Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ОРГАНИЗАЦИЯ




Организация (дәнекертіңдену) деп некрозға үшыраған немесе басқа себептермен жойылган тіндердің орнын дәнекер тіннің басу-ын айтады. Соның нәтижесінде зақымдану ошақтары дәнекер тінмен қоршалады (инкапсуляция) немесе бүтіндей алмастырылады.

Инкапсуляцияға үшыраған жерлер қаннан бөлінген кальций түздарының сіңуіне байланысты беріштеніп қатады Оны петрифи-



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


7 бөлім. Регенерация


111


 


кация (тастану) дейді. Осы ошақтардың айналасында өлі ет тіндерін ыдырауға қатысатын көп ядролы, жат денелерге тән алып жасуша-лар пайда болады.

6.4. ДИСПЛАЗИЯ

Дисплазия эпителий жасушаларының пролиферация және пісіп-жетілу (дифференцировка) үрдістерінің бүзылуымен сипат-талады. Дисплазия аймағьшда эцителидің бір бағытта жайғасуы, қатарлылығы, жалпы архитектоникасы бүзылған жасушалар полиморфизмі, митоздар санының артуы, атипиялық митоздар бай-қалады. Дисплазия жатыр мойнында, тыныс жолдарында, қуықта жиі кездеседі. Оның негізгі себебі созылмалы қабынулар. Эпите­лий жасушаларының өзгеру деңгейіне қарап дисплазияның жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады. Дисплазияның ауыр түрі ракалды үрдісі болып есептеледі, кейде оны карцинома in situ-дан ажырату қиын. Дегенмен-де дисплазия қайтымды үрдіс, ауру себептері жойылғанда эпителий өзгерістері кері дами алады.

7 бөлім. РЕГЕНЕРАЦИЯ

Регенерация(латынша — regeneratio — қайта туу, жаңару) деп зақымданудан кейін немесе өмір сүруі тоқтаған, жасушалардың тін элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпьша келуін атайды.

Көптеген бейімделу реакцияларының негізінде регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан өр түрлі патологиялық үрдістер агза қызметінің бүзылуымен, тіндер мен жасушалардың күрылым-дық өзгерістерімен сипатталады. Осы өзгерген немесе жойылған қүрылымдар өз қалпына келгенде гана, ағза қызметі қоршаған орта талаптарына сай жауап қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.

Регенерацияның 1) физиологиялық; 2) репаративтік; 3) пато-логиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық регенарация ешбір сыртқы әсерсіз қалыпты жагдайда үздіксіз өтіп жатады. Физиоло-гиялық регенерация тозыгы жеткен тіндер мен жойылып кеткен жасушаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, асқазан-ішек, тыныс алу жүйелерінің эпителиінің үздіксіз жаңа-рып түруый келтіруге болады. Организмнің осы бөліктерінде жа-бынды эпителидің бүтіндігі әрдайым сақталуы керек. Эпителий бүтіндігі бүзылғанда шырышты қабақтарда жара пайда болып, эр түрлі инфекциялар қанға тікелей өтіп кёту мүмкіндігін алады, ягни


қоршаған орта мен организм арасындагы өзара қатынас бүзыла-ды. Демек регенерация шырышты қабықтардың бүтіндігін, олар-дың қорғаныс қызметін қалыптастырады, ішкі және сыртқы орта түрақтылыгын қамтамасыз етеді. Тіршілігі жойылған қан элемент-терінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз пайда болуы да, жасушаішілік ультрақүрылымдардың өз-өзінен жаңарып түруы да физиологиялық регенерация түріне жатады.

Реперативтік регенерация жасушалар мен тіндердің әр түрлі себептерге байланысты зақымдануы нәтижесінде дамиды.

Регенерация үрдісі барлық жан-жануарларда бірдей өтпейді. Мысалы, сақиналы қүрттардың бір бөлігінен түтас қүрт пайда бо­лады. Қүйрықты қосмекенділер (тритондар және т.б.) жогалтқан қүйрықтары мен аяқ-қолдарын тез қалпына келтіре алады. Көпке дейін толық регенерация (реституция) деп, осылайша жогалган ағза орнына сол тектес жаңа ағзаның пайда болуын түсініп келді. Бірақ, эволюцияның ең жогары сатысына көтерілген сүтқоректілерде бүл секілді жаңару жоқ. Сонымен қатар даму үрдісінің ең жоғары сатысындағы организмдерге регенерация мүмкіншілігі жоғалғаң, не өте төмендеген деген заң қалыптасқан болатьш. Дегенмен, көпте-ген зерттеулер нөтижесінде, әсіресе кейінгі 20-30 жыл ішінде, сүтқоректілер организмінде регенерацияның басқаша жасуша және жасушаіші деңгейінде, өтетіндігі анықталды. Осы мәселені толық шешуде Д.С.Саркисовтың жөне оның шэкірттерінің (1963-1987) орны ерекше. Олар электрондық микроскопты, электрондық ав­торадиография әдісін пайдалана отырып, регенерация үрдісінің жаңа заңдылықтарын ашты. Жасушаішілік регенерация регенера­ция үрдісінің ең бір универсальды түрі екендігі анықталды. Осы зерттеулер нәтижесінде толық регенерация болмаған жағдайда агза-лар мен жасушалар қызметі қалайша қалпына келеді деген с үраққа толық жауап алынды.

Ағза қызметінің қайтадан, жанаруы, оның сыртқы пішінінің қайта қалыптасуьша тәуелді емес. Мысалы, бауырдың жарты бөлігін алып тастаганда, кесілген жерде тыртық пайда болады (субститу­ция— жартылай жаңару). Ал бауырдың қызметі қалған жасуша-лардың, бөлініп көбеюі (гиперплазиясы) және жасуша ультрақүры-лымдарының жаңаруына байланысты үлкеюі (гипертрофиясы) нөтижесінде өз қалпына келеді (53-сурет).

Жасушаішілік регенерацияның өзі бірнеше деңгейде өтеді: 1. Органоидтар регенерациясы. Мысалы, регенерация барысында митохондрилердің саны көбейеді немесе бір-біріне қосылған алып митохондрилер пайда болады. Ядролар және ядрошықтар саны-ның көбеюі де осы тектес қүбылыстардың бір көрінісі.


12 - 437



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


7 бөлім. Регенерация



 



Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 181; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты