Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бидай гүл кенесі – Steneotarsonemus panshini Wainst.et.Begl.




Түрліше тырнақшалылар (Tarsonemidae) тұқымдасына жатады. Ол Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында таралған.

Аналық кене сарғылт түсті, денесі сопақша келеді, ұзындығы 0,2 мм, артқы аяқтары басқаларына қарағанда жіңішке, тырнақтың орнына екі қылшықпен бітеді. Аталық кішірек, ұзындығы 0,15 мм, жұмыртқа тәрізді, артқы аяқтары қысқа. Аяқтарында бір тырнақтары бар. Жұмыртқасы эллипс тәрізді, ақ түсті, ұзындығы 0,1 мм. Дернәсілдері ақтүсті, үш жұп аяқты.

Бұл кене олигофаг. Олар бидай, сұлы және арамшөптердің бірнеше түрлерімен (бидайық, мысыққұйрық, қызылот, арпабас, суоты) қоректенеді. Жаздық қатты бидай сорттары гүлдену мерзімінде кенемен зақымдалса, олардың масақтарында дән қалыптаспайды, өнім шығымы бірнеше рет төмендейді. Мысалы, Г. А. Бегляров пен Р. А. Васильевтердің (1962) айтуы бойынша Ресейдің Волгоград облысында кенелер жайлаған егістікте бидайдың өнімділігі 1,7-4 ц/га болса, ал зиянкеспен залалданбаған танаптарда 12,8-13 ц/га жеткен.Ұрықганган аналық кене топырақтың беткі қабатында немесс астық тұқымдас шөптерде қыстап шығады. Көктемде олар бидай мен сұлы егістігіне ауысып, осы дақылдар өскіндері сабағының буынаралықтарының үстіңгі бетіне еніп, сол жерге жұмыртқаларын салады. Қатты бидай сабақтанған және масағы пайда болған кезде кененің саны көбейіп кетеді. Кенелер гүлдің ішіне еніп, оның шырынымен қоректенеді. Өсімдік аталықтары мен аналықтары деформацияға ұшырап, ал гүлдер ұрықтанбай қалады. Ылғалды масақтар қарайып кетеді де, саңырауқұлақтар тудыратын ауруларға шалдығады.

Егінді жинар алдында кенелер көк өскіндерді мекендейді немесе қыстақ жағдайына көшеді. Бидай гүл кенесі жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Сұлы, астық тұқымдас шөптерде және кейбір жұмсақ сортты бидайда, олар тек қана өсімдіктердің сабағында кездесіп, гүлдеріне зақым келтіреді.

Күресу шаралары. Агротехникалық тәсілдер: ауыспалы егіс жүйесін сақтау, бидайдың қатты түрлі сорттарын танаптарға 2-3 жылдан кейін ғана себуге болады. Бидайдың катты түрлі сорттары егілген танаптарды парға қалдыру және бидайдан соң жүгері, картоп, күнбағыс, тары дакылдарын егу ұсынылады және сонымен катар парларда арам шөптерді жою жұмыстары жүргізілуі қажет.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 116; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты