Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Орғану жолдары

Читайте также:
  1. Lt;variant>өз елімізде шет тілін оқытудың тиімді жолдарын табу
  2. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
  3. Німдердің нитрат және нитриттермен ластану жолдарын және оның адам денсаулығына әсерін сипаттаңыз
  4. Ртті сөндіру құралдары мен жолдары
  5. Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
  6. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
  7. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешужолдары.

Ядролық қарудың ауа толқынның соққысынан, тек осы күшті есептен салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену-бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан /жарылыс басында/ бірнеше мыңға дейін болады /жарылыстың аяғында/.

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса,

2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері сыдырылады/;

4-ші дәрежелі -12 жоғары кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.

Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.



Сәулелену дозасы депқоршаған ортада гр затты не куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Ашық траншея – 3 есе азайтады

Жабық траншея – 7-10 есе

Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе

Бір қабатты тас үй – 10-15 есе

Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.

Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе

Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе

Арнайы салынған баспана – 1000 есе

Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды /еш зиянсыз/.



Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ласайды – радиоактивті заттар жерге түседі.

Оның 3 зонасы:

1. қауіпті зонасы;

2. күшті ластанған зонасы;

3. аздау ластанған зонасы.

 

Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты:

§ жарылыс түрінен /бомбаның/;

§ оның күшінен /неше мегатонна/;

§ жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

§ эпицентрден қашықтығынан;

§ жарылыс кезіндегі ауа райынан;

§ жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.).

 

Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радияция деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді – 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 13; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2017 год. (0.009 сек.) Главная страница Случайная страница Контакты