Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Менеджердің қызметтік принциптері




Кәсіптік білім беру саласында педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты кәсіби білім беру процесін басқару саласымен мейлінше жақындастыру, тиімді нәтижелерге жетуді қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде педагогтар, студенттер мен оқушыларды басқара білу. Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компонентерінің өзара үйлесімділігі:

1. Жоспарлау;

2. Ұйымдастыру:

3. Реттеу;

4. Бақылау;

5. Есеп жүргізу;

6. Талдау;

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: (шешеімдерді қабылдау мен орындауда)

- Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс – қимыл стратегиясын әзірлеу. (түрлі деңгейдегі).

- Басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін нақты көрсету.

- Басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және олардың кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай,и өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру т.б.

- Жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру.

- Басқару шешімдерін орындау барысында ағымдағы және қорытынды бақылау мен есеп жүргізе білу.

- Білім беру жүйесі құрылымдық бағыныштылығына қарай оқушылар, педагогтар, оқу топтары мен педагогикалық ұжым жұмысына талдау жасай білу

 

Шешімді орындау үшін тиісті алғышарттар жасау:

- Білім беру ұйымының түпкі мақсатына жету жолында педагогиалық және оқушылар ұжымы арасында қолайлы моралды психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Басқару шешімдерін жүзеге асыруда педагогикалық және іскерлік қатынасты жүзеге асыру.

Басқару тиімділігін арттыру саласында:

1. Педагогтарды, оқушыларды басқаруда, оқу – тәрбие процесіне жаңа мақсаттар мен міндеттер белгілеуде перспективалық бағыттар әзірлеу, тәсілдердің түрлерін жетілдіру;

2. өзі басқарып отырған педагогикалық немесе оқушылар ұжымының барлық ерекшеліктерін ескере отырып, менеджердің жеке басқару қызметіндегі стилін қалыптастыру;

Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттарға қол жеткізуін мына төмендегі алғышарттардың тобын атап өткіміз келеді:

1. Басшының жеке басының қасиеттері. (оның жалпы дайындығы мен кәсіби шеберлік деңгейі, оның мақсаттық ұстанымы мен өмірлік бағыт, бағамдары, құдылық қасиеттері)

2. Субъектімен қарым – қатынасындағы моралды – психологиялық ахуалы, жеке құлқы.

3. Оның қызметіндегі шарттылық пен мерзімдік сипаттамалар.

4. Оның қызметіндегі шарттылық пен кеңестік сипаттамалар. (материалды – техникалық қамтамасыз етілуі, гигеналық және эстетикалық шарттар т.б.) осы және басқа да мәселелерді оқулықтың келесі тарауларында қарастырамыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 198; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты