Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Клиникалық диагноз




Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық тип бойынша вертебро-базилярлы бассейнде, АГ 3 қауіп 4

Клиникалық диагнозды негіздеу:

шағымы:Науқас көру қабілетінің нашарлауына, бас ауруына, шүйде аймағындағы ауырсыну, тепе - теңдіктің бұзылысы, жүрек айнуына,есте сақтау қабілетің бұзылысына, құлақта шуылына, бас айналу мен АҚ жоғарылауына шағымданады.

Аnamnesis morbiНауқас артериалды гипертензиямен 10 жылдан бері ауырады,артериалды гипертензияның максимальды жоғарлауы 200/110мм.с.б. АҚ-ның 120-140\80мм.с.б.сандарға адаптацияланған. Үнемі гипотензивті препараттар қабылдайды: Лозап+,Моноприл,Верапамил Көру қабілетінің нашарлауы бірнеше ай бұрын байқалған. Бүгін түстен кейін басының шүйде аймағының ауырсынумен көру қабілеті кенеттен нашарлап кеткен. Жедел жәрдем шақырған. Артериялық қан қысымы 150/100 мм.с.б дейін көтерілген. Көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ОМО жеткізілді.

Жалпы қараудағы ақпараттарға: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежеде, жалпы милық және неврологиялық симптоматикаға байланысты. Есі анық. Төсектегі қалпы белсенді. Тамақтануы қалыпты. Дене конституциясы - нормостениялық.

Тері жамылғысы таза,құрғақ, тері тургоры қалыпты. Ошақты пигментация, қан құйылу ошақтары, бөртпелер, тамырлы жұлдызшалар, ангиома, тыртықтар, қасыну орындары, қышыну жоқ. Түктері ер адам типтес.

Көзге көрінетін шырышты қабаттары алқызыл түстес, таза, ылғалды.

Тері асты шел май қабаты қалыпты дамыған, біркелкі таралған, қалыңдығы 1см.

Перифериялық лимфа түйіндері (шүйделік, құлақмаңы, жақасты, иекасты, мойындық, бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтықасты, шынтақ, шап, тізеарты) пальпацияланбайды.Ісінулер жоқ.

Бұлшықет жүйесі: бұлшықет дамуы қалыпты, тонусы сақталған. Қалған бұлшықет топтары пальпацияда ауырсынусыз, күші қалыпты, тырысулар жоқ, тығызданулар анықталмайды.

Сүйек-буын жүйесі: бас сүйегінің, омыртқа жотасының, аяқ-қол сүйектерінің формасы дұрыс. Сүйек деформациясы мен қисаюлары жоқ.Тыныс алуы мұрын мен ауыз арқылы. Дем алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді, нормостеникалық, симметриялы, екі жартысы да тыныс алуға қатысады. Қабырғаралық кеңістісіктің өлшемі 1,5 см. Тыныс алу тереңдігі орташа, жиілігі 20 рет минутына, ритмі дұрыс, типі аралас.

Пальпацияда: кеуде клеткасы эластикалы, ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта бірдей симметриялы.

Перкуссия:Салыстырмалы:бүкіл симметриялы нүктеде анық перкуторлы дыбыс.

Аускультация: барлық өкпе алаңында айқын везикулярлы тыныс.Сырылдар мен крепитация естілмейді.

Жүрек дөңесі мен мойын веналарының кеңеюі мен ісінуі байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі l.medidclavicularis-тен 1 см сыртқары,жайылған,күшті.Артериялық қан қысымы екі қолда бірдей 160 және 90 мм. с.б. Пульс –жиілігі 82/мин,екі қолда бірдей симметриялы,біркелкі, ырғақты, күші, толуы,биіктігі қанағаттанарлық.

Пальпация: жүрек ұшы түрткісі V-ші қабырғааралығында L. medioclavicularis sinistra сызығынан 1см сыртқары. ЖҰТ жайылған, күшті, ені 2,5см , биіктігі орташа.Жүрек түрткісі анықталмайды. Аускультация:жүрек тондары әлсіз, ырғағы дұрыс.Боткин-Эрба нүктесінде 2-тонның акценті байқалады. ЖЖЖ 82/мин.

Методикалық Образцов-Стражеско әдісі бойынша бауыр пальпациясы:Оң жақ қабырға астында анықталды,тегіс,оңай бұрылады,ұшы үшкір,консистенциясы жұмсақ,ауырсынусыз;Көкбауыр пальпацияланбайды;

Бүйректер пальпацияланбайды. Жоғары және төменгі несепағардың барлық нүктелерінде ауырсыну жоқ. Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз.

Перкуссия:«Соққылау симптомы» екі жақтан да оң мәнді (-).

 

Неврологиялық статус. Есі анық,психикалық жағдайы: тұрған орны, уақыты жеке жағдайы бойынша ориентирленген, мінезі адекватты. Көңілі және есі сақталған. Сандырақтау және галлюцинациясы жоқ. Жалпы милық симптомдар жүйелі емес бас айналу,жүрек айну,бас ауру. Менингиальды симптомдар: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, «жатқан ит қалпы», Керниг, Брудзинский, Бехтерев, Мендель симптомдары анықталмайды. Жоғарғы қыртысты функциялар: моторлы-сенсорлы амнестикалық афазия жоқ, Алексия, аграфия, акалькулия анықталмайды. Праксис және гнозис бұзылыстары анықталмайды. Есі бұзылған, интеллекті,ойлау қабілеті сақталған. ЧМН қарашықтар ОD=ОS, фотореакция сақталған,көз алмасы қимылдағанда ауырсынады, горизантальды нистагм. Жұтыну рефлексі сақталған. Тіл ортаңғы сызық бойынша мұрын-ауыз үшбұрышы тегістелген. Сіңірлік рефлекстер Д=S, парез жоқ. Барре сынамасы теріс,Ромберг позасында тұрақсыз. Координаторлық сынамалар отырып сынағанда екі жақтан орташа дисметрия, қабықтық және патологиялық белгілер жоқ.

I-жұп нерв-иіс сезу нервісі: иіс сезу сақталған, иіс сезу галлюцинациялары жоқ.

II-жұп нерв- көру нервісі: көру өткірлігі оң және сол көзден тексергенде бірдей сақталған, фотореакция сақталған, екі жақты амавроз анықталады. visus OD = 1; visus OS = 1. Түсті ажырату қабілеті өзгермеген, ахроматопсия және дисхроматопсия байқалмайды. Көру алаңын зерттегенде, көру алаңының тарылуы жоқ, центральды және парацентральды скотомалар және гемианопсия анықталмайды. Көру галлюцинациялары жоқ. Офтальмоскопия: көру нерві дискісі ашық-қызыл түсті, контурлары анық, ошақты өзгерістер жоқ.

III-жұп көзқозғалтқыш нерв; IV-жұп шығыршық нерв; VI-жұп әкетуші нерв: Көз саңылауының кеңдігі қалыпты, қарашықтары дөңгелек формалы, диаметрі 3мм, D=S. Қарашықтардың жарыққа әсері сақталған, екі көзде симметриялы. Конвергенция екі жақ көзінде де әлсіз. Көз алмасының қозғалыстары толық көлемде. Диплопияны теріске шығарады. Оң жаққа қарағанда горизонтальды нистагм байқалады. Дивергенция, птоз, қылилық,экзо- және эндофтальм, блефароспазм байқалмайды.

V-жұп үшкіл нерв: Бас және бет терілерінің, ауыз қуысы шырышты қабаты мен тілдің ауырсынулық, температуралық және тактильді сезімталдықтары сақталған. Валле нүктелері ауырсынусыз. Корнеальды рефлекс, шайнау бұлшық еттерінің қызметі, төменгі жақ рефлексі симметриялы сақталған. Бетте тризм байқалмайды.

n.trigeminus төменгі жақ тармақтарының қозғалтқыш тармақтарын зерттегенде, зақымдану симптомдары анықталмайды. Қарағанда шайнау бұлшық еттерінің , самай бұлшық еттерінің атрофиясы жоқ, шайнау актысы кезінде бұлшық етті пальпациялағанда әлсіздік және болбырлық (дряблость) жоқ, ауызды ашқан кезде төменгі жақтың ортаңғы сызықтан ығысуы байқалмайды.

VII-жұп бет нерві: Беттің маскатәрізділігі, қозғалыссыздығы байқалмайды. Беті симметриялы, тілі ортанғы сызық бойында.

VIII-жұп нерв, кіреберіс ұлу нерві: Есту өткірлігі оң және сол жақта бұзылмаған, гипакузия және гиперакузия жоқ. Сыбырлап сөйлеуді оң және сол жақтан жақсы естиді. Құлақтағы шуды, есту галлюцинацияларын теріске шығарады.Құсу, лоқсу жоқ, атаксия анықталынған жоқ.

IX-жұп тіл-жұтқыншақ, X-жұп кезбе нерв: Жұмсақ таңдай қозғалмалы, симметриялы, төмен қарай салбырауы жоқ, тілшік ортаңғы сызық деңгейінде орналасқан. Таңдай және жұтыну рефлекстері қалыпты. Дисфагия жоқ.

XI-жұп нерв: Иықты көтеру,басты оңға, солға бұру және иілу қызметтері ,сол жақ қолды көлденең сызықтан жоғары көтеру сақталған, жауырындарды бір-біріне жақындастыру толық көлемде жасалады. Оң жақтан бұл қимылдар шектелген.Трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшықеттерінің контурлары, тонусы мен қызметтері бұзылмаған. Бұлшықеттердің атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Науқас басы ортаңғы сызықтан ығыспаған. Мойыны қисаймаған. Иық белдеуі бір деңгейде орналасқан.

XII-жұп нерв тіласты нерві: Тілді шығарғанда ортаңғы сызық деңгейінен оң жаққа ығысады, атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулар жоқ. Сыртқы келбеті өзгеріссіз. Қозғалғыштығы мен артикуляция бұзылмаған.

Қозғалыс сферасын зерттеу:

Қарау және пальпациялау барысында бұлшық ет жүйесінің атрофиясы, псевдогипертрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Қолдардағы және аяқтардағы пассивті қозгалыстар толық көлемде сақталған. Барре сынамасында бұлшықет күшінің қалыпты. Акинез, брадикинезия, гиперкинезы (тремор, хорея, атетоз, хореоатетоз, гемибаллизм, миоклония, торзионная дистония, тики) жоқ. Автоматтандырылған жестикуляция синдромы анықталмаған. Ұстамалар және сіресулер жоқ.

Қозғалыс координациясы

Саусақ мұрындық сынаманы шамалы дисмитрия екі жақта . Интенционды тремор, адиадохокинез, гиперметрия, үзіп сөйлеу жоқ.

Рефлекстер

Сіңірлік және периостальды рефлекстер жанды: қолдарында

D>S, аяқтарда: тізелік (L2- L4, сан нерві ), ахиллов (S1- S2, асықты жілік нерві) - D>S.

Терілік рефлекстер: жоғарғы (Тh7 - Тh8), ортаңғы (Тh 9- Тh10), қалыпты (Тh 11- Тh12) құрсақтық, табандық (асықты жілік нерві,L5-S2) қалыпты D>S.

Буындық рефлекстер: Майера (шынтақтық және ортаңғы нервтер, С7-Th1) және Лери (шынтақтық және ортаңғы нервтер, С6 -Th1) қалыпты.

Патологиялық рефлекстер:

Пирамидалық: Бабинский рефлексі, Оппенгейм, Гордон, Шеффер рефлекстері теріс;

Россолимо тобының рефлекстері (Бехтерева 1, 2, Жуковского) теріс.

Қорғаныс рефлекстері:

Екі жақта теріс.

Псевдобульбарлы рефлекстер:

Оральды автоматизм рефлекстері анықталды: назо-лабиальды, еріндік, хоботковый, алақан-иектік Маринеску-Радовичи оң .

 

Сезімталдық:

Беткей сезімталдық (ауырсыну, температуралық, тактильді) екі жақта сақталған. Терең сезімталдық (бұлшықет буындық сезіну, вибрационды, қысым және салмақты сезіну) екі жақта сақталған. Күрделі сезімталдық (кинестетикалық, дискриминационды, екіөлшемдікеңістіктік, стереогноз) екі жақта анықталады. Перифериялық нервтер мен оның түбіршектерінде ауырсыну нүктелері анықталмайды.

Полистезия, аллохейрия, дизестезия, анықталмайды

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты