Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге асыру тәсілдері




 

1. Экономика мамандықтары бойынша жоғары білім мектебін бітіріп жатқан жастардың біразы алған негіздерді білмейтінін өмірде жиі кездестуріге болады. Бұған себепкер болған факт 90-шы жылдардың басында «Экономиканы жоспарлаудың керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі – ақ реттейді» - деген тұжырым жасалған болатын. Енді кейінгі жылдары халық шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялық жағынан да болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді. Сондықтан да осы жылдар ішінде экономиканың дамуын болжау мен жалпы мемлекеттік жоспарлардың керек екендігін сан рет қайталаған Президент 1997 жылдың наурыз айының бас кезінде тікелей өзіне бағынатын стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның басыңқы бағыттарын анықтау және стратегиялық жоспарлау жасау арқылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.

Кез-келген мемлекеттің қоғамдық өмірі болашақты анықтаусыз, алдағы даму жолын болжамдаусыз жалғасуы, дамуы мүмкін емес. Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.

Сондықтан, қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.

Болжам дегенімізбелгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді көрсетеді. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Экономикалық болжау процесі экономиканың даму перспективасын анықтайды, ойланып жасалынған стратегия, анықталған болашақ мақсаттар. Болжаудың екі түрі бар: жеке және комплексті экономикалық болжау.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды әдісі – жоспарлау. Ол ұдайы өндіріс үрдісіне мақсатты бағытпен ықпал ету бойынша тапсырмаларды дайындау арқылы жүзеге асырылады. Жоспарлар – бұл еліміздің экономикасын дамыту бойынша белгіленген негізгі мақсаттарды көрсететін көрсеткіштер мен міндеттер формасындағы құжаттар болып табылады. Олар директивалық және индикативтік сипатқа тән.

Жоспарлауды реттеу және басқару жүйесінде басқару жүйесі сапалы түрінде, әлеуметтік үрдісті мемлекеттік ретеу, әлеуметтік-экономиканы тиімді бағалау, әлеуметтік және экономикалық нормативтер жүйесі, баланстық әдістер, сызықтық бағдарламалау, оптимизациялаудың теориясы мен әдістері, макропропорцияны мемлекеттік реттеу, ұдайы өндірістің баға, сыртқы экономикалық қатынас пен байланыс құрылымы ретінде болуы қажет.

Теория мен іс-тәжірибеде Қазақстанда ұзақ уақыт бойындағы тоқырау кезеңінде жоспарлауды жаңарту, жетілдірілген қағидаларды құру бақыланып отырды. Мұндай жағдайдың негізгі себептері келесідей түрде негізделген:

- өндіріс құралын мемлекеттендірудің догматизм қағидасы мен халық шаруашылығын жалпы орталықтан жоспарлы басқару олардың өзара іс-қимылында меншік формалары арасында тосқауыл барын анықтады. Мемлекеттік колхоз – кооперативтік меншік және қоғамдық ұйым меншігін жоспарлау бірдей директивалық қағида негізінде жүргізілді;

- өндірістік үрдісте жоспарлы және нарықтық қатынасты қателікпен қарама-қарсы қою; өнімді бөлу және тұтынуда экономикалық қатынас, байланыс, баға құру жүйесін деформацияға әкелді; шаруашылық тәжірибеде стимулдың және мүдденің әлсіреуіне әкелді;

- социализм тұсында саяси экономикалық формуланы терістеу немесе тауар ақша қатынасының ерекше сипатын іздену әлеуметтік- экономикалық үрдісті қамтамасыз етуде баға мен ақша – несие жүйесін әлсіретті және нақты ғылыми теория, жоспарлау методологиясы өз көрінісін таба алмады;

- тұтынудың алдыңғы қатардағы өсу қағидасымен үйлесе отырып, соңғы тұтыну құралы ретінде алдыңғы қатарлы өндірістің өсуінде догматикалық қағидасы өндірістің, тұтыну, бөлудің барлық элементтерінің тепе-теңдігін ғылыми-жоспарлауды әдістемелік негізде қарсы іс-қимыл жасады;

- халық шаруашылығының даму серпінін бағалаудағы жалпы жанасу мемлекеттің және экономиканың сапалық көрсеткішінің қатаюына көп мән бермей, керісінше сандық басқару құрылымына көңіл бөлді, бұл қор сыйымдылығын, материал сыйымдылығын, дамудың экстенсивті типін,ғылымды, жаңа техника мен технологияны бағалай алмауын көрсетті.

Мемлекет нарықтық экономика жағдайында өзіне қатысты меншік қызметін жоспарлай алмайды:

- тауар айналымы мен өндіріске салық салу және бекіту, жеке және заңды тұлғаның табысы мен мүлкін, табиғи ресурстарды пайдалануға;

- мемлекеттік аппаратты ұстау үшін бюджеттік шығын жұмсауға, мемлекеттік қажеттілік үшін өнімді сатып алуға, салаларға, аймақтарға және шетелдік мемлекеттерге көмек көрсету, жеке топтағы азаматтарды қолдау;

- мемлекеттік заемды тарту, жабу және қызмет көрсету;

- мемлекеттік мүлікті қамту, сату және қолдану;

- мемлекеттік кәсіпорындар қызметі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің өте маңызды алғы шарты бағдарламалау болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ғылыми негізделген жүйесін айтамыз. Уақытша орта мерзімдегі дайындық бағдарламасы 4-7 жылға құрылады. Бұл толығымен аяқталған болып табылады. Бір жағынан, олар даму бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруда орындаушы үкіметтің ротациялық уақыт кезеңімен дәл келеді. Басқа жағынан, аз уақыт мерзімінде отандық экономиканың көлемін есепке ала отырып, басқарушылық іс-әрекеттің қажетті сезімталдық әсер алуында.

Бағдарлама – бұл әлеуметтік-экономикалық дамуда белгілі сапалық және сандық мақсаттарға жетуге бағытталған әлеуметтік, құрылымды-инвестициялық, қаржы-несиелік, салықтық, бюджеттік, баға, сыртқы экономикалық, аграрлық, ғылыми-техникалық, институтционалдық саясаттар аумағында қарсы тұрмайтын шаралардың, локальды уақыт пен кеңістіктегі кешенді айтамыз.

Болжам – бұл экономикада ұдайы өндірістік үрдістің өзгеру мүмкіндігінің ағымдағы жағдайы мен нақтылығынан жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселенің бағыттарын шешуде, халық шаруашылығының потенциалды бағыты мен альтернативті дамуындағы профессионалды және маңызды ғылыми талдауы болып табылады.

Бағдарлама мен болжамның соңғы қорытындысы елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау болуы тиіс. Бұл бөлікте мыналар қамтылуы тиіс: жалпы экономикалық жағдайға объективті түрде бағалау, дамудың позитивті және негативті тенденциялары, өсудің көзі мен қысқа орны.

Бағдарлама дегеніміз белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстары, мерзімі шектелген нақты және комплексті шаралар жиынтығы. Бағдарлама түрлері мемлекетік, аймақтық, салалық, әлеуметтік болып бөлінеді.

Мемлекеттік аймақтық бағдарламалар әлеуметтік экономикалық (табыстар деңгейінің төмендігі, кен орындарын игеру салдарынан туатын жұмыссыздардың жоғары деңгейі бәсекелестің шарттың өзгеруі), экологиялық (апатты жағдайлар, климаттың өзгеруі) сипаттағы нақты өлшем көрсеткішіне, мемлекеттің арнаулы экономикалық немесе техника, технологиялық мүдделеріне арнаулы экономикалық аймақтар, технополистер сүйенуге тиіс. Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады, ал сыртқы және жергілікті көздер олар үшін басқаша шешімдер қабылдау жолымен тартылуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар арнаулы заңдар негізінде жүзеге асуы тиіс. Әрбір аймақ өз мүмкіндіктері аясында өзінің экономикалық саясатын, яғни табыс табу негізін заңмен тиянақтау мен өкілеттілікті өзін-өзі басқару туралы заңдар аймағында жүргізілуі мүмкін. Стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары аймақтық саясаты іске асыру механизмі болып табылады

 

2. Болжау - қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын маңызды түйін болып табылады. Ол негізінде екі мағынада көрсетіледі:

1. Болжап айту - бұл мәселенің болашақтағы перспективасын, жәй-күйін суреттеп, бейнелеу.

2. Болжап көрсету - мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалан отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.

Яғни, біз болжау мәселесіне екі тұрғыдан теоритикалық-танымдық және басқару тұрғысынан қараймыз.

Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау дегеніміз – экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды реттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жәй-күйдің айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар. Ол гипотеза (жалпы ғылымдық болжау), болжам және жоспар. Гипотеза – бұл жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді.

Болжамдау мен жоспарлаудың экономиканы реттеу қызметі ретіндегі қажеттіліктері төмендегі жағдайлармен анықталады:

- алдағы тиімді жағдайларды қажетті уақыттарында сапалы пайдалануға мүмкіндік береді;

- алда болатын мәселелерді алдын-ала білуге қол жеткізеді немесе мүмкіншілік жасайды;

- басқару органдарына іс-қимыл жоспарларын, бағдарламаларын, қабылданған шешімдерін сапалы іске асырылуына мүмкіндік береді;

- экономика салаларындағы экономикалық қатынастарды ұтымды үйлестіруді, реттеуді жақсартуға қол жеткізеді.

Экономикалық болжамдар негізінде:

- қоғам дамуының мақсаттары және экономикалық ресурстары анықталады;

- ұзақ, орта мерзімді индикативті жоспарлардың экономикалық тиімді іске асырылу мүмкіндігі жоғары балама жолдары анықталады;

- қоғамның әлеуметтік - экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттары тұжырымдалады;

қабылданған шараларды іске асыру кездегі жақсылықтары мен кемшіліктері қандай деңгейде болу мүмкіндігін анықтауға болады.

Экономикалық болжамдар келесідей төрт топқа жіктелінеді:

1. Болжау кеңістігіне байланысты: макроэкономикалық(халық шаруашылығының), құрылымдық «салааралық және аймақаралық), экономикалық кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіп кешені, инвестициялық).

2. Болжау мерзіміне байланысты: оперативті (1 айға дейін); қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімдік (1 – 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5-15-20 жылға дейін).

3. Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму болжамы; ғылыми-техникалық прогрестің даму болжамы, халық шаруаышылығы дамуының динамаикасы, еңбек ресурстарының даму болжамы, табиғи ресурстарды пайдалану болжамы.

4. Фунционалдық белгісі бойынша: барлау және нормативтік болжамдар. Барлау болжамдары зерттеу объектісінде бұрын және қазіргі кезде қалыптасқан тенденциялар келешекте өзгермейтіндігіне негізделген. Ал нормативті болжам алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу объектісінің ықтимал хал-күйіне мерзімді, қандай жолдармен жететіндігін анықтауға арналған.

Экономикалық болжамдар экономиканың реттеу құралдарын, әдістерін анықтаудағы және басқару, ықпал деңгейлерін анықтаудағы басты құралдарының бірі. Ол әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі бағыттарын, экономика кешенінің барлық күрделі, кешенді жағдайларын, ішкі және сыртқы байланыстарын түгел қамтуы тиіс. Ол үшін болжамдау келесідей қағидаларға сүйене отырып, жасалу қажет:

1. Жүйелілік қағидасы. Бұл біріншіден, жалпы халық шаруашылығын тұтастай бірлік деп, екіншіден әр түрлі бағыттардағы деңгейлердегі болжамдардың жиынтығы деп қарастыруды білдіреді. Ол әлеуметтік – экономикалық болжамдарды әдістер мен модельдер жүйелері негізінде, иерархиялы (сатылы) және белгілі бір кезектегі сипатта құруды қарастырады.

2. Ғылыми және тұжырымдамалық негіздегі қағидасы әр деңгейдегі, бағыттағы уақыт аралығындағы болжамдар қоғам өмірінің даму заңдылықтарына, отандық және шет елдік озық тәжірибелерге негізделініп жасалануы керек екендігін білдіреді.

3. Баламалық қағидасы болжамдардың көп вариантта сценарилергеи болу керек екендігін білдіреді. Болжамдар көптеген мүмкін даму, орындалу бағыттарын қамтылуы керек. Сол кезде ішінен ұтымдысынан, сапалысын таңдауға мол мүмкіндік болады.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспаар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:

- экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек;

- болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт;

- кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы шарт;

- қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.

 

3. Жалпымемлекеттік жоспарлаудың экономиканы басқарудағы орны, маңызы. Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорцияналдыққа қол жеткізу. Жоспарлау мынадай міндеттерді қарастырады:

- қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;

- материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

- жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен өзара қатынастарын анықтау.

Жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеуде іс-әрекеттегі әдісінің бірі болып табылады. Жалпы көлемде жоспарлау – бұл ғылыми негізде дайындалған мақсат пен таңдау, келтірілген ақппараттарды өңдеу негізінде басқару шешімін қабылдау мен дайындау үрдісін көрсетеді. Жоспарлаудың мәні еліміздің экономикасын дамытуда ғылыми-негізделінген басқарушылықты қамтамасыз ету қажеттілігінде. Бұл деген экономиканың объективті заңдылығын, оның ережесін, экономикалық теория қорытындысын, қорланған әдісті қолдана білуді айқындайды.

Жоспарлау басқарудың әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады: макро деңгейде – макроэкономикалық жоспарлау; аймақтық деңгейде – аймақтық жоспарлау; кәсіпорындар немесе фирмалар деңгейінде – микроэкономикалық жоспарлау.

Жоспар - нақты анықталған мақсат пен зерттелетін объектінің детальды жағдайын суреттеп көрсетеді; онда оның қабылданған басқару шешімдеріне негізделе отырып, қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен құралдары бекітіледі. Оның басты көрінісі – көрсеткіштердің нкақтылығы, сандық және уақыт бойынша анықталынуы. Жоспарлаудың үш жағы бар: әлеуметтік-экономикалық, әдістемелік және ұйымдық.

Әлеуметтік-экономикалық жақ экономиканың объективті заңдылығын тануға негізделген және ұдайы өндірістің экономикалық және әлеуметтік үрдісін көрсетеді, яғни жоспарлау объектісі болып табылады.

Әдістемелік жақ жоспарлаудың қағидалары мен әдістерінің жиынтығын бейнелейді.

Ұйымдық жақ жоспарлаушы органның құрылымын және жоспарларды дайындау технологиясын айқындайды, яғни жоспарлаудың субъектісі б.т.

Жоспар келесідей міндеттерді шешеді:

- қоғамдық қажеттілікті анықтау;

- оларды материалды, қаржылай және еңбек ресурстарымен қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді анықтау;

- ағымдағы және келешектеі қажеттілікке сәйкес ресурстарды қолдануда рационалды жолдарын негіздеу;

- экономиканың әртүрлі сфералары мен аймақтары арасындағы дамуын тепе-теңдікте қамтамасыз ету;

- жоғары мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық нәтижеге жету үшін барлық ресурстарды тиімді қолдануын арттыру.

Жоспарлау мазмұны мен көрініс формасы бойынша директивалық, индикативтік және стратегиялық болып бөлінеді. Директивалық жоспарлау заңды құқықтық күші бар және оның орындалуын қамтамасыз етуде кешендік шаралары бар жоспарды дайындау үрдісін айтамыз. Директивалық жоспарлар барлық орындаушылар үшін міндетті және адрестік сипатқа ие, ал міндетті тұлғалар оны орындау жауапкершілігін атқарады. Бұрынғы СССР және бірқатар социалистік елдерде олар барлық халық шаруашылық буындарына тікелей орталықтан ықпал ету үшін қолданылады.Бұдан басқа, директивалық жоспарлар детализациядан ерекшелінеді, оның орындалуын қиындатты.

Индикативтік жоспарлар. Жоспарлау нарық кезеңінде индикативті жоспарлау қолданылады. Индикативті жоспарлау өнеркәсіптердің дербестік жағдайындағы макрожоспарлау. Экономикалық дербестік жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау директивтікпен сипатталмайды. Экономикалық мүдделі болжамдар негізінде құрылған индикативті жоспарлау жүйесі: қысқа, орта және ұзақ мерзімді, индикативті жоспарлар перспективті мақсаттарды шешуге мүмкіндік туғызады.

Индикативтік жоспарлардың ұғымын анықтау бірнеше жанасулармен қарастырылады, яғни әртүрлі елдердің әдістеріне сүйене отырып, оның түрлі жан-жақтылығы мен атқаратын қызметіне байланысты.

1. Индикативтік жоспарлау – бұл кәсіпорындардың өз бетінше макро

жоспарлауын айтамыз. Бұл ұғым «бұрынғы» СССР кезіндегі толық халық шаруашылығын қаржыландыру жағдайындағы халық шаруашылығын жоспарға жақындығымен түсіндіріледі; ал қазіргі таңдағы ұғым келесідей: индикативтік жоспарлау – белгіленген индикторларға жету мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекетпен ықпал етуде шараларды бекіту және еліміздің жағдайы мен экономиканы дамытуда параметрлерін жүйесін қалыптастыру процесін айтамыз. Индикативтік жоспарлау барлық халық шаруашылығында экономикалық даму жобасын дайындауда нарық субъектілерінің, аймақтың қажеттілігін есепке ала отырып, мемлекет барлық ұлттың мүддесін көрсетеді; құрылымдық көрсеткіштерді ресурстармен қамтамасыз ету мен макроэкономикалық параметрлерді қамти отырып, нақты шаруашылық бағыттарын бекітеді.

2. Индикативтік жоспарлау – бұл мемлекетпен қалыптасқан жеке

кәсіпорындардың міндетті орындауына бағытталған. Индикативтік жоспардың негізгі қызметі – бұл ақппараттық бағыттылық.

3. Индикативтік жоспар мемлекет және мемлекеттік сектор үшін міндетті

тапсырмадан тұрады. Жеке кәсіпорындар мемлекеттің – нарықтық экономикасында ең күшті «ойыншысы» ретінде индикативтік жоспарға бағыттайды. Аталған кезеңдегі индикативтік жоспар орталықтан басқару жүзеге асыратын және экономиканың әртүрлі секторын жанама реттеу арқылы көрсеткіштер жүйесі ретінде ұсынылады. Олар бағытталған көрсеткіштер ретінде кәсіпорындар, салалар және республика үшін ақппараттық маңыздылығы болатын болса, ал директивалық көрсеткіштер – мемлекеттік тапсырыс, шектер, экономикалық реттеуіштер, оның ішінде баға, салық, пайыздық ставка, экономикалық нормативтер тұрады.

4. Индикативтік жоспарлау – мемлекет пен экономиканың басқа

субъектілерінің мүддесін және іс-қимылының координациялық механизмі болып табылады. Мұнда индикативтік жоспарлау ақппараттық маңыздылықтан басқа координациялық қызметті де орындайды, яғни «орталықтан» келісу қызметін көрсетеді. Үкімет экономикалық дамуға координациялық және ақппараттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді. Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында жоспар мен ақппаратты алмасу нәтижесінде экономикалық өсудің сызбасы айқындалады, яғни бұл үкімет ұйымдарының сызығымен сол жобаны орындауда өзра тығыз бірлескендігін көрсетеді.

Жоғарыда біріккен мұндай жанасуларда индикативтік жоспарлау экономиканы басқаруда мемлекеттік пен мемлекеттік емес субъектілер қызметін және мүддесінің координациялық механизмін анықтауға болады. Демек, әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштер жүйесін дайындауға негізделген және оның жалпы ұлттық басымдылықтарын, мақсаттылығын, болжамдау, бюджеттеу, бағдарламалау, макро және микро деңгейдегі келісілген шешімдер процедурасы, жоспарды жүзеге асыруға қатысатын шаруашылық субъектілерді мемлекеттік қолдау шаралары мен салықтарды қамтиды (экономикалық басқарудың мемлекеттік еместеріне жергілікті өзін-өзі басқару институттары, корпорацияны басқару органдары, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен басқалай шаруашылық бірліктер).

Индикативтік жоспарлау бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырудағы құралы және нарықтық экономиканың қызмет етуінде ықпал етуші негізгі әдісі болып табылады. Ол экономикалық өмірдің көптеген сұрақтарын шешуді қамтамасыз етеді. Индикативтік жоспарлау – экономикалықжағдайын және дамуын сипаттайтын мемлекеттік экономикалық саясатқа сәйкес келетін параметрлер жүйесін қалыптастыру үрдісін айтамыз. Индикаторлар ретінде мына көрсеткіштерді айтуға болады: серпін, құрылым, экономикалық тиімділігі, бағаның қозғалысы, еңбекпен қамтылу, өмір сүру деңгейі және т.б.

Индикативтік жоспарлау нарықтық экономика жағдайы үшін өте тиімдірек және барлық әлемге мемлекеттік реттеу әдісінің кеңінен тараған түрі б.т. Индикативтік жоспар директивалық сипатқа тән емес, ол міндеттелген тапсырманың шектелген санын құрайды және белгілі бір дәрежеде ұсынылатын, бағыттаушы сипатқа ие.

Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімге жасалынады және елімізідің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Оның мәні мемлекетпен жүзеге асырылатын ұлттық экономиканы дамытуда ең басты басымдылықтарын таңдау. Стратегиялық жоспарлау арқылы еліміздің қандай жолмен жүру керектігі анықталады, қандай нарықта жақсы жұмыс істеуге болатынын шешеді, бірінші кезекте қандай технологияны игеруге болатынын, еліміздің әлеуметтік бірлігін қалай қамтамасыз етілгендігін, экономиканың қандай секторына және қоғамдық құрылымына бағытталуы қажеттілігін.

Стратегиялық жоспарлардың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың жетістікпен дамуы үшін жеткілікті потенциалын қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау өз көрінісін жалпы мемлекеттік даму концепциясынан табады.

Сондықтан, макроэкономикалық жоспарлаудың мәні дайындау және көптеген көрсеткіштерді орындауға дейін жеткізу ғана емес, керісінше ғылыми негіздегі мақсатта алдағы дамуды және іс-қимылдағы құралды дайындау арқылы оның нақты жетістіктері үшін мүмкіндіктерді жасау болып табылады. Ол барлық өндіріс факторларының байланыстылығын, табиғи-заттай және қаржы-құндылық ағымның макроэкономикалық тепе-теңдігін қолдауға, ресурстарды рационалды және тиімді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Қызмет ету кезеңіне қарай ұзақ мерзімді жоспар (10 жылдан жоғары), орта мерзімді (3-5 жыл) және ағымдағы (жылдық) жоспарлар.

Жоспарлаудың негізгі әдіснамалық қағидалары келесідей болып табылады:

- ғылыми қағидасы, мұнда жоспарлар экономиканы дамытудың заңдылығын, заңды тереңдей тану және қолдану, ҒТП жетістіктерін, математика, кибернетика және басқалай ғылымдарды қолдану арқылы дайындалады;

- әлеуметтік бағыттылық және қоғамдық тұтыну қажеттілік қағидасы, мұнда қоғамның және адамның мүддесін алға қояды;

- қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қағидасы, онда барлық мақсаттар мен міндеттер мейлінше аз шығындармен жүзеге асырылса, яғни тірі және заттай еңбекті мейлінше үнемдеу;

- пропорционалды және тепе-теңдік қағидасы, мұнда барлық қоғам мүддесіне жауап бере алатын, пропорцияны реттеуде нарықтық механизмді ретке келтіру қажеттілігі;

- басымдылық қағидасы, мұнда ресурстар шектеліп, қажеттілік шектелмегендіктен экономиканы дамытудың басымды бағыттарын таңдау қажеттілігін көрсетеді;

- келісілген қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсат пен міндет қағидасы, мұнда әртүрлі жоспарлы құжаттардың үйлесімділігін, оның бірбағыттылығын және қарам-қайшылықсыздығын көрсетеді.

Жоспарлаудың негізгі әдістеріне жататындар: баланстық, нормативтік және мақсатты-бағдарламалық.

Баланстық әдіс өнімнің әрбір түрі бір жағынан қандай да қызметтің нәтижесін, ал басқа жағынан – тұтыну үшін ресурстар болып табылатындығын көрсетеді. Мұның мәні барлық тұтыну қажеттілігін оны қанағаттандыру көздерімен байланыстыру қажет. Ресурстар пайда болады, сосын есептік қажеттілігімен байланысады, яғни теңестіріледі. Сондықтан, тәртіп бойынша жиынтық қажеттілік мүмкін болатын ресурстар көлемінен жоғары, яғни жоспарды дайындау үрдісінде ең маңызды жағынан бөлу бойынша қажеттілікті тәркілеу жүргізіледі.

Экономикалық баланстың жалпы жүйесінде материалды, еңбек және қаржылай болып бөлінеді. Материалдық баланстар еліміздің ұдайы өндіріс процесін, еңбек ресурстарының еңбек-квалификациялық және сандық деңгейін, қаржы жүйесінің қаржылық жағдайындағы заттай элементтерінің нақтылығы мен жағдайын сипаттайды.

Нормативтік әдіс – ҒТП жетістіктерін айқындайтын, норма мен нормативтер жүйесін анықтау және қолдануға негізделген. Көп жағдайда норма – белгіленген сапада бір өнім түрін (бірлігін) дайындауда қоғамдық-қажетті ресуртар шығынын жұмсаудағы ғылыми-негіздегі шара болып табылады. Ол тек өндірісті дамыту деңгейіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге оған белсенді түрде ықпал етеді.

Норматив – бұл ресурстарды қолдану дәрежесін немесе оның өлшеу бірлігінің үлес шығынын сипаттайтын нормаларды құраушы элементтерді айтамыз (өнім, көлемі және т.б.). Экономикалық нормативтер қызмет нәтижесіне қоғамдық талапты бейнелейді және соңғы нәтижеге ресурстарды қолданудың қажеттілік деңгейін сипаттайды.

Норма мен нормативтер кешені нормативтік база деп аталады.

Мақсатты-бағдарламалық әдіс – бұл ірі халық шаруашылық мәселесін жоспарлы шешімін жүйелі түрде қалыптастыру әдісі болып табылады. Оның мәні әлеуметтік, экономикалық және ғылми-техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдайдан, балансталынған ресурстармен қамтамасыз етуде белгіленген мерзімде оның жетістікке жетуі бойынша өзара байланысқан іс-шараларды дайындаудан тұрады. Мақсатты кешенді бағдарлама – бұл өндірістік, ғылыми-ізденіс, ұымдық-шаруашылық, әлеуметтік және басқалай міндеттердің кешенін және мақсатын көрсететін құжат.

Кез-келген бағдарламада мыналар қарастырылады:

- соңғы мақсат;

- соңғы мақсатқа жету қажеттілігі үшін ресурстар кешені;

- Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері;

- Ең басты ұйымдастырушылық;

- орындаушы және басқалай орындаушы құралы;

- өндірістік шаруашылық байланыс механизмі;

- жауапкершілік жүйесі мен ынталандыру.

Бағдарламалар мемлекеттік статусы бойынша (ұлттық, мемлекетаралық); атқаратын қызмет бағытына қарай (әлеуметтік, экологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық); жүзеге асыру мерзімі бойынша (қысқа мерзімді-2 жылға дайін, орта мерзімді – 3-5 жыл, ұзақ мерзімджі – 5 жылдан жоғары) болып жіктелінеді.

4.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты мақсаты қоғамды, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарын нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Осы негізгі мақсатты және экономика мен әлеуметтік салалардағы мақсаттарды орындаудағы мемлекеттік реттеудің алдына қоятын мақсаттарын үш топқа бөлуге болады: экономиканы тұрақтандыру, шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру, нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру. Осы негізде мемлекет аймақты дамыту саясатын жүргізуде міндетті түрде бағдарламаны құру қажеттілігіне тіреледі.

Келесі логикалық қадам келешекте қарастырылатын шешімдер үшін мақсат пен міндеттерін қалыптастыру болып табылады. Алға қойылған сапалық және сандық түрдегі мақсаттары мен бағыттары әлеуметтік-экономикалық параметрлердің нақты кезеңі үшін соңғы қарастырылған мерзімде бағдарламалау нақты анықталған сипатқа тән болуы қажет.

Қазіргі таңда бағдарламаны қалыптастыру аясында әр аймақтың экономикасын дамыту саясатының басты міндеті келесідей түрде қалыптасуы мүмкін:

- әлі сақталған күш қуатының деңгейін ұлғайту;

- инвестициялық қызметтің қажетті көлемін қалпына келтіру;

- өңдеуші және қайта өңдеуші салалар арасында қор ресурстарын бөлу, баға механизмдерін қалыптастыру;

- жаңа ұдайы өндірістік механизмдер базасында экономикалық өсудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

- экономикада жоғары дамыған тұтынушылар секторын құру, табыстың өсуі мен оны жүзеге асыру шарты арқылы халықтың экономикалық белсенді қызметінде денсаулық мотивациясын қалыптастыру үшін алғы шарттар құру;

- елдің экономикалық потенциалын арттыру, модернизациялау, экономиканы құрылымдық қайта құру;

- отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мен техникалық деңгейін ұлғайту есебінен өңдеуші өнеркәсіптердің әлемдік нарыққа шығуы.

Дамудың конструкциялық стратегиясын жүзеге асыруда жалпы алғы шарт ең алдымен, экономикалық үрдісті мемлекеттік реттеудің жауапкершілігі мен атқаратын қызметін кеңейту қажет:

- инфляциялық шығында күтетін салаларда бағаны реттеу, бағаға қатысты құрылымды бір нормаға келтіру;

- шынайы монополия қызметін реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметті қатаң бақылау;

- отандық тауар өндірушілер өнімінің сұранысын жан-жақты қолдау, мемлекеттік тапсырыс көлемі мен сферасын кеңейту.

Мемлекетпен аймақтық бағдарламалау дамудың келешегін алдын-ала көруді көрсетеді, мемлекеттің пиғылы туралы компания мен кәсіпорындарға ақппарат ұсынады, барлық басқалай реттеуші формалар үшін координациялық буын болып табылады. Бағдарламалау нарыққа мақсатты бағыттағы дамуын көрсетеді. Мақсатты бағдарлама ұзақ мерзімге және орта мерзімдегі перспективаға дайындалады. Олар белгіленген нақты көрсетілген нәтижелермен сипатталады, өзге ресурстар, шаралар мен міндеттер жиынтығын қамтиды; жоғары дәрежелі кешенмен ерекшелінеді; белгілі жүзеге асыру кезеңі бар. Сондай-ақ, толығымен жеке іс-шараларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын мерзімдері мен орындаушылары анықталған.

Қазіргі таңда мақсатты – бағдарламалық жанасудың 2 трактовкасы бар. Бірінші жақтағылар уақыт пен ресурстар шығынын оптимизациялау мен мақсаттың өзара байланыстылық белгісіне екпін жасайды. Екінші жақтағылар, бағдарламаның кеңейтілген хабары – бұл әлеуметтік-экономикалық дамуда белгілі сапалық және сандық мақсаттарға жетуге бағытталған әлеуметтік, құрылымды – инвестициялық, қаржы-несие, салықтық, бюджеттік, баға, сыртқы экономикалық, аграрлық, ғылыми-техникалық, институтционалдық саясаттар аумағында қарсы тұрмайтын нақты шаралардың, локальды уақыт пен кеңістіктегі кешенді айтамыз.

Мақсатты-бағдарламалық әдіс – бұл ірі халық шаруашылық мәселесін жоспарлы шешімін жүйелі түрде қалыптастыру әдісі болып табылады. Оның мәні әлеуметтік, экономикалық және ғылми-техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдау, балансталынған ресурстармен қамтамасыз етуде белгіленген мерзімде оның жетістікке жетуі бойынша өзара байланысқан іс-шараларды дайындаудан тұрады. Мақсатты кешенді бағдарлама – бұл өндірістік, ғылыми-ізденіс, ұымдық-шаруашылық, әлеуметтік және басқалай міндеттердің кешенін және мақсатын көрсететін құжат.

Кез-келген бағдарламада мыналар қарастырылады:

- соңғы мақсат;

- соңғы мақсатқа жету қажеттілігі үшін ресурстар кешені;

- бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері;

- ең басты ұйымдастырушылық;

- орындаушы және басқалай орындаушы құралы;

- өндірістік шаруашылық байланыс механизмі;

- жауапкершілік жүйесі мен ынталандыру.

Бағдарламалар мемлекеттік статусы бойынша (ұлттық, мемлекетаралық); атқаратын қызмет бағытына қарай (әлеуметтік, экологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық); жүзеге асыру мерзімі бойынша (қысқа мерзімді-2 жылға дейін, орта мерзімді – 3-5 жыл, ұзақ мерзімді – 5 жылдан жоғары) болып жіктелінеді.

Мақсатты бағдарламаны дайындау және бекіту - орындаушылар мен тапсырыс берушілер мүддесін есепке ала отырып жүзеге асырылады, сонымен қатар макроэкономикалық жағдай мен болжамдалынатын бюджеттік мүмкіндіктері де ескереді.

ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты бағытын және белгіленген бағытқа жетуде құралдар мен мемлекетпен жоспарланған тиімді жолдарының кешенді жүйесін айтамыз. Мұндай келешектегі орта мерзімдік бағдарлама мынамен сипатталады:

- алдағы кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын бағалау және экономиканың жағдайын сипаттау;

- келешектегі орта мерзімге еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының концепциясы;

- макроэкономикалық саясат;

- институтционалды қайта құрылым;

- инвестициялық және құрылымдық саясат;

- аграрлық саясат;

- экологиялық саясат;

- әлеуметтік саясат;

- аймақтық экономикалық саясат;

- сыртқы экономикалық саясат.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 387; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты