Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лирикалық туындыдағы автор тұлғасы




Автор – көркем туындыға таза ішкі ұстанымдағы қарым-қатынастағы тұлға, өмірлік тәжірибелі тасымалдаушы, бұл тәжірибе өңделген түрде оның туындысында бейнеленеді.

Нақты автор – көркем туындыны жасаушы, өзіндік мірбаяны бар тарихи тұлға, нақты адамдар.

Имплицитті автор н/е автор бейнесі – оқырман шығарманы оқу үдерісінде санасына орнығатын ұғым.

Автор бейнесі әдеби шығармалардағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр трлі дәрежеде, әр қырынан аңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барсынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жекеавторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі.

Автор бейнесінің белсенділігі көркем туындының жанрына байланысты әртүрлі деңгейде көрінеді. Лирикада автор бейнесінің белсенділігі ерекше байқалады. Көп жағдайда лирикалық бейне мен авторлық «мен» тұтасып кеткендей болады. Эпоста автор бейнесі әрқилы қалыпта көрінеді. Эпикалық туындыларда автор образы әрқилы көрініс табатын жазушының суреткерлік мақсатына, яғни идеясына, қаламгердің стиліне, таңдалып алынған өмір шындығының сипатына байланысты. Кез келген шығармада бейнеленген өмірлік материалға белгілі дәрежеде автордың қатысы болады. Автор өзінің қатысын тікелей пікір білдіру арқылы немесе авторлық образын беру тұрғысында көрсетуі мүмкін. Көптеген эпикалық шығармаларда автордың айтпақ ойы, мінез қырлары, көзқарастары кейіпкерлер арқылы жүзеге асып жатады. Айталық, әйгілі француз жазушысы Гюстав Флобердің: «Мадам Бовари – ол мен» дегені н/е Лев Толстойдың «Анна Каренина» романындағы Левин бейнесі т.с.с. Көркем шығармада автор тұлғасының көрініс табатыны жөнінде В. Гете: «Өз шығармаларында әрбір жазушы белгілі дәрежеде, тіпті еркінен тыс өзін бейнелейді»,-десе, В.В.Стасов: «Кез келген көркем туынды оны жасаушының ақиқат айнасы, онда өзінің тұлғасын жасырып қалу ешкімнің қолынан келмейді»,-деген екен.

Драмалық шығармаларда автор бейнесі мүлде тыс қалады деуге де болады.ол жанрдың ерекшелігіне байланысты.

Автор әдеби шығарманы тудырушы, өзінің көркемдік әлемін жасаушы. Автордың өзіне тән болмысы көне дәуірлердің өзінде дара эстетикалық болмысын танытқан. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады.

16. Аристотель «Поэтикасы»

Аристотельдің «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар «Поэтика» өз кезегіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т.б. жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейінөзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.

Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттің келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта тұрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ «Поэтика» грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.

Поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотель «Поэтикасы» - өнер туралы ойлар.

Аристотельдің эстетикалық принциптрінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның «Поэтикасын» Лессингтің «Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма» деп таңдануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы «екі мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына» тамсануы да әлгібір қағидалы жайларға байланысы еді.

Аристотель пайымдаулары:

1. Ақынның міндеті өмірді көшіру емес, жалпы мағынасын ашу деп есептеді. Мұнда Аристотель жаопының жалқыға ұласуын түсіне бермейді. Лениннің сөзімен айтқанда, диалектиканың, жалпы мен жалқының жеклеген заттық мағынасын бұрмалау;

2. Аристотель өнердің танымдық қызметін айқындай келіп, өзінің ұстазы Платонмен салыстырғанда, өнер-шындық жайлы білім береді дегенді мойындайды;

3. Поэтикалық жанрдың сипатын (трагедия, комедияны) ақынның жеке моральдық бейнесімен байланыстырады. Бұл көзқарас бойынша трагедия мен комедия жасаған драматургтер қатарына кірмейді;

4. «Тазаруға» қатысты көзқарасы қорқынышпен, азаппен келгені ешқандай түсінік бермейді. Бұл А-ң грек демократиясынан бастау алған трагедияларды тәрбиелікәсерін тазару деп түсіндірді. Сол арқылы халықты ұжымдануға және өмірлік кедергілермен күресе білуге шақырады;

5. А-ль бастапқы кезден трагедиялар мен комедияларды байланыстырады да содан кейін идеализм мен материализм арасындағы өзінің пікір айқндығын көрсетеді;

6. А-ль трагедияда шиеленіскен қарым-қатынастарды дұрыс көрсетіп, түсіндіре білді. Бірақ, А-ль трагедия сипатының рөліне дұрыс түсініктеме бермейді. Ол трагедияда мінез болмаса да өзара іс-әрекет міндетті түрде болуы керек деп есептейді;

7. Осылайша А-ль мейірімді н/е ұнамды кейіпкерді оның шығу тегімен салыстырмайды. Мысалға, ол құл иеленуші ретінде құлдың өзі трагедияда жағымды кейіпкер болуы мүмкін деп есептеген.

17-сұрақ. 20 ғ. Басындағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлер (қазақстанда)

Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар. Бұл ғасыр қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер әкелді. Халықтық эстетикадан бастау алған баспасөз әдеби сынды тудырды. Жазба әдебиет өркен жайып, жанрлық түрлер дамыды. Проза мен поэзияда жаңа ізденістер пайда болды. ХХ ғасырдың алғашқы 20жыы ішінде 500-ге жуық кітаптар жарық көрді. Классикалық мұрадан Ибн Сина, ожа Ахмет Яссауи, Шортанбай, Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары кітап болып шықты. Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.

«Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі.Аталған газет-журнал, оқулықтар қазақ тілінің тазалығы, халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензиялар мен сын-пікірлерді жариялау арқылы әдебиетті толықтыра түсті.

М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиттануының бір көрінісі- М.Сералиннің «Шахнаменің» аудармасына жазғын «Сөзбасы» зерттеу мақаласынан көруге болады. С.Ғаббасовтың «Айқап» журналындағы «Тарих қазақ жайынан(халық ахуалы)», С.Торайғаровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары Қазан жайлы( қазақ поэзиясының жалпы келбеті,даму жолы)», «Өлең һәм оны айтушылар», «Жаңа кітап» мақалсы.Қазақ газетіндегі 1914ж. Ә.Бөкейхановтың «ән,өлең һәм оның құрылысы(әдебиет пен музыка байланысы, сабақтастырып, поэзияның эстетикалық мұратын халық өнерімен саралайды)» Әсіресе,ХХғасырдың басында роман жанры ерекше дамыды. Оған А.Байтұрсыновтың «Білім жарыс»мақаласы, осымен сарындас Ә.Бөкейхановың «Роман не нәрсе?», «Роман бәйгесі»,М.Сералиннің «Роман жарсы туралы» мақаласы және 1910 жылы шыққан С.Торайғырдың «Бақытсыз Жамал» романы дәлел.

Қазан төңкерісінен кейін әдебиеттану дағдарысқа тап болды.Әдебиеттің эстетикалық және ғылыми танымы енді күрделі идеологиялық процесстерге ауысты. Бұрмалаушылық пен солақайшылдыққа ұрынған «тұрпайы социологизмә теориясы ғылыми зерттеуге белсене араласты.Соған қарамастан өткен дәуір ақын-жазушыларының шығармалары баспасөз бетінде, жеке жинақ боп жарық көрді(1917ж»Абай термасі», Ә.Диваев құрастырған «Жеті батыр»жинағынды С.Торайғ-ң поэмалары, Абай өлеңдерінің толық жинағы).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 199; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты