Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып. Қазіргі Интернет программалаулар – 1 сағат




Лекция мақсаты:Интернет программалаулардың дамуындағы қазіргі тенденциялар: Интернет-экономикасы және Интернет-бизнестің сипаттамаларымен танысу.

Жоспар:

  1. Интернет программалаулардың дамуындағы қазіргі тенденциялар
  2. Интернет-экономикасының сипаттамасы
  3. Интернет-бизнестің сипаттамасы

 

Ерекше тенденциялар:

  • Web-технологияларда:

1-деңгей ұғымында жатқан ақпарат ішінен тек маңыздысын ғана web-бетке шығару.

2-деңгей сайт дизайнын жасағанда дайын шаблондарды пайдалану.

3-деңгей қазіргі сайттарда броузер сол сайтта орналасқан кез келген суретті көре алады.

4-деңгей осы сайтқа жетіспейтін элементтерді броузер басқа сайттардан ала алады, мысалы: счетчик, валюта курсы, баннер, ауа-райы. Осындай іс-әрекеттерді жасау үшін жаңа құралдар, программалық жабдықтар пайдаланылады.

  • Сайт құрылысының экономикасында ол жалпы осы саладағы барлық жағдайларды зерттеу. Мысалы: қай жерде қай сайтқа қанша төленеді.
  • Web-дизайнымен web-программалардағы маркетинг.
  • Саладағы адам қорына байланысты. Web-сайттар өмір көрінісі.
  • Әлеуметтік аспектісі.

Интернет-экономика дегеніміз – бұл бизнессте қазіргі ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы.

ЕС (Европейское Содружество) – электрондық коммерция 2006 жылы 2,1 троян болады. Еуропа ішінде 22%-ті құрайды. 2007 жылы интернет аудиториясы 1%-ке өсті және 15 жастан жоғары адамдардың арасында саны 747 млн. Жетті.

Жалпы континенттер бойынша:

1. Азия;

2. Еуропа;

3. Солтүстік Америка;

4. Латын Америка;

5. Африка;

6. Таяу Шығыс;

7. Австрия мен мұхит.

Мемлекет тарапынан:

1. АҚШ;

2. Қытай;

3. Япония;

4. Германия.

Электронды коммерция және бизнес: IBM компаниясы анықтамасы бойынша электронды бизнесс – бұл Интернет программалаулары көмегімен негізгі бизнесс процесстерді түрлендіру. Интернет-экономикасында интернет арқылы байланыстарды екіге бөлуге болады:

1. Сыртқы байланыс – Extranet: корпорациялар арасында;

2. Ішкі байланыс – Intranet: корпорация ішіндегі бөлімдер арасында.

Электронды бизнес кез келген іскерлік белсенділікті анықтайды. Сол белсенділік арқылы корпорация ауқымды аппараттық желіні пайдалану барысында ішкі және сыртқы байланыстарды ұйымдастыру арқылы пайда табуды көздейді.

Электронды коммерция электронды бизнесстің маңызды элементі болып табылады. Электрондық коммерция бұл ақпараттық желілер арасында кез келген келісімдерді іске асыру болып табылады.

Интернет бизнесстің құралдары төмендегідей, интернет бизнесс бқл әртүрлі бизнесстерді құру және дамыту құралдардың тиімді түрі болып табылады. Интернет бизнессті фирмаларға келесілерге мүмкіндік беретін орта түрінде қарастыруға болады:

1. Бүкіл әлемге немесе өзінің белгілі таңдаған топтарға корпоративтік ақпараттармен қамтамасыз ету;

2. Шығындарды азайту;

3. Интернет арқылы төлемдерді жүргізу мүмкіндігі;

4. Бизнесс процесстерді компанияның ішінде және басқа серіктестерімен оптималдау және автоматтандыру;

5. Бизнесстің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыздандыру;

6. Дүние жүзіндегі нарыққа шығу;

7. Бизнесстің кейбір бағыттарын дамыту;

8. Жарнама және маркетингтік шараларға жұмсалатын шығындарды азайту;

9. Қалалық және аудандық әкімшіліктермен байланыссыз қатынас жасау;

10. Бизнесстің мобуильденуі.

Интернет-бизнесс технологиясын пайдалана отырып келесі проблемаларды шешуге болады:

· компаниялар және серіктестер арасында ақпарат алмасуды жоғарғы деңгейге жеткізу;

· жарнама компанияларға жетіспейтін құрал-жабдықтар табу;

· жаңа нарықтарға шығу деңгейін өсіру;

· аймақтық және дүниежүзіндегі нарықтарға шығу қиыншылықтарын шешу;

· мемлекет тарапынан салықтарды жеңілдету;

· бизнесс аудандық, қалалық әкімшіліктің араласуын төмендету;

· компаниялар ішіндегі бөлімшелер арасында байланыстарды жақсарту;

· есеп беру проблемаларын шешу.

Интернет-бизнесстің негізгі құралдары ретінде, әсіресе кіші немесе орта бизнеске келесілер жатады:

· кіші корпоративтік web-сайт;

· интернет магазин;

· ақпараттық аукцион;

· ақпараттық бизнесс портал;

· интернет биржа;

· интернет маркетинг;

· интернет банкинг.

1. Корпоративтік web-сайт:

- компания туралы ақпарат;

- өзіне клиенттер тарту;

- қатысушылар арасында байланыс орнату.

Нәтижесінде:

1. Web-сайттың үздіксіздігі;

2. Кез келген жерден қатынас жасау;

3. Тұтынушыларға байланысты шығынды азайту;

4. Web-сайтқа қатысушылар жайлы мінездеме беру.

 

2. Интернет магазин – web-сайттың бір бөлігі, мәліметтер береді.Функциялары:

- тауар мен қызмет сату;

- тауар мен қызметке байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету;

- бизнесс ақпарат;

- қосымша клиенттер мен серіктестерді тарту;

- субьектілер арасындағы байланыс беріктігі;

Нәтижесінде:

1. Тауар сату жоғарылады;

2. Сұраныс мәліметтерді алу;

3. Әр тауар бір бірлігіне жұмыс шығынды төмендетеді;

4. Интернет магазин иесі имиджин жоғарылату.

 

3. Интернет аукцион – сауда терезесі, онда кез келген қолданушы өз тауарын сатуға ұсынады.Функциясы:

- мәлімет беру;

- кез келген қызметпен тауар сату;

- сұраныс туралы бар мәлімет жинау.

Нәтижесінде:

1. Ақшаны жоғалтпай пайда табу;

2. Тауар жайлы мәліметті бірінші қолдан алу;

 

4. Ақпараттық бизнес портал – күрделі ақпараттық жүйе, негізгі мақсаты, ол автоматтандыру режимінде іздестіруді қалыптастыру. Бүкіл бизнесске қажет құжаттарды сақтайды. Портал – web-сайттың жинағы. Функциясы:

- бір қолданушыға кәсіпорын туралы ақпараттық карточкаларды беру;

- тауарға прайс-лист беру;

- әртүрлі коммерциялық хабарландыруды беру;

- тендер жайлы хабар беру;

- кез келген сайтқа қатысушыға секундтар ішінде өзі іздеген мәліметін беру.

Нәтижесінде:

1. Пайда табу;

2. Шығынды азайту;

3. Ақпараттық ағымды автоматтандыру;

4. Клиенттерге керекті ақпараттарды уақытты көп жұмсамай пайдалануға беру;

5. Үздіксіз күні-түні жұмыс істеу.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 162; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты