Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің саясаты




 

1. Қазіргі уақытта Жер қойнауынан жыл сайын 10 млрд. тонна руда, отын, құрылыс материалдары, оның ішінде 4 млрд тонна мұнай мен табиғи газ, 2 млрд тонна көмір шығарылады. Егістіктерге 92 млн тонна минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн тонна улы химикаттар шашылады. Атмосфераға 200 млн тоннадан астам көміртек тотығы, 146 млн тонна күкірт диоксиді, 53 млн тонна азот оксиді, 250 млн тонна шаң-тозаң тасталады. Су қоймаларына 32 млрд кубометр тазартылмаған сулар тасталады. Дүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 10 млн тоннаға дейін мұнай түседі. Жыл сайын 6-7 млн гектар егістік егін шаруашылығы үшін жарамсыз болып қалады. Қоршаған ортадағы көптеген езгерістер қайталанбайтын болды, сондықтан адамзаттың іс-әрекетін нақтылау қажеттілігі айқын. Қазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20-30 жыл ішінде едәуір шиеленісті. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын, шаруашылық кешендер жүмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай түрақсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиги ортаның қауіпті азуы әлі де жалғасуда. Су көздерінің экологиялъқ жай-күйіне көңіл аударайық.

Ең жағымсыз жағдай Ертіс өзенінің бассейнінде қалыптасты. Жекелеген учаскелердің ластану деңгейі жол берілетін шекті шоғырлануынан (органикалық қоспалар бойынша - 1,3-3,5 есеге, мұнай өнімдері бойынша 20-30 есеге асады. Зиянды заттар Балқашқа да молынан тасталады: «Балқашмыс» жылына мыс, қорғасын, сынап тастайды. Мұнымен бірге, өзен салалары Балқашқа органикалық заттарды көптеп әкеледі.

Қазақстанның су ресурстарының 45%-ы Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Қыргызстаннан және Қытайдан агып келетін өзендерден құралады және тек 55%-ы гана республика аумағында: 19%-ы — Қытайдан, 15%-ы — Өзбекстаннан, 8%-ы — Ресейден және 3%-ы - Қыргызстаннан қалыптасады. Қазаңстанның суға щжеттілігі 34-40 текше километрді құрайды. Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің кетерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны, коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін кұстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды.

Арал теңізі - экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың молаюына әкеп соқтырды. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде.

Қазақстанның жайылымдары - республиканың ұлттық байлығы. Олар 182 млн га ауданда орналасқан және сонымен бірге республика аумағының 67%-ын және бүкіл ауыл шаруашылығы жайылымдарының 81%-ын ала отырып, республиканың негізгі экологиялық ортасы болып табылады.

Жердегі барлық тіршілік континенттерді жабатын жұқа, берік емес қабатқа байланысты. Осы бағалы қабат өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады, алайда Бұлінуі де тым жылдам болуы ықтимал. «Әлемдік қорғаушы» институтының деректері бойынша жыл сайын континенттер топырақтың сыртқы құнарлы қабатының 24 млрд тоннасын (АҚШ-тың бүкіл жыртылатын жерінде соншама) жоғалтады және жағдай одан әрі нашарлауда. Африкада 1 млрд га-дан астамы, Азияда да 1,4 млрд га аздап немесе тұтастай шөлейттенген, ал Солтүстік Америкада қуаң жерлер 74%-ды құрайды; ЕО-ның 15 елі де шөлейттенуден зардап шегуде.

Республикада жайылымдардың азуынан жыл сайын шегілетін зиян — 963,2 млн долларды, жыртылган жердің әрозиясынан (Бұлінуінен) — 779 млн долларды, гумустың жойылуынан — 2,5 млрд долларды құрайды.

Шөлейттену неден пайда болады және оны не шиеленістіреді? Адам қызметінің мына төрт түрі оған тікелей себепкер болады:

• топырақгы тым аздыртуға экеп соқтыратын жерді шамадан

тыс пайдалану;

• малды топырақты бүлінуден қорғайтын өсімдік жабының шамадан тыс құртатындай жаю; жер бетіндегі топырақты ұстап тұратын ағаштарды жойып ормансыздандыру;

• суармалы жерлерді түддандыруға әкеп соқтыратын суландырудың қате әдістері.

Өзіміз көргендей, шөлейттену - әлемді шөлдердің басуы емес, бұл биологиялық және экономикалық өнімділікті жоғалтумен қоса қуаң жерлердің азуы. Негізінен шөлейттену жер ресурстарын ұқыпсыз пайдалану-дан (481,1 млн. га) және техногендік факторлардан (6 млн га) пайда болады.

Республикада 179,9 млн га немесе 66% жерлер шөлейттенуге ұшыраған. Кейбір аймаңтарда ол едәуір аумақтардағы өсімдік жабыныныц іс жүзінде толықтай ңұруымен сипатталады. Қазақстанда БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың үлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі. Жерлердің одан әрі азуының алдын-алу; егістіктердің құнарлығын қалпына келтіру; орман келемін кеңейту; ерекше қорғалатын аумақтар желісін құру; жер қойнауын ұтымды пайдаланудың экономикалық тетіктерін эзірлеу; жерлердің техногендік булінуінің алдын алу және оларды қайтадан өңдеу сияқты іс-қимылдар қарастырылған.

Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:

1. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу және көму

2. Шиеліністі радиациялық жағдай.

Қазақстан - шикізат өндіру, ядролық оқ-дәрі жасау және сынау, ядролық ракеталарды сынау және жою, қалдықтарды көму ядролық-стратегиялық багдарламалар толық мөлшерде жузеге асырылған Жер бетіндегі жеке дара орын. Мұның барлығы радио-нуклидтермен, радиоизотоптарымен, уран кәсіпорындарыныщ, зымыран-ғарыштық кешендердің өнеркәсіптік калдықтарымен ластануыша байланысты. Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі 20 млн гектарды құрады; жалпы куаты 50 мегатоннаға жуық 500 әуе және жер асты жарылыстары жүргізілді.

Қоршаған ортадағы орын алған өзгерістер халықтың денсаулығына өте әсер етеді. Адамдардың үшінші ұрпағының өзі топырақ, су, өсімдіктер, мал еті арқылы зиянды ықпалға ұшырайды.

Мемлекетік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:

• Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.

• Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаныщ түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандыруына негізделген экономикалық әдістер.

Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін колдануға тыйым салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандарттар жүйесін белгілеуді қарастырады. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мыналар болып табылады:

1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру;

2) табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;

3)табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) экологиялық сақтандыру;

6) қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыгру барлық деңгейдегі бюджеттерде жеке жол болып бөлінеді. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өндіруді қамтамасыз ету үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың мына функцияларын қарастырайық:

• табиғи ресурстарды басқару;

• қоршаған ортаны қорғауды және жақсартуды жоспарлау;

• экологиялық нормалау;

• қоршаған ортаға әсерді бағалау;

Экономиканы мемлекеттік реттеу

• экологиялық сараптама;

• экологиялық лицензиялау;

• экологиялық аудиттеу;

• экологиялық мониторинг;

• экологиялық бақылау;

• экологиялық тәрбие және білім беру.

Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау мақсатында, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.

Экологиялық нормалау - табиғатты қорғау саласында нормативтер белгілеу.

Экологиялық аудиттеу - кәсіпорындардың табиғатты ұлымды пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жай-күйін тексеру. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны корғау саласында мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау үшін жауап беретін мемлекетгік органдар:

- ұйымдарға және меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан басқа да нысандарға (қызметтік куәліктерін көрсетіп) кедергісіз кіруге, танысу үшін құжатгаманы, талдаулардың нәтижелерін және бақылауды жүзеге асыруға қажетті өзге де материалдарды сұратуға және тегін алуға;

- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтандыру жөніндегі жоспарлар мен іс шаралардың орындалуын тексеруге;

- мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;

- республика аумағына экологиялық қауіпті жүктерді (бұйымдарды), қалдықтарды және қоршаған орта сапасының және экологиялық талаптардың нормативтері бұзылып жүзеге асырылатын шикізат ресурстарын әкелуге, сондай-ақ транзиттеуге тыйым салу жөнінде ұйғарымнама шығаруға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бөлу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға және осының нәтижесінде кінәлі түлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеуге талап қоюға немесе сотқа талап табыс етуге;

- экологиялық сараптама жөнінде қорытынды жасауга тиісті қаржы-кредиттік ұйымдарға экологиялық талаптар бұзылып немесе экологиялық сараптаманың жағымды қорытындысыз жүзеге асырылып жатқан шаруашылық немесе өзге қызмет нысандарын салуды және пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы ұйғарымнама табыс етуге құқылы.

2. Бүкіл адамзат қоғамның даму тарихы – табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып табылады.

Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері: табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсері екі сипатта айқындалады. Бір жағынан, ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады. Мысалға, шөлді және шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.

Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы, өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының бүлінуі, судың, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.

Табиғат байлығын пайдалану экономикасы – қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастар болып табылады.

Табиғат пайдалану экономикасы мынаны қамтамасыз етеді:

- табиғат пайдалану процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерінен қорғауды ұйымдастырады;

- халық шаруашылығын табиғат ресурстармен қамтамасыз етеді;

- табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептейді.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.

Қазақстанның табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.

Сондай-ақ, Қазақстан аймағында қоршаған ортаны қорғау басқарма қызметкерлері қабылданған ҚР-сы Экологиялық Кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қоғау министрлігінің Табғит қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен бірге, Қазақстан облыстары көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр.

Қазіргі кезде аймақтың аудандары мен қалаларында мемлекеттік өкілетті инспекторлар жұмыс істейді. Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті мәселелерді талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар — атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады. Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын, стандарттары мен ережелерін айқындайды. Занда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.

Қоршаған ортаның сапа нормативтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) қоршаған ортадағы зиянды затгардың шекті жол берілетін шоғырлану нормативтері;

2) шудың, тербелудің, магниттік өріс пен өзге де зиянды физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлерінің нормативтері;

3) радиациялық әсердің шекті жол берілетін деңгейінің нормативтері;

4) қоршаған ортаға шығарылатын және тасталатын ластайтын заттардың шекті жол берілетін нормативтері;

5) ауыл және орман шаруашығында агрохимикаттарды қолданудың шекті жол берілетін нормалары;

6) қорғау, санитарлық-қорғаныс және өзге де қорғаныс аймақтарының нормативтері.

 

3. Табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін:

- шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру;

- ғылымды және инновацияларды ынталандыру негізінде өзіне ұқсастардан асып түсетін «технологиялық озуды» дамыту;

- біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есептерді жүргізу жолымен табиғатты ұқыпсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке алу;

- қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;

- жерғ су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдістерін қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген осы заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;

- энергетикалық шығындарды ескеру саласындағы арнайы мемлекеттік бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингті дамытудың деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажетті деңгейдің 40-80 пайызына дейін бола отырып, бақылау пунктерінің мемлекеттік желісі олардың оңтайлы санының 20 пайызын ғана құрайды.

Түрлі министрліктер мен ведомстволар мониторингінің жүйесін жеткіліксіз ведомствоаралық үйлестіру қоршаған ортаның жай күйін толық көлемде әділ бағалауды жүзеге асыруға және уақытылы жедел ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

Осы негізде ведомсволық мониторингтің барлық кәсіпорындар мен мекемелерін, сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйелерін енгізе отырып, геоақпараттық жүйелер негізінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етіледі. Оның жұмыс істеуі үшін ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшін экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерінің қазіргі материалдық-техникалық базасын жаңғырту, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.

ҚР-сы Экологиялық кодексінің 292-бабы бойынша жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды сақтау, оны өңдеу, тиісті орындарға тасымалдау, оларды полигондарға орналастыру, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жауапты ксәпорындар құру және басқа да міндеттер жүктелген. Сондықтан да аудандық және ауылдық әкімдіктер қоршаған ортаны қорғауға арналған заң талаптарына сәйкес өз аймақтарындағы жер, су ресурстарын сақтауға, оны заң талаптарына сәйкес пайдалануға қатаң бақылау орнатуы керек.

Әсіресе, табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын құндылықтарға ерекше көңіл аудару қажет. Оның ішінде аң, құстың жөні бөлек. Асқар таулар әлеміндегі бұғы, маралға, арқар, елікке, қырғауылға, далалы жерлердегі ақбөкенге қызықтаушылар өте көп. Олардың жолын кесу кейде бізге оңай соқпайды. Табиғат аясында шығып демалушылардың барған жерін жаудай жапырып, қалдықтарды шашып кететіні, өрт қауіпсіздігін сақтамайтыны және бар. Жалпы табиғатты қорғау жағынан мәдениетіміздің кемшілігі көрініп отырады.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлығын сақтау – болашаққа деген қамқорлық, ұрпаққа қалдырар мұра. Сондықтан да Елбасы Жолдауларын қоршаған ортаны қорғаудағы, табиғи ресурстарды пайдаланудағы сындарлы ұсыныстары бізге жаңа міндеттер мен мол жауапкершілік жүктейді. Бұл ең бірінші қоршаған ортаны қорғаудың да бәсекеге барынша қабілетті болуына жағдай жасайды деген сөз. Демек, біз табиғи байлығымызды аялы алақанда сақтауға мүдделіміз, әрі міндеттіміз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 121; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты