Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге беру.




1. Кепіл берушіге жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесі кепіл мәні болуы мүмкін.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жер учаскесінің және жер пайдалану құқығының кепіліне жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ережелер қолданылады.

3. кепілге салынған жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы осы Кодекске орай жер учаскесіне құқығы жоқ тұлғаларға қатысты кепіл ұстаушының меншігіне айналған жағдайда осы Кодекстің 66 – бабында белгіленген нормалар қолданылады.

Жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салуды шектеу:

1. Жер учаскесіне немесе жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға тыйым салынған жағдайларда (осы Кодекстің 33 – бабының 2 – тармағы және 36 – бабы) жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.

2. Егер жер учаскесінің бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес дербес учаске ретінде пайдалану мүмкін болмаса, жер учаскесінің бұл бөлігін немесе оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.

Кепілге салуға берілген жер учаскесінде немесе оның кепілге салуға берілетін бөлігінде орналасқан үйді (құрылысты, ғимаратты) бір мезгілде кепілгге салмай, бөлінетін жер учаскесін түгелдей немесе оның бір бір бөлігін не бүкіл жер учаскесіне немесе оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.

Бөлінбейтін жер учаскесінде орналасқан үйді (құрылысты, ғимаратты) бір мезгілде кепілге салмай, бөлінбейтін жер учаскесін немесе оған жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.

Үй (құрылыс,ғимарат) орналасқан және оны пайдалану үшін қажетті, бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігіне жер пайдалану құқығын қоса кепілге салмай, не үй (құрылыс, ғимарат) орналасқан бүкіл бөлінбейтін жер учаскесін немесе бүкіл бөлінбейтін жер учаскесіне жер пайдалану құқығын бір мезгілде кепілге салмай, ол үйді (құрылысты, ғимаратты) кепілге салуға жол берілмейді.

Жер учаскесінің бір бөлігіне кепілді белгілеген кезде осы кодекстің 36 – бабының 3 – тармағында көзделген талаптар сақталуға тиіс.

3. Жер учаскесін жалдау нысанында ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығын жалдау шартының қолданылу мерзіміне кепілге салуға жол беріледі.

Қысқа мерзімді өтеулі уақытша және өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.

Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесін немесе сондай жер учаскесіне жер пайдалану құқығын кепілге салу.

1. Бөлінетін жер учаскесінде орналасқан үйді (құрылысты, ғимаратты) кепілге салу, егер тараптардың келісімімен жер учаскесінің көрсетілгеннен үлкен бөлігі немесе жер учаскесінің бөлігіне жер пайдалану құқығы не бүкіл жер учаскесі немесе бүкіл жер учаскесіне жер пайдалану құқығы кепілге берілмесе,үй (құрылыс,ғимарат) орналасқан және оған қызмет көрсету үшін қажетті, бөлінетін жер учаскесінің бөлігі немесе бөлінетін жер учаскесінің бөлігіне жер пайдалану құқығы бір мезгілде кепілге берілетінін білдіреді.

Бөлінбейтін жер учаскесінде немесе онда орналасқан жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету үшін арнайы белгіленген жер учаскесінде орналасқан үйді (құрылысты,ғимаратты) кепілге салу сонымен бір мезгілде бүкіл жер учаскесінің немесе бүкіл жер учаскесіне жер пайдалану құқығының кепілге берілетінін білдіреді.

Үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) кепілге салу кезінде тиісті жер учаскесінің немесе оның бөлінетін бөлігінің не жер учаскесіне немесе оның бөлінетін бөлігіне жер пайдалану құқығының құны ескерілуі тиіс.

2. Егер бөлінбейтін жер учаскесінде ортақ меншіктегі (өзге де ортақ заттық құқықтағы) үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан болса, үйді (құрылысты, ғимаратты) кепілге салу сонымен бір мезгілде үйді (құрылысты, ғимаратты) орналастыру, күтіп – ұстау және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің кепілге салынатынын білдіреді. Егер аталған жағдайларда кепіл мәні үйдің (құрылыстың, ғимараттың) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінген бөлігі немесе ортақ мүлікке құқықтағы үлес болса, кепілге берілген үй (құрылыс,ғимарат) бөлігінің көлеміне сәйкес келетін жер учаскесіндегі үлеске кепіл бір мезгілде белгіленеді. Кондоминиум объектісінде орналасқан үй – жайды кепілге салу сонымен бір мезгілде кондоминиумға қатымушылар арасындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын ортақ мүліктегі және жер учаскесіндегі үлестің де кепіл мәні болатынын білдіреді.

3. Мемлекеттік жер пайдаланушылар аталған жер учаскесінде орналасқан үйді (құрылысты, ғимаратты) және оның осы үй (құрылыс,ғимарат) орналасқан, оған қызмет көрсетуге арналған бөлігін кепілге айналдырған жағдайда ғана өздеріне тиесілі тұрақты жер пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы (осы Кодекстің 39 – бабының 2 – тармағы).

Жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге салу тәртібі.

1.Жеке меншік құқығында немесе уақытша өтеуі ұзақ метзімді жер пайдалану құқығында жер учаскерлері бар жеке және мемлекеттік емес заңды тұғалар кепілге беруші бола алады.

Мемлекеттік жер пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда өздеріне тиесілі тұрақты жер пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы.

2. Жеке және заңды тұлғалар кепіл ұстаушылар болуы мүмкін.

3. Ортақ бірлескен меншіктегі немесе ортақ бірлескен жер пайдаланудағы бөлінбейтін жер учаскесін кепілге беруге ортақ меншікке немесе ортақ жер пайдалануға қатысушылардың барлығының жазбаша келісімі болған кезде жол беріледі.

Жер учаскесіне ортақ үестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалануға қаиысушы өз үлесін ортақ меншікке немесе ортақ жер пайдалануға басқа қатысушылардың келісімінсіз кепілге салуға құқылы.

4. Ортақ меншік құқығында жер учаскерлері бар тұлғалар бар ортақ меншікке қатысушылардың жалпы жиналысының шеешімі негізінде жер учаскерлерін кепілге сала алады.

Мемлекеттен төлеу мерзімі ұзартылып жеке меншікке сатып алынатын жер учаскерлерін кепілге салуға осы Кодекстің 24 – бабының 4 – тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жол беріледі.

5. Жер учаскесін немесе жар пайдалану құқығын кепілге салу үшін жеке және заңды тұлғалар ықтимал кепіл ұстаушыға:

- оның жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды (жер учускесіне жеке меншік құқығы актісін; уақытша өтеуі жер пайдалану (жалдау) құқығын актісін; тұрақты жер пайдалану құқығы актісін (мемлекеттік жер пайдаланушылар үшін));

- жер учускесін құқықты тіркеу туралы;

- ортақ бірлескен меншікке немесе ортақ бірлескен жер пайдалануға қатысушылардың жазбаша келісімін;

- жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығының кадастралық (бағалау) құны актісін;

- жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің бағалау актісін;

- жер учаскесі шекарасының жоспарын;

- шарт жасасу мерзімінде кепіл салушыға белгілі болған ипотекаға қатысты үшінші тұлғалардың барлық құқықтарының тізбесін (кепілге, пайдалану, жалдау, сервитут құқықтарын, жер учаскесіне немесе жер пайдалану құқығына басқа да ауырпалықтары);

- жер учаскесі бойынша сенімді деректерді белгілеу үшін қажетті басқа да материалдарды табыс етеді.

Жер учаскесінің бөлігін немесе оған жер пайдалану құқығын кепілге беру кезінде жер учаскесінің жалпы жоспарында оның кепілге беруге көзделген бөлігі көрсетілуге тиіс.

6. Жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының кадастрлық (бағалау) құны актісін, сондай – ақ жер учаскесі шекарасының жоспарын – жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің бағалау құны актісін және жер учаскесіне немесе жер пайдалану құқығына ауыртпалықтардың болуы (болмауы) туралы мәліметтерді жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу органдары белгіленген тәртіппен береді.

7. Жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құны туралы екі жақты келісімге қол жеткізілген кезде, негізгі міндеттеменің белгіленіп отырған сомасын жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу туралы шарт екі дана етіп жасалады.

Ипотекалық кредитті қамтамасыз ету үшін жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу туралы шартқа осы учаскенің шекарасы жоспарының көшірмесі қоса берілуге тиіс.

8. Ипотека туралы шартта жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кредиторға немес үшінші тұлғаға беруді, мақсатына сәйкес ипотека туралы шарт бойынша кепілге салынған меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскесін кепілге берушінің және (немесе) үшінші тұлғалардың оны пайдалану құқықтарын шектеуді, сондай – ақ бұл учаскеден жеміс және табыс алуды көздеуге болмайды.

9. Кепілге беруші кепіл ұстаушының талабы бойынша оның құқығын ипотекалық куәлік берумен растай алады, бұл ретте кепіл туралы шарттың барлық даналарында оның берілгендігі туралы тиісті жазба жасалады.

Ипотекалық куәлік бір дана етіп жасалып, кепіл ұстаушыға беріледі.

Жер учаскесін немес жер пайдалану құқығын кепілге салу туралы шарттың, сондай – ақ жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығына берілген ипотекалық куәліктің нысаны мен мазмұны жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келуге тиіс.

10. Егер кепіл туралы шартта өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар кепіл ұстаушыға немесе сенімді тұлғаға беріледі.

11. Ипотека құқығы кепіл туралы шарттың және ипотекалық куәліктің жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмәлелерді жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркелетін органдарында мемлекеттік тіркеу кезінен бастап туындайды.

12. Борышкер негізігі міндеттемені орындамаған жағдайда кепіл ұстаушы жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз талаптарын қанағаттандыруға құқылы.

Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салуды тіркеу.

Жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

2. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы: Данекер, 2001.

3. Архипов И.Г. Земельное право РК. Алматы, 1999.

4. Ерофеев Б.В. Земельное право России. Общая, особенная части. М.: Новый юрист.,1998.

5. Петров В.В. Земельное право России. Стоглавъ, 1995.

6. Боголюбов С.А. Земельное право. М., 1998.

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Жер құқығы және оған деген басқа да заттық құқықтар. Право собственности на землю и иные вещные права на нее // Заң консультациялары . - 2004. №2.

2. Мұстафаев С. Жер пайдалану қатынасындағы экологиялық және экономикалык мүдделердің кейбір ерекшеліктері //Заң.- 2004. - №6.

3. Мұстафаев С.,Жетібаев Ж. Жер төлемдерінің құқықтық-танымдық ерекшеліктері // Заң. - 2005. - №8.

4. Мұстафаев С. Тұрақты жер пайдалану құқығының түсінігі мен оның тарихнамасы // Заң және заман. - 2004. - №8.

5. Мұстафаев С. Жер құқығы жүйесіндегі тұрақты жер пайдалану құқығының қалыптасуы мен даму белгілері // Ізденіс - Поиск: Сер. Гуманитарная. - 2002. №2.

6. Тұрсынбеқұлы Н. Қазақстан Республикасындағы жер реформасының болашағы мен даму жағдайы // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - 2005. - №3.

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы.30.08.1995ж. // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 4, 217-құжат.

2. Қазақстан Республикасы Жер Кодексі. 20.06.2003ж. // Қ1.3. азақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994ж. // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысы, 1994 ж., № 23-24.

4. Қазақстан Республикасының «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы. 31.03.1998ж. // ҚР Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №2-3

5. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңы. 26.07.2007 ж. // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат;

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін белгілеу туралы» қаулысы. 2.09.2003 ж. №890 // Егемен Қазақстан, 5.09.2003 ж., №255.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» қаулысы. 22.08.2003 ж. №851. // ҚР ПҮАЖ, 2003 ж., №35, 351-құжат.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 13.11.2003 жылғы №1140 қаулысы. // ҚР ПҮАЖ, 2003 ж., №43, 464-құжат.

9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлердің санаттарының тізімін бекіту туралы» қаулысы. 8.09.2003 ж. №908 // ПҮАЖ, 2003, №36, 368-құжат

10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі N 6 Нормативтік қаулысы // Егемен Қазақстан, 2007 жылғы 28 шілде N 218-220 (24794)

11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2007 ж., N 1

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 239; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты