Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Активтердің орташа құны




Өтімділігі. Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану мүмкін емес және CAMEL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспекторға бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа алуы қажет:

1) салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстыруды (талап еткенге дейінгі депозиттер);

2) активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады);

3) банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады);

4) банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.

Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға болады.

 

 
 
Берілген несиелер   Депозиттік салымдар


1)

 

 

 
 
Өтімді активтер   Салымдар

 


2)

 

 

CAMEL жүйесі бойынша өтімділікті талдаудың жалпы критерийлері:

1-рейтинг (тұрақты). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемі жеткілікті. Банктің ішкі бақылау әдістері мен ақпаратты өңдеу жүйесі банк басшыларына сәйкес мәліметтерді беріп отырады. Банкте депозит түрінде несиелеудің үлкен көлемді көздері бар. Өтімділік деңгейі бойынша банктерді салыстырғанда бұл банктің өтімділік коэффициенті жоғары.

2-рейтинг (қанағаттанарлық). Бұл рейтингтегі банктерде өтімділік деңгейінің төмендеуі мен қарыз қаражаттарына тәуелдігінің жоғары тенденциялары байқалады. Банкте депозит түрінде несиелеу көздерінің белгілі бір бөлігі ғана бар. Және тез арада қаржы қаражаттарын тартудың белгілі бір мүмкіндігі бар. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа деңгейден жоғары.

3-рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктерде өтімді активтер көлемі жеткіліксіз. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа.

4-рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемінің жеткіліксіздігінен өтімділік көрсеткіштері нашар. Яғни, өтімділік коэффициенті үнемі сақталмайды. Банк қарыз қаражаттарына тәуелді. Өтімділік көрсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда орташадан төмен.

5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Банктің өтімділік көрсеткішінің өте нашар жағдайда болуы оның өмір сүруіне қауіп төндіреді. Өтімді активтердің жетіспеушілігі және өтімділік коэффиценттерінің үнемі сақталмауы байқалады. Мұндай банктерге тез арада реттеу шараларын қолдану керек.

Менеджмент.CAMEL аббревиатурасының жазылуында менеджмент үшінші компоненті болғанымен, менеджменттің талдауын басқа компоненттердің барлығын талдағаннан кейін жүргізеді. Өйткені менеджментті бағалау басқа 4 компонентке тікелей тәуелді болады және басқаруды бағалау CAMEL жүйесіндегі субъективті компонент болып табылады.

Капиталды активтердің сапасы, пайда мен өтімділікке қарағанда, басқару әдістерін бағалау үшін коэффициентті көрсеткіштерді қолдану мүмкін емес. Басқару әдістерін бағалау кезінде CAMEL жүйесі бойынша басқа 4 бағытының рейтингісін ескеру қажет.

Менеджментті талдау кезінде мынадай факторлар ескерілуге тиіс:

· банктерге тексеру жүргізгенде, банк басшылығы өзінің техникалық біліктілігін, басқарушылық және әкімшілік қабілеттілігін көрсетуі керек;

· банк басшылығының экономикалық жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ банктік жүйенің өзгеруіне бейімделу қабілеті болу керек және Ұлттық банк пен сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын орындауы керек;

· банк басшылығы банк жұмысының ішкі тәртіптерін жасауға және оның орындалуына жауапты болуы керек;

· банк басшылығы білікті басқаруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді оқытып отыруы қажет;

· банк басшылығының кез келген заңсыз іс-әрекеттері айқындалған жағдайда, әсіресе банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға жеңілдікпен несие бергені үшін сыналуы керек.

CAMEL рейтинг жүйесі бойынша барлығы 5 компоненттің бағалануы жүргізіліп болған соң, жалпы банктің бағасын сипаттайтын банктің жиынтық рейтингісін анықтайды.

Жиынтық рейтингісін есептеу үшін 5 компоненттің әрқайсысы бойынша балдарды қосып, шыққан соманы 5-ке бөлеміз.

Мысалы:

капитал жеткіліктілігі активтердің сапасы менеджмент табыстылық өтімділік = 2 = 2 = 3 = 3 = 1

 

Барлық компоненттердің сомасы 11-ге тең болса, оны 5-ке бөлеміз, нәтижесі 2,2 оны бүтін санға айналдырсақ (9-кесте), жиынтық рейтинг 2-ге тең немесе қанағаттанарлық болып табылады.

9-кесте.

Жиынтық рейтингтің мәндері

1-ден 1,4 дейін 1-ге айналдырылады және рейтинг тұрақты
1,5-тен 2,4 дейін 2-ге айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлық
2,5-тен 3,4 дейін 3-ке айналдырылады және рейтинг орташа
3,5-тен 4,4 дейін 4-ке айналдырылады және рейтинг шекті
4,5-тен 5,0 дейін 5-ке айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлықсыз

 

1-рейтинг немесе тұрақты рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар тән:

· қаржы жағдайы барлық аспектілер бойынша сенімді;

· табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және оларды қызмет барысында түзетуге болады;

· банктің қаржылық жағдайы экономикада немесе банктік секторда болып жатқан мәселелер мен өзгерістерге қарағанда тұрақты;

2-рейтинг немесе қанағаттанарлық рейтингісін алған банктерге мынадай жағдайлар тән:

· табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және олар банк басшылығымен түзелуі мүмкін;

· банктің қаржылық жағдайы өз деңгейінде тұрақты саналғанымен, банктің, экономикалық конъюнктураның жағдайы мен банк секторының жұмысының өзгерістеріне бейімделу қабілеті болуы керек;

· банктік қадағалау департаментін мазасыздандыратын тексеру немесе есеп беруді талдау барысында айқындалған мәселелер банк басшылығымен міндетті түрде шешілуі керек.

3-рейтинг немесе орташа рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар:

· банк әлсіз, егер экономикада немесе банктік сектордағы жағдайлар қолайсыз жақтарға өзгерсе, онда банктің қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін;

· тез арада жіберілген қателіктерді түзету бойынша шаралар қолданбаса банктік қаржылық жағдайы нашарлайды.

· банктің жағдайы банктік қадағалау департаментін ерекше мазасыздандырады.

4-рейтинг немесе шекті рейтингісін алған банктерге мына жағдайлар тән:

· қаржы қызметінде айтарлықтай кемшіліктер болады;

· жағдайының тұрақсыздық белгілері бар және ол қажетті түрде қалыпқа келтірілмеген;

· егер жағдайды түзету бойынша шаралар қолданбаса, жағдайдың асқынып кетуі, банктің болашақта өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін;

· банктің банкротқа ұшырау қаупі бар;

· банкті қадағалау департаменті жағынан қатаң қадағалау мен бақылауды қажет етеді.

Сондай-ақ мәселелер мен кемшіліктерді жоюға байланысты толық жоспардың болуы талап етіледі.

5-рейтинг немесе қанағаттанарлықсыз рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар тән:

· жақын арада банкротқа ұшыраудың жоғары деңгейдегі мүмкіндігі бар;

· бірнеше қауіпті кемшіліктері бар, жағдайдың өте нашар болуы банктің акционерлері тарапынан немесе басқа да қаржы көздерінен жедел қаржылық көмекті қажет етеді;

· жағдайды түзету бойынша жедел шараларды қолданбаса және қаржылық көмек көрсетілмесе күштеп таратуды қажет етеді.

Бақылау сұрақтары:

1) Банкті ашуға рұқсат және лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет?

2) Қандай пруденциалдық нормативтерді білесіз?

3) Қашықтан қадағалау механизмі неден тұрады?

4) Инспекциялық қадағалау дегеніміз не?

5) САМЕL жүйесі дегеніміз не?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 112; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты