Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Экссудация

Экссудация қүбылысы қабыну ошағынан қанның ағып кетуінің қиьшдауына байланысты қан тамырының ішіндегі гидростатика-лык, қысымның көтерілуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, қабы-ну медиаторларының, лейкоциттердің, протеолиздік ферменттердің әсерінде эндотелий жасушаларының зақымдануы байқалады. Нә-тижеде эндотелий жасушалары жиырылып, жасушыаралық саңы-лаулар кеңейеді немесе микропиноцитоз қүбылысы күшейеді. Осы жерден қанның сүйық бөлшектері: су, электролиттер, белоктар (алдымен альбумин, глобулин, соңынан фибриноген) шыға бас­тайды. Белоктардың тамыр сыртына шыгуы ол жердегі онкотика-лық қысымды көтереді, қабыну ошағында сүйықтық жиналып қалады, оны экссудат деп атаймыз.

Қан элементтерінің эмиграциясы лейкоциттердің қабыну оша­гына жиналуынан басталады (35-сурет). Лейкоциттер эндотелий


134 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

қабатында тізбектеле жайғасады (маргинация), кейін эндотелиге жабысып, эндотелий арасындағы саңылаудан жалған аяқшалар (псевдоподий) арқылы шыға бастайды, осы құбылысты эмигра­ция деп атайды. Эндотелиден өткен лейкоциттер тіректік мембра-наға өзінің ферменттері (эластаза, коллагеназа, гиалуронидаза, ка-тиондық белоктар) арқылы эсер етіп, тамыр сыртына шығады. Полиморфты ядролы лейкоциттер осылайша трансэндотелиалды шығатын болса, қабыну аймағындағы лимфоциттер тікелей, эндо­телий жасушаларының денесі арқылы (трансцеллюлярлы) шыға алады.

Қан тамырынан шыққан лейкоциттер өрі қарай, қабыну ошағы-на жылжи бастайды, оны хемотаксис қүбылысымен түсіндіреді. Хе­мотаксис лейкоциттер мембранасына қабьшу ошағында пайда болт­ан өртүрлі химиялық заттардың (медиаторлардың, комплемент жүйесінің, микроорганизмдер өнімдерінің жөне т.б.) өсерінде дами-ды. Қабыну ошағьщда бірінші болып лейкоциттер, одан кейін моно-цитгер, лимфоциттер пайда болады. Олардьщ пайда болу реті кейбір инфекцияларда өзгеруі мүмкін. Мысалы, вирусгық инфекцияларда, балаларда қабыну ошағында лимфоциттер басым болады.



Қабыну ошағына шыққан лейкоциттердің негізгі қызметі фа­гоцитоз болып саналады. Фагоцитоз үрдісі үш кезеңнен түра-ды: 1) қабыну ошағындагы бактерияларға комплемент компоненттерінің, негізінен СЗв-ның жабысуы (олар опсониндік қызмет атқарады); 2) осы бактерияларды нейтрофилдер мен мак-рофагтардың жүтуы; 3) жүтылған материалдың ьщырап, жойылуы. Фагоцитоз барысында жасуша ішінде мембранамен қоршалған фагосома пайда болады, ол лизосомалар мен қосылса фаголизосома деп аталады. Осы қүрылымдарды қорытып, жою үшін лейко-циттердің дегрануляциясы жүріп, олардан лизосомалық фермент-тер (қышқыл гидролаза, протеазалар, катиондық белоктар), лизо-цим, эластаза, лактоферрин, комплементтер, еркін радикалдар бөлініп шығады. Сөйтіп, жасуша ішіндегі микроорганизмдер ыды-рап жойылады. Егер осы қүбылыс толық болса, оны аяқталган фагоцитоз деп, егер толық болмаса, аяқталмаган фагоцитоз (эндо-цитоз) деп атайды. Мысалы, фагоцитоз кезінде туберкулез мико-бактерияларының тек 5% гана жойылатъшы белгілі. Ішінде жой-ылмаган микобактериялар бар жасушалар, туберкулез таралып кетуінің көзі бола алады, демек, эндоцитоз организм үшін зиянды қүбылыс.



Қабыну ошағына қан тамырлары арқылы шықкдн гематогендік элементтер (лейкоциттер, моноциттер, лимфоциттер) және жергілікті, гистиогендік жасушалар (жергілікті макрофагтар, гис-


4 бөлім. Қабыну________________________________________________________ *^>э

тиоциттер, фибробласттар, эндотелиоциттер) қабыну сіңбелерін қүрайды. Олардың қүрамы этиолопшлық факторлармен анықта-лады.


Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 69; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Гистамин, брадикинин, | Пролиферация
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2017 год. (0.031 сек.) Главная страница Случайная страница Контакты