Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Логистиканың сервис сферасындағы рөлі мен маңызы.




Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралыгын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына эсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жүмысшылардың, өнеркэсіп жэне көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа жэне айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркэсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық эдісті колдану арқасында алынған эсерлі нэтижелерімен түсіндіріледі.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылыгындагы жоғаргы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңгы қатарлы фирмалардагы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе қүра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оган көлікті, койма шаруашылыгын, корларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің үйымдастырылуы, коммерциялық қызмет жэне т. б. жатады. Аталған эрбір функция сәйкес салалық пэнде терең зерттеліп, баяндалган. Логистикалық тәсілдің жаңалыгы - негізгі озара байланыс. Логистикалык эдістің мақсаты - материалды агымдарды толассыз басқару.

Материалды агымдарды басқару эр уақытта шаруашылык қызметтің маңызды жагы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында гана экономикалық омірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі - өндірістік жэне логистикалык сервис жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талгамына жылдам икемделуі қажеттігін тугызган сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалык ассоциациялар, ұйымдар мен қогамдастықтар қүрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас жэне белсенді дамушы гылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңгы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалык өндірістік, логистикалык сервис, көлік жэне ақпараттық жүйе- лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.%

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық эдебиетінде логистикалык мәлелердің алатын орны маңызды жэне оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналган.

Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді жэне ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарга көшуінің бастауымен сай келді. Отандык бизнестегі логистикалык көзқарастың мүмкіндіктерін жэне карқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы элеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан жэне экономикалық реформалар кадамының болжамынан бөліп-жарып қарауга бол май ды.

Бизнес практикасына логистикалык менеджмент эдістерін енгізу көптеген фирмаларга өндірістегі, жабдықтаудагы жэне өткізудегі онімнің барлық қор түрлерін қысқартуга, айналым капиталының айналымдылыгын жеделдетуге, ондірістің озіндік кұнын томендетуге, бөлуге тиісті шыгындарды төмендетуге, тауарлар жэне кызметтермен түтынушылардың толық канагаттандырылуын камтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы түргыдан зерттеу жұмысының озектілігін коруге болады.

Бітіру жұмыстың мақсаты - отандық кәсіпорындардың дамуында логистикалык әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық жэне практикалық негіздеу болып табылады.

Жүмысты жазу барысында жүмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

- логистика тарихын, эволюциясын, үгымы мен мазмүнын ашу;

- логистика әдістемелерін, оны қолданудагы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру;

- шет ел кәсіпорындарында логистикалык концепциялар мен эдістерді колдану тәжірибесін талдау;

- Қазақстан Республикасы кэсіпорындарында логистикалык сервисті жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.

Практикалық логистиканың пайда болу жэне даму тарихы коне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде "логистер" немесе "логистиктер" деген мэртебесі бар қызметкерлер болган. Олар азық-түлік онімдерін болумен айналысқан. Біздің дэуірдің бірінші мыңжылдыгында бірқатар елдердің эскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету жэне олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VI Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды эскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.

Дарынды әскер басшылары қажет уақытта жэне керекті орыннан табылган қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарагының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын эр уақытта түсінген. Адамзат тарихындагы бүкіл соғыстар эскерлерді жабдықтаудың үйымдастырылуына байланысты жеңіліп немесе жеңіске үшырап отырған

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, эсіресе американдык эскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери онеркэсіптің, тылдағы жэне фронттагы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті молшерде қару-жарақпен, жанар-жагар май материалдарымен жэне азық-түлікпен уақтылы жэне жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады .

 

 

МММММ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 303; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты