Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Астық немесе дән кенесі –Siteroptus graminum Reut.




Түйе кенелер (Руеmotidае) тұқымдасына жатады.Қазақстанның солтүстік облыстарында кездеседі.Аналық кене сарғылт немесе қызғылт сары түсті, ұзындығы 0,2-0,25 мм. Аталығы кішірек, ауыз мүшелері жетілмеген, ішектің артқы бөлігі мен анальдық тесігі жоқ.

Астық кенесі арпа, бидай, кара бидай, сұлы, жүгері және астық түқымдас жабайы өсімдіктермен де қоректене алады. Кенелердің зақымдауы салдарынан жас өсімдіктердің орталық жапырағы немесе өркені тұтасымен солып калады. Ал жетілген өсімдіктердің сабағының ең жоғары бөлігі бұралып калады және масағы жартылай немесе тұтас агарып кетеді.

Ұрықганған аналық кенелер күздік дақылдардың тамыр мойнына жақын бөлігінде, көп жылдық астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақ қынабында және аңыздықтарда өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Жаңадан көктеп шықкан астық дақылдарының өскіндеріне көшеді де, алғашқы кезде өсімдік сабақтарында, жапырақтарында, одан соң (сабақтану фазасында) жоғарғы жапырақтың астында қоректенеді. Астық кенесі тірі туу жолымен өсіп дамиды. Ұрықтарының дамуы (олардың саны 500- ден 1000-ға дейін) аналықтың ішінде өтеді. Осы кезде аналық кененің денесі алмұрт тәрізді болып, үлкейіп кетеді. Даму аяқталған кезде аналық кененің іші жарылады да, одан жаңа особьтың ұрпақтары шығады. Олардың ішінде аталық кенелер, нимфалар, тіпті ұрықганған аналық кенелер де кездеседі. Бұл кене жылына 4-5 ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау: зиянкес жайлаған егіннің шетіне таяу өскен астық тұқымдас шөптерді шауып тастау немесе гербицидтермен өңдеу. Кенемен залалданған шептерді тұқымдыққа қалдыруға болмайды.

 

Астық немесе дән кенесі - Аталығы


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 105; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты