Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Тіл мен мәдениеттің екі жақты біртұтастығы.

Читайте также:
  1. Кристалдық көпжақтының симметрия элементтері
  2. Ойындар теориясы туралы тҥсінік. Қосындысы нөл болатын екі жақтың ойыны. Шешуші нҥктесі жоқ ойындарды шешу
  3. Осындысы нөл болатын екі жақтың ойыны

Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, сонымен қатар, тіл мәдениеттің көрініс табар бірден-бір қайнар көзі. “Тілдік ерекшеліктерді зерделеу, рухани мәдениеттің қандай да болмасын құбылысын, ұлттық ерекшеліктернің қайнар көзін, сол ұлттың, жалпы адамзаттың құндылықтар мен әлемдік мәдениет қазынасын құруындағы ұллтық мәдениеттің айырықша белгілері көрініс тапқан реалды формаларды зерттеуге қол жеткізеді” /15. 174/.

Сонымен қатар, тіл мәдениеттің ажырамас құрамдас бір бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады. Яғни тілде ұлттың дүниетанымы, әдет-ғұрпы, дәстүрлер жиынтығы, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс тапқан.

Қазіргі тіл білімінде В. Фон Гумболдьт, А.А.Потебня, Э.Сепир, К.Леви-Стросс, Е.И.Кукушкина, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысты ғылыми түрде қарастырылған. Алайда бұдан тіл мен мәдениет арақатынасы мәселесінің өткен ғасырларда ғалымдарды ойландырмаған деген тұжырым жасауға болмайды. Осы тұста, М.М.Копыленконың XI-ғасырдың өзінде ұлттың тұрмыс салтының, шаруашылық түрінің, жағрапиялық ерекшеліктерінің тілге өзіндік әсері болатынын айтқан түркітанушы Махмұд Қашқаридың бұл саладағы еңбегі ешбір себепсіз ескерілмей келетінін айтқан көңіл аудартар әділ сын пікірін айтқымыз келеді: “Яркая этнолингвистическая направленность труда Махмуда Кашгари не повторяется более ни в одном лингвистическом сочинении Востока и Запада” /3.5/. М.Қашғари түркі тілдернің сөз төркінін зерттегенде оның этимологиясын алдымен сол халықтың мәдениеті ықпал еткен тұрмыс тіршілігімен байланыстырады /Қар.: 16.17/.



Әдебиеттанушы М.Базарбаев тілде көрініс тапқан қоршаған ортаның ұлттық дүниетанымға әсері туралы былай деп жазады: “... Дала қандай кең болса, оның желі мен бораны қандай дүлей болса, соған лайық адамдардың өмір тіршілігін де, өзарақатынасын да дала табиғатына лайық мінез, әдеттер орнаған. ...Қазақтар “әудем жер” дейді, яғни “әу” деп айқайлағанда естілетін жер, онша алыс емес дегені. ... “шақырым жер” дегенде айқайлап шақырған дауыс естілер жер екенін ұғамыз. Айналып келгенде, қашықтық өлшемінің өзі көшпелі өмір қажетінен туғандығы анық” /18. 137-138/. (Бұл жалпы түркі халықтарына ортақ қашықтық өлшем бірліктері: қырғ.: чакырым; шув.: сухрам).



Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді /Қар.: 19/. Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты. Бұл сайып келгенде, мәдениеттің ұлттық сипатының тілдегі көрінісін, қоршаған дүниені ерекше танып білу, ұлттық рухтың көрініс табуына, яғни тіл адамдардың рухының табиғатын анықтайды: “...халықтың рухы мен мінез-құлқын танып білуге болатын барлық формалардың көрініс берер жолдарының ішінде – халықтың рухы мен мінез-құлқының ерекшеліктерін бейнелей алатын да, оның құпияларына жол ашатын да тіл ғана” /20.69/. В.Гумбольдт идеясының түпкі мағынасы “болмыс шындықтың рухани қабылдануы ана тілдің ықпалымен, оның концептуалды жүйесі арқылы жүзеге асады. Демек, әр түрлі тілдік қауымдастықтар, концептілер жүйесінің түрлі құралдарын қолдана отырып шын мәнінде ұлттық мәдениеттің негізі саналатын әр түрлі дүние суретін құрайды” /21.39/ дегенге саяды.

Неогумбольдтандық мектептің өкілдері Э.Сепир мен Б.Уорф тілдің ойлауға ықпалын негізге алған “лингвистикалық ықтималдылық болжамын” ұсынды. Бұл болжамның негізгі мәні кез-келген халықтың қоршаған ортаны танып білуі оеың ана тілімен, оның тілдік құрылымымен тікелей байланысты дегенді білдіреді /Қар.: 22/. Қазіргі кезде тіл құрылымының ойлау қабілетіне деген өз әсері жөнінде де түрлі пікірлер айтылады: түркі, яғни аглютинативті құрылымды тіл өкілдерінде шындық болмыс динамикалық детерминантты функционалдық жүйеде көрініс табады (Н.Н.Ефремов) деп айқындайды. А.Мельникова орыс тілінің сөйлем құрылымы мен грамматикалық көптік категориясы негізінде қоршаған шындық болмысты танып-түсінудегі орыстарға тән ұлттық дүние суреті арасында сәйкестіктер табады /Қар.: 23/. Бұл пікірлердің қаншалықты дұрыс немесе бұрыстығын әлі анықтау қажет. Дей тұрғанымен тіл құрылымының танымдық процесте алатын рөлін тым әсірелеу, құрылымдық лингвистикалық парадигмаға қайта оралуымыз десек те болады.

Жоғарыда айтып өткен американдық ғалымдардың пікіріне оралсақ, ол түгелімен идиоэтникалық ғана бағытты көрсетеді, яғни әмбебаптық қағида ескерілмейді. Бірақ бұл ғалымдардың басты кемшілігі – тілге таным процесінде басты роль беруінде: “Шындық болмыстың бейнеленуінің нәтижесі тіл арқылы беріледі. Бұл білімнің тілдік сипаты білімнің жүзеге асуының бір құралы екендігін де ғана емес, сонымен қатар тілдің білімге өз қолтаңбасын қалдыруында”

Бұл болжамды теріске шығарар пікірлер де жеткілікті. Олардың дені мынаған саяды: “Жалпы біздің шындық болмысты қабылдауымызды тіл жүктемейді, керісінше, адамдардың рухани және материалдық өмірлерінің әркелкі жағдайда болуы негізінде шындық болмысы әр түрлі тілдерге бірдей көрініс таппайды” /25. 118/. Тілдің қоршаған ортаны бейнелеудегі қызметі зерттеу нысаны болып отырған дүниенің тілдік суреті құбылысына тікелей қатысты мәселелер болғандықтан, оларды келесі тараушада нақтырақ қарастырамыз.

Тіл мен мәдениет әр түрлі семиотикалық жүйеге жатқанымен, олардың өзіндік ұқсастықтары да бар. Мәдениет тіл тәрізді халықтың дүниетанымын, оның қоршаған ортаға деген қатынасын бейнелейді. Тіл мен мәдениет өте күрделі қарым-қатынаста болады. Бұл күрделілік, біріншіден, тілдің мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылатындығында болса, екіншіден, сол тіл арқылы мәдениеттің өзіндік көрініс табатындығында және бұған қоса, тіл өз алдына дербес жүйе түзейді. Жалпы “мәдениет” ұғымына мәдениеттанушылардың берген анықтамалары баршылық, солардың қорытындысы ретінде және зерттеу бағытына сәйкес ғылыми еңбекте төмендегі ғылыми анықтаманы негізге аламыз: “...белгілі бір өмір салты немесе белгілі бір дәстүрді ұстанатын адамның айырмашылық меже өлшемдері” /26/. Тіл мен мәдениет қоғамдағы тарихи өмір сүру процесінде бір-бірінен ажырағысыз. Өйткені тіл мәдени контексісіз, ал мәдениет өзінің құрылымында тілсіз толыққанды жүйе ретінде қабылдануы мүмкін емес. Бір айтып кететін жайт, қазақ мәдениетін сөз еткенімізде, әрине, оны қазақ ұлтының қалыптасу факторларын және оның даму кезеңдерімен ұштастыруымыз қажет. Өйткені қазақ ұлтының мәдениетін, яғни оның өз алдына дербес ұлт болғанға дейінге кезеңдердегі әр түрлі тайпалардың (сақтар, массагеттер, ежелгі түркі, татар-моңғолдармен) мәдениетімен тығыз байланыста, кең көлемде қарастырған жөн.

Яғни, бұл қазақ ұлттық мәдениетінің басқа түркі халықтары мәдениетімен ұштасып, бірігіп жатқаны, ортақ этникалық генезис факторы ареалды, аймақтық түркі мәдениетін құрайтынын көрсетеді. Әрине, қазақ ұлты өз алдына ұлт болып қалыптасқанда мәдениет белгілі бір трансформацияға (өзгеріске) ұшырап, өзіне ғана тән айырықша сипаттағы ұлттық мәдениет түзгенін де ескеру қажет.

Тілді мәдениет призмасы арқылы қарастырғанда, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрлерін де міндетті түрде қарастырғанымыз белгілі, сондықтан оларды ажырату қажеттігі туындайды: дәстүр дегенімізді “...мінез-құлықтың адамның практикалық маңызы бар іс-әрекетімен байланысты стереотиптенген формалары. Ал ритуал – мінез-құлықтың практикалық маңызы жоқ, таза белгілік сипаттағы ғана формаларын қамтиды...” /27.97/. Ал тіл – тарихи тұрғыдан пайда болған практикалық білім жүйесі. Оның құрамдас бөліктер болып табылатын сөздерде, сөз тіркестерінде, мәтіндерде белгілі бір мәдени сананың семантикалық потенциалы және адамның қоршаған орта туралы таным түсінгі мен білімдер жиынтығының өзіндік ерекшеліктері беркіген. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын дәлелдейтін тағы бір жайт – дүниетаным, дәстүр және әдет-ғұрып тілдік белгілерде көрініс таба отырып, тілдік дүние суретін ұрайды. Дүниенің тілдік суреті “... белгілі бір ұлттық қауымдастықтың теңдесі жоқ ғажайып тарихи қоғамдық тәжірибесі, заттар мен құбылыстардың, процестердің, белгілі бір халықтың өмір салты мен мәдениет ерекшеліктерімен байланысты, оларға деген айырықша қатынастың ұлттық маңыздылығынан туындайтын ұлттық тілдік ерекшеліктері көрініс тапқан дүниенің (объективті –А.И.) ... айырықша бейнесін... құрайды” /1.66/


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 49; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының сабақтастығы-“тіл мен мәдениет” сабақтастығының көрінісі. | Концепт – концептуалды жүйенің бір бөлігі.
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2018 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты