Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Абылдау түсінігі




Жоғарыда айтқанымыздай, түйсіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды.Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан анағұрлым бай келеді. Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам белектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен бірігуі күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің (синтез) мұндай турі бір сезімдік қызмет аймағында да (суретке қарай, біз әр-түрлі кор әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ, бірінші сезімдік қызмет ауқымымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипай сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттсрі бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.

Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың еш-бір қиындығы жоқ қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объекттің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаные заттардыц қабылданып, танылуы әлдеқкайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құспған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат агымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркеуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәңді тетіктерін байқастыру үшін заттарды туртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуеңдеп не күбірлей қайталау. Сондықтан психикалық қабылдау процесін субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарас-тырған жөн.

Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъекттің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объект неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.

Міне сондықтан да, қабылдау барысыңдағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады және бір маңызды жағдай: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жәй деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалық іс-әрекеттіңең Жоғары сатысы тілмен тікелей байланысты.



Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 89; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты