Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жж. Реформалар. Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударушылар




ХХ ғасырдың басында Қазақстанда аграрлық мәселе шиеленісті. Оған қоныс аудару саясаты және жергілікті халықтың жер алуы себеп болды. Осыған байланысты “Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарын қазына жеріне ауыстыру туралы” Қаулы шықты. Түркістан аумағына православие дінін ұстайтындарды көшіру қарастырылды. Қоныс аударушылар салықтан жеңілдікпен 8 жылға дейін жеңілдетіліп, әскери қызметтен босатылды. 1904ж “Қоныс аударудық уақытша ережесі туралы заң шықты. Жаңа тәртіп бойынша бұрынғы орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз көшуге болды. Қоныс аудару стихиялық түрде болды. Кейбір зерттеушілер, патша үкіметінің әрқилы құжаттарына қарамастан, қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе түскенін атап өтеді.

Қазақстанда ХІХ аяғынан жер бөлу партиялары жұмыс істеді. Олар қоныс аударушыларға бос жерді анықтау керек еді.

Ф.А.Щербина экспедицияны басқарды. Бұл экспедиция жұмысы көп наразылық туғызды. Осы есеппен далаларда 4074180 ондық жер алынды, оның ішінде Ақмолада 2550202, Семейде – 499566, Торғай Оралда – 1024412 ондық. Дегенмен, жер пайдалану нормасын қайта қарау, көшпелі өмір салтын жою туралы пікірлер туып отырды. Ақмола, Семей облыстарына бірнеше экспедициялар жіберілді. Бұл экспедициялар материалдарында Щербин экспедициясы белгіленген норма көп, көшпенділерге көп кеңістік қажет емес, енді олар егіншілікке, отырықшылыққа көшу керек деп қорытындылады. Бірнеше жыл ішінде Қазақстанның бүкіл аумағы 5 қоныс аудару округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария бөлінді. Басқаруда – меңгеруші тұрды, ол жергілікті әкімшілік генерал-губернаторға, ал көбірек жер басқару басқармасына бағынды.

Осындай ұйымдастырылуға қарамастан қазақ халқының жерін тартып алу заңсыз, дөрекі түрде жүрді. Жетісу тұрғындарының жайылымын, қыстақтарын алу ниеттері көрсетілді.

Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велунин: Олар мемлекеттік жерлер, қазақтарға уақытша пайдалануға берілген, қоныс аудару учаскесін құру керек болса, оларды ығыстырып, қырғыз қыстақтарын тығыздап қана жерді босату керек – деп тұжырымдайды. (ЦГАРК ф.19оп .1 д 1260л31). Ал, қазақ ауылдары ығыстырылған жерлер, түркімен бойынша сенатор К.Паленаның ревизиясы бойынша тасты, суландыруға келмейтін болған, және құнарлы жерлер. Ресей қоныс аударушылардың еншісіне көше бастады. Байғұс қырғыздар жердің шектелуіне байланысты, ендігі кезеңде көшуді тоқтатады – деп пікір айтқан (Кир. Дала газеті “Адам, қоғам, табиғат” 1888-1902ж) а- 1994 127б. Осы газеттің тағы бір санында көшпелілердің өмір сүру жағдайының төмендегендігі туралы айтылған. Қазақ қоғамындағы күрделі жер қатынасы, енді қауымдық жер бөлумен Заңды негіз алды. Патша үкіметінің бұл мәселе бойынша бірнеше қаулылары шықты. Сібір қырғыздарының жарғысының 172 бабында; егіншілікке ден қойған қырғыздарға 15 ондық жер әр адамға берілетін болған.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 158; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты