Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сыртқы орта




 

2.1-сурет. Экономикалық жүйе құрылымы.

 

Экономикалық ақпарат жүйесі (ЭАЖ) өз қызметінде келіп түсетін есеп-беру ақпаратын және нормативтер мен жоспарларды аналитикалық ақпаратқа өңдейді және жинайды, бұл ақпарат экономикалық жүйенің дамуына байланысты болжам құруға, мақсаттарды қайта қарастырып, жаңа жоспарларды қалыптастыруға негіз ретінде қолданылады.

Экономикалық ақпарат жүйесінде ақпаратты өңдеуде төмендегідей талаптар қойылады:

§ басқару функцияларын жүзеге асыруда ақпараттың толықтылығы және жеткіліктігі;

§ ақпараттың мерзімімен ұсынылуы;

§ басқару деңгейіне қатысты ақпараттың шынайылығын қажетті дәрежеде қамтамасыз ету;

§ күтілетін тиімділіктен ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығындар мөлшері аспауы қажет, яғни үнемділік;

§ қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің өзгеріп отыруына бейімділік.

Басқарудың түрлі деңгейлерінде, яғни жедел басқару, тактикалық және стратегиялық басқару деңгейінде ЭАЖ-мен өңделетін ақпарат сипатына сәйкес келесі ақпараттық жүйелер түрлерін бөлеміз. (Сурет 2.)

§ мәліметтерді өңдеу жүйелері (EDP – electronic data processing);

§ басқарудың ақпараттық жүйесі (MIS – management information system);

§ шешім қабылдауды қолдау жүйелері (DSS – decision support system).

 

Экономикалық ақпарат жүйесі құрылымы

Экономикалық ақпарат жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі, оның ішкі жүйелерге бөлінуі, әдетте экономикалық ақпарат жүйесі құрамдық сипаты бойынша функционалдықжәне жабдықтау бөлімдеріне бөлінеді.

Ақпарат жүйесінің (АЖ) функционалдық бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалдық ішкі жүйе нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі. АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі.

Басқарудың негізгі функциялары – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер Нысанның негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 218; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты