Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кенелік энцефалит




 

Кенелік энцефалит (көктем-жазѓы кенелік энцефалит) — трансмиссиялық не алиментарлық жолмен тарайтын, табиғи ошақты, жедел ағымды вирустық сырқат. Оның табиғи ошақтары негізінен Европа мен Азияның орманды өңірлерінде кездеседі. Дегенмен, ол жерлердің өзінде ауырғандардың саны бірнеше жүзден аспайды.

Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі. Кенелік вирустық энцефалиттің вирусы арбовирустар тобына жатады. Ол — РНЌ-лы вирус, буынаяқтылардың организмінде өсіп өнеді. Вирустың табиғи қоры иксод (жайлымдық) кенелерде (регsиlсаtus және Іхоdes гіcіnіs) қалыптасып, солар арќылы адамға ж±ѓады. Инфекциялы таѓы жануарлардың (вирустың уаќытша қоры — ала тышќында, дала тышқаны мен қ±старда) қан арќылы вирус кененің қарнына түседі. Ќарнынан вирус кененің бүкіл денесіне тарап, әсіресе сілекей, аналық бездеріне және жұмыртқаларына көбірек жиналады. Ж±мыртқаға ж±ќќан вирус кененің келесі ұрпаѓына берілсе, сілекейі арқылы жануарларға ж±ғады. Жыныстыќ т±рғыдан жетілген кене ірі қара мал, ешкі, қой, ит сияқты үй жануарларыныњ қанын сорып қоректенеді. Кей жерлер үшін ешкінің ерекше эпидемиялық мәні бар: вирус шикі сүт арқылы ж±ғады. Вирус б±лай ж±қса, қостолқынды (двухволновый) деп аталатын менингэнцефалит дамиды (вирус кене арқылы да ж±ѓады), ол кейбір отбасыларына тән.

Б±л ауру жыл маусымымен байланысты: єдетте, көктем-жазғы мезгілде (көктем-жазѓы энцефалит), кейде күзде ќаулайды. Инкубациялық мерзімі 7—20 күн. Ауру жедел басталады. Науқастың денесі қалтырап, басы ауырып, өсінен танады, кейде эпилепсия тєрізді ќояншыќ ±стайды, менингийлыќ симптомдар, парездер мен салдану (ауру ауыр әсерлі болса) байқалады. Сырқат ±заќќа созылса, науқастыњ жады нашарлайды. Б±лшықеттері семіп, қозғалу қабілеті жарым-жартылай ѓана ќалпына келеді. Кµбіне мойын мен иық белдеуінің б±лшықеттерін парез шалып, семеді (басы салбырап қалады). Ауру созылмалы аѓымды болса, Кожевников эпилепсиясы деп аталатын синдром дамиды.

Эпидемиялыќ қаулау кезеңінде көбіне нерв жүйесі онша зақымдалмай, аурудың кµмескі т‰рлері, кейде менингийлік т‰рі орын алады. Аурудың бүл түрлерінен болған зақымдар бірсыдырғы толығырақ қалпына келеді.

Патологиялық анатомиясы. Мидың тамырлары толыққанды, ісінген тканінде қанды ошақтар көп болады. Микробейнесі аурудың даму кезеңі мен ағымының сипатына байланысты. Ауру жедел аѓымды болса, қанайналымы күрт б±зылып, экссудатты қабыну басымырақ өрістеп, көбіне тамырлардың маңына клеткалар шоѓырланып, нейронфагия дамиды. Ауру ±заќќа созылса, астроциттік глия тым көбейіп, нерв жүйесінің әр жері зақымдалады (спонгийлі жерлер, түйіршікті шарлар шоғыры). Ал кенелік энцефалит созыл-малы болса, фибриллалы глиоз өрістеп, мидың миелині кемиді, кейде оның белгілі бір бөлімдері ғана семеді.

Өлімнің себебі. Алѓашқы 2—3-тәулікте µлімге ми бағанының зақымдылуы себеп болса, кейінірек науқас басқа себептерден өлуі мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 143; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты