкестерге, ауруларға табиғаттың қолайсыз жағдайына төзімділігі төмендейді. Ауырған өсімдіктердің тамыр жүйесі көп тамырлы болып топырақтың беткі бөлігінде қалыптасып, түсі қараяды. Нематодамен залалданған өсімдікгер нашар түптенеді. Гельминттердің. әсерінен өсімдіктерге су мен қоректік заттардың енуі баяулап, соған байланысты олар ашығады.Залалданған өсімдіктер түсі ала-құла болып, курап егістік ондаған шаршы метрге дейін тазданады. Бұл дақылдардың бойы қысқа келеді және сирек өседі. Кейбір жылдары осындай есімдік- тердің көлемі 50-100 га жетеді. Құрғақ жылдары астық қарқынды залалданып, өнім 25-70% жойылады.

Курес шаралары. Сұлының циста түзуші нематодасына қарсы негізгі күрес шарасы - ауыспапы егісті сақтау. Нематода кездесетін танаптарға астық дақылдарын 3-4 жылдан кейін егу керек. Бұл фитогельминтпен бұршақ, қарақұмық, тары жене т.б. залалданбайды. Сұлы нематодасына дәнді дақылдардың төзімді сорттарын шығарып енгізу қажет. Ерте егілген дәнді дақылдар фитонематода мен аз залалданады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 282; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты