Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жердің бұрыштық және Күннің аспандық координаталары




Жердің географиялық торы жер бетіндегі нүктелердің орлналасуын анықтауға мүмкіндік береді (5.5-сурет). Ол үшін екі географиялық координата қолданылады: еңдік және ұзақтық .

Жер шарын, экватор жазықтығына параллель жазықтықтар мен қиятын жазықтықтың сызықтарын параллель сызықтар деп аталады .

Жер шары беттерінің жазықтықтарын, жердің айналу осі арқылы қиятын жазықтықтардың сызықтары меридиандар депаталады.

Георгафиялық ендік – бұл экватор жазықтығы мен нүктедегі тік сызық арасындағы бұрыш, ол 5.5-суреттегі көрсетулермен анықталады да мен белгіленеді. Ендік нөлден (экваторда) 90о-қа дейін (полюстарда). Солтүстік және Оңтүстік полюс жағындағы ендіктер сәйкесінше солтүстік не оңтүстік ендік деп аталады.

 

5.5-сурет. Жердің географиялық торы

 

Георгафиялық бойлық – бастапқы болатын меридиан жазықтығымен нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығының арасындағы бұрышты айтады. Бастапқы (нөлдік) меридиан деп Гринвич астрономиялық обсерваториясы (Англия) арқылы өтетін мердиан қабылданған (5.5-сурет).

Бойлық нөлдік гринвич меридианынан саналады 0-ден 180о аралығында шығысқа немесе батысқа қарай, сәйкесінше оны шығыс немесе батыс бойлық деп айырады.

Аспан координаталары:

1. Горизонталдық координат жүйесі

Бұл жүйеде (5.6-сурет) негізгі шеңберлермен салыстырмалы түрде шырақ (Күннің) орны анықталады ол нағыз көкжиек пен аспандық меридиан, оның координаталары Күн биіктігі (h) және оның азимуты (A).

5.6-сурет. Горизонталдық координат жүйесі

 

 

Күннің Жердің кез келген нүктесінде көрінетін бағыты осы екі бұрыштармен анықталады.

Күннің көкжиектің үстіндегі биіктігі h – горизонтальдық жазықтық пенбақылау нүктесінен күнге бағытталған осы нүкте арқылы өтетін аралық бұрыш.

Күннің А азимут бұрышы – меридиан жазықтығы мен вертикаль жазықтықтың бақылау нүктесі мен күн арқылы өтетін аралық бұрыш.

Z зениттік бұрышы – Күнге және зенитке (Z) бағытталған аралық бұрыш. Бұл бұрыш күн тоқырауының биіктігіне қосымша h + z =90°.

Жер күнге оңтүстік жақпен тұрғанда, азимут нөлге тең, ал бұл кезде биіктігі ең жоғары шегіне жетеді. Осыдан тал түс деген ұғым шығады, ол күн уақыт басы болып саналады (немесе тәуліктердің екінші жартысы).

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 583; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты