Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс №10. Орман экожүйесінің мониторингі. Орман экожүйесінің биосферадағы рөлі. Орман ресурстарын қорғау шаралары.




Дәрістің мақсаты -Орман экожүйесінің мониторингі және орман ресурстарын қорғау шараларын талдау.

Негізгі сұрақтар:

1.Орман экожүйесінің мониторингі

2. Орманның биосферадағы рөлі

3. Орман ресурстарын қорғау шаралары

Орман мониторингі ормандарды ұдайы кешенді бақылау, бағалау және олардың жай-күйінің болжау жүйесі болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнінде ұдайы жаңартып отыратын ақпарат алу үшін жүргізіледі, соның негізінде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнінде шешім қабылданады. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен орман экожүйесі жай-күнінің өзгеру болжамы беріледі.

Орман экологиялық жүйесі мониторингі қызметін Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығын басқару мемлекеттік органы құрады, ол Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орман шаруашылығын жүргізуге бөлінген қаражаты шегінде республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылады. Орман экологиялық жүйесінің мониторинг қызметі Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығын және мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесін қамтиды.

Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығы:

· орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректер

түзеді және жүргізеді;

· аэроғарыштық және жер бетіндегі ақпаратты өңдеуге, орман қоры

картасын жасауға, деректер банкісінің белгілі бір бөлігінің маңызын арттыруға, статистикалық есеп берудің белгіленген нысандарын беруге арналған бағдарламаны әзірлейді, иеленеді;

· ормандарды өрттен сақтау, шыбын-шіркей зиянкестерден қорғау,

ормандардың өнеркәсіптің ластануынан болатын бүлінуін байқау, сирек кездесетін және жойыла бастаған орман өсімдіктерінің жай-күйі мен саны жөніндегі ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және оны берумен шұғылданады;

· орманды пайдалану және ормандарды қалпына келтіру тәртібін

бақылауды, антропогендік ықпалынан және басқа факторлардан орман қорының ағымдағы өзгерістерін есептеуді жүзеге асырады, орман қоры туралы дерек банкіндегі картографиялық және статистикалық ақпараттың маңызын арттыру үшін тәжірибелер жүргізуді жоспарлайды;

· аймақтық орталықтарды орман экологиялық жүйесінің аймақтық

мониторингін жүргізу үшін қажетті аэроғарыштық, метеорогиялық және басқа ақпаратпен жабдықтайды.

Орман экологиялық жүйесінің аймақтық мониторинг орталықтары жекелеген аймақ немесе аумақ шегіндегі мониторингінің жүзеге асырады және ұйымдық жағынан Орман жүйесі мониторингінің республикалық орталығының құрамына енеді. Қажет болған жағдайда қоршаған ортаға улы заттарды бөлетін ластаушы кәсіпорындар орналасқан аудандарда, сондай-ақ, басқа да антропогендік қолайсыз факторлар әсер ететін жерлерде ормандарды жергілікті бақылау жөнінде жұмыстар атқарады.

Аймақтық орталықтардың орман шаруашылық кәсіпорындар мен орман қорғау қызметі қызметкерлері бірлесе жұмыс істейтін өзінің ақпаратты өңдеу орталықтары мен жинаушы топтары бар. Олар мәліметтерді одан әрі жинақтап, Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына сараптамаға жіберіліп отырады.

Орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізудің тәртібі мынадай:

а) ауаның, топырақтың, судың ластануы туралы метеомәліметтер, ақпараттар, ормандарды жер бетінде зерттеудің нәтижелерін орман қоры шекарасындағы өзгерістердің мәліметін, аэроғарыштық ақпаратты және т.б. мәліметтерді жинау;

б) аэроғарыштық суреттерді өңдеуді, оны талдауды, алынған ақпараттарды статистикалық және картографиялық ақпарат банк деректерімен салыстыруды, орман қорында болған өзгерістерді айқындауды;

в) шаруашылық қызметі мен табиғи дағдарысқа ұшырамаған бөліктердегі деректердің маңызын арттыруды;

г) бөліктік және картографиялық деректер банкіне өзгерістер енгізуді;

д)орын алған өзгерістерді ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеуді;

е) түрлі тақырыпта орман карталарын жасауды;

ж) орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжалауды, сондай-ақ әр түрлі факторлар ықпалынан болған зиянды ең аз мөлшерге жеткізу жөніндегі шараларды ұйымдастыру.

Байқаудың мерзімділігі әдістемелік нұсқауларға сәйкес алынған ақпарат түріне байланысты белгіленеді.

Орман мониторингін жүргізу кезінде орман экологиялық жүйесіне өрттің, энтамологиялық зиянкестердің, техногендік ластануды, орман шаруашылық және басқа кәсіпорындар қызметінің, сондай-ақ басқа да антропогендік факторлардың әсерін байқаудың жер бетіндегі және қашықтан бақылау тәсілдері пайдаланылады. Жер бетіндегі зерттеулер тұрақты және уақытша сынау алаңдарында орман орналастыру ұйымдарының, орманды сақтау және қорғау қызметтерінің және ғылыми ұйымдарының ақпараттарын кеңінен қатыстыра отырып жүргізіледі. Ауа құрамының, топырақ пен қардың түрлі заттармен ластануының деңгейі туралы метеорологиялық деректер мен ақпараттар беріледі. Қосымша ақпарат ретінде топографиялық-геодезиялық мәліметтер, табиғи-экономикалық жағдай мен шаруашылық іс-әрекеттер туралы басқа да ақпараттар пайдаланылады.

Қашықтан бақылау әдістері суретке түсірудің, түрлі шешімдегі көп спектрлі сканерлік, жылу, инфрақызыл және радиолокациялық түсірудің, аэроғарыштық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Алынған барлық ақпараттар республикалық және аймақтық есептеу орталықтарына келіп түседі. Мұнда олар өңделіп, арнайы жүйеге келтірілген соң мәліметтер банкі мен картографиялық деректер банкі қалыптастырылады және жаңартылады. Осы мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы бекіткен әдістеме бойынша түрлі масштабтағы орман карталары жасалады.

Орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету үшін қоршаған табиғи орта мониторингінің басқа төменгі жүйелері қажетті материалдарды (метеорологиялық көрсеткіштер, ауаның, топырақтың, судың, қардың ластануы туралы ақпараттар, топырақты зерттеудің нәтижелері, аэроғарыш суреттері) тиісті ведомстволар мен қызметтер белгіленген тәртіппен орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына тапсырады.

Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы ормандар мониторингін жүргізу үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады :

ü ормандар жай-күйін байқау үшін топырақтық, геоботаникалық,

орман патологиялық, ормантану және басқа тексеру мен іздестіру жөніндегі жұмысты жүргізуді ұйымдастырады;

ü аэроғарыштық және метеорологиялық ақпаратты, қоршаған

ортаның ластануы туралы деректерді алуды ұйымдастырады;

ü есептеу орталықтарына келіп түскен ақпаратты өңдеуді, орман

қорын картаға түсіруді және ормандарға абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың қолайсыз әсерін кеміту үшін шаралар әзірлеуді ұйымдастырады;

ü мүдделі министрліктердің және ведомстволардың қатысуымен

орман қорын жер бетіндегі және ара қашықтықтағы әдістермен зерттеу, оны картаға түсіру, ормандар мониторингін жүргізу үшін банк деректерін жасау және жүргізу, тақырыптық орман карталарын жасау жөніндегі әдістемелік нұсқамалар мен нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;

ü ұзақ мерзімді жедел ақпарат пен тақырыптың карталарға деген

сұранысты және қажеттілікті жүйелі зерделеуді, орман қорының жай-күйін бағалауды, бұған халық шаруашылығы мен табиғат қорғау сұранымына сәйкес деректерді енгізуді жүзеге асырады;

ü орман қоры туралы статистикалық және картографиялық

ақпаратты жүйелеуді, зерделеуді және сақтауды, сондай-ақ жариялауға жататын материалдарды басып шығару мен орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Ормандар мониторингі құжаттарының нысандары мыналар болып табылады:

орман қоры жай-күйін тақырыптық карталары, оны орман иелері, алаңдар, жыныстар, орман түрлері және басқалар бойынша бөлу;

орман қорының түгелділігі, жай-күйі мен бағалануы туралы жазбаша және статистикалық материалдар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 328; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты