Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


L6. ПЕРИНАТАЛДЫ ПАТОЛОГИЯ




Перинаталды кезең - сөзбе-сөз "туылу айналасындағы кезең" жүктіліктің 22-аптасынан (154-күннен) басталып туганнан кейінгі бірінші аптамен аяқталады.

Туылган баланың (нәрестенің) жалпы халін бағалаганда оның жатырдагы (гестациялық) жасын есепке алу қажет. 22-ші аптаға дейін туылған нәресте түсік (аборт) деп есептеледі.

Жатырда 22 аптадан көбірек дамыган, массасы 500 гр, бойы 25 см және одан артыгырақ, бірақта өз алдына бірде-бір дем алмаган нәресте өл\ туылган бала деп есептеледі. Тіріліктің басқа белгілері (жүректің соғуы, кіндік қан тамырларының пульсациясы және т.б.) есепке алынбайды. Тірі туылган бала деп бір рет болса да оз алды­на дем алган баланы айтады. Перинаталды өлім антенатальды, ин-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


21 бөлім. Балалар аурулары 591


 


тернаталды және постнаталды деп үшке бөлінеді. Іштегі баланың жүктіліктің 22 аптасынан толғақ басталғанға дейінгі аралықта өлуі антенаталды өлімге жатады. Іштегі баланың туылу кезіндегі өлімін ынтранаталды өлім деп атайды. Туылғаннан кейінгі бір аптаның ішіндегі өлген нәрестелердің постнаталды шімді қүрайды. Оның көрсеткіштері нәрестелер санының осы кезеңце туылған мың ба-лаға ара қатынасымен өлшенеді (промилимен). Жақсы дамыған елдерде (Жапония және т.б.) бүл көрсеткіштер 5-6, Ресейде - 14,6, Украңнада - 12,0, Қазақстаңда (2002) 15,6. Қазақстан Денсаулық министрлігінің мәліметтеріне қарағанда (1991) республикада жыл сайьш 35 мыңнан астам сырқат, 18 мың шала, 4 мыңға тарта өлі сәби дүниеге келеді.

Перинаталды өлімнің себептеріне: нәрестенің жөне жаңа туы-лған баланың асфиксиясы (25%), үзақ уақыт, қиналып туылу (20%), кіндіктің және бала жолдасының өзгерістері (16%), ананың ауру-лары және жүкгілікке байланысты токсикоз (14%), өртүрлі туа пайда болған кемістіктер (10%), шала туылу және өз мерзімінен өтіп ту­ылу (5,6%), нәрестенің және жаңа туылған бала өкпесінің қабы-нуы (3,8%), сәбилердің гемолиздік ауруы (3,5%), сәби аурулары (0,9%) жөне әртүрлі жарақаттар (0,9%) жатады.

ІПАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ

Шала туылган нәресте деп жүктілік 22-ші жөне 38 апталары аралығында (259 күнге дейін) туған, массасы 500 грамнан 2500 грамға дейін, бойы 25 см-ден 47 см-ге дейін болған нәрестені ай-тады. Шала туылудың негізгі себептеріне жүкті өйелдің түрмыс жағдайы, тамақтануы, жасы, ананың өзінің аурулары, жатырдың (205-сурет), жамбас сүйектерінің ісіктері немесе жүкгілікке байла­нысты дамитын сырқаттар, үрықтың хромосомалық ауытқулары, баланың жатыр ішінде дүрыс орналаспауы, бала жолдасының өз орнында болмауы, қанның резус факторы бойынша сәйкес келмеуі және т.б. жатады.

Шала туылған нәрестенің морфологиялық белгілеріне: бетінде, иықтарында, арқасында үзын түктердің (lanugo) болуы; тері ас-тывдағы майдың жоқ болуы, осыған байланысты терінің әжімденіп, кәрі кісілердің терісіне үқсап қалуы; қүлақ шеміршегінің жүмсақ-тығы; қол-аяқ тырнақтарының тырнақ шетіне дейін жетпеуі; үл балалардың енінің төменге, үмаға түспеуі, ал қыз балалардың жыныстық саңылауының толық жабылмай қалуы жөне т.б. кіреді. Шала туылған нәрестелердің үзын сүйектерінің эпифизінде сүйек-тену ядросы болмайды. Мерзімінде туылған баланың сан сүйегінің төменгі эпифизінде осы ядроның (Беклер ядросы) көлденеңі 5-7


205-сурет. Алып фибромиомадағы жүктілік

мм жетеді. Өлі туылған нәрестелердің 30%-ьш, перинаталды өлімінің 40%-ын, неонаталды өлімінің 55%-дан кобірегі осы шала туылған нәрестелер қүрайды. Шала туылған нәрестелер өлімінің тікелей себептеріне: асфиксия, өкпе ателектаздары, гиалинді мембрана-лар, бас ішіндегі туылуға байланысты жарақаттар, пневмония, туа пайда болған кемістіктер, жатыр ішінде дамыған инфекциялар және т.б. кіреді.

Кейде мерзімінде туылған нәрестенің массасы қалыпты көрсеткіштерден темен болуы мүмкін, сол үшін шала туылуды анықтауда нәрестенің массасын ғана есепке алу дүрыс емес.

МЕРЗІМІВДЕ ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ

Мерзімінде туылган нәресте деп жүктілікгің 38-ші - 41-ші ап-тасында туылған, ең аз салмағы 2500 грамм болатын нәрестені айтады. Олардың теріасты май қабаты жеткілікті дамыған, терісі жүмсақ, қүлақ шеміршектері серпімді, тырнақтары қатты, үл ба-лалардың ені үмаға түскен. Дауысы күшті, бүлшықеттерінің тону-сы және физиологиялық рефлекстері жақсы жетілген. Әз мерзімінен өтіп туылган нәрестелерге жүктілікгің 42 аптасынан бастап, яғни 288 күннен кейін туылған нәрестелер кіреді. Олар туылған


592

Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия

нәрестелердің 8-12% қүрайды. Өз мерзімінен өтіп туылған нәрес-телер арасывда туылу жарақаттары, өлі туылу жиі кездеседі. Олар-дың массасы әдетте 3500 граммнан көбірек болады. Бірақ бала жолдасывдағы өзгерістерге байланысты (инфаркт, петрификация) аз салмақпен және дистрофиялық өзгерістермен де туылуы мүмкін. Олардың терісі қүрғақ, кейде теріде жиду (мацерация) белгілері пайда болады. Баланың кіндігі, бала жолдасының қабықтары ме-конимен сарғыш түске боялған, сүйектену ядролары ортан жіліктің төменгі эпифизінде ғана емес, оның жоғарғы эпифизінде де және тоқпан жілікте де көрінеді.

Салмағы 4000 грамнан асқан нәрестелерді ірі (макросомия), ал 5000 грамнан және онан да ауырырақ нәрестелерді алып балалар деп атайды. Бүл балалар перинаталды кезеңде салмағы қалыпты балаларға қарағанда 2-3 есе жиірек өледі.

Туа пайда болван гипотрофия туылеан нәрестенің бойы, бас және көкірек шеңбері туылу мерзіміне сай келмеуімен және оның массасының аз болуымен сипатталады. Олардың ішкі ағзалары пісіп жетілмеген.

Мацерация (жиду, өліктік аутолиз) деп жатыр ішінде өлген ба-ланың гидролиздеуші ферменттер әсерінде дамитын өзгерістерін түсінеді. Бүл өзгерістер бауырда, үйқы безінде, теріде жақсы көрінеді. Тері қызарып, үлкен-үлкен қабаттар түрінде жидіп түсе бастайды, ішкі ағзалар жүмсап, іріп-шіріп кетеді.

АСФИКСИЯ

Асфиксия (грекше а — жоқ, sphygmus — пульс, ягни пульссіз мағынасын білдіреді) оттегі жетіспеуінен болатын түншығу. Ол қанда көмір қышқылының жиналуымен, тыныс алу жөне қан ай-налымы бүзылуымен сипатталады. Бүл терминді жатыр ішіндегі нәрестеге қолдану дүрыс емес, себебі ол тыныс алмайды. Сон-дықтан жатырдағы даму кезеңінде қанда оттегі жетіспеушілгінен гипоксия деп қарау керек. Қазіргі кезде "асфиксия" термині көпшілік қабылдаған термин, бірақ ол түншығудан гөрі кеңірек мағынада қолданылады.

Асфиксияны іштегі бала және нәресте асфиксиясы деп екі топқа бөледі.

Іштегі бала асфиксиясы (гипоксия) жатыр - бала жолдасы не-месе бала жолдасы - іштегі бала арасындағы қан айналымы кенет-тен бүзылганда дамиды.

Этиологиясы. Іштегі бала асфиксиясы (антенаталдық асфиксия) көбінесе қалыпты жайғасқан бала жолдасьшьщ жатырда мерзімнен бүрын ажырап кеіуінен немесе бала жолдасыньщ баланьщ алдында


 

21 бөлім. Балалар аурулары

жайгасуынан байланысты жедел қан кетуден болады. Туылу мерзімі созылып кеткенде, туылу жолдары тар болғанда кіндік қан тамыр-ларьшьщ басыльш қалуы да асфиксияға соқтырады. Бала жатырда дүрыс жатпағанда немесе туылу жолдарында дүрыс түрмағанда, кіндікбауы қысқа болғанда немесе үзын болып мойнына оралып қалғанда және т.б. жагдайларда да асфиксия дамиды.

Патогенезі. Жатыр ішіндегі асфиксия аноксиялық (аноксия -тіндерде оттегінің бүтіндей болмауы) гипоксия түрінде басталып, организмге оттегі жеткілікті мөлшерде түспейді. Осы жағдайда іштегі бала организмінде гомеостазды қалпына келтіруге бағытталған, өмбебап бейімделу реакциялары дамиды. Оттегі жетіспеушілігі нәтижесінде қанға катехоламиндер және т.б. вазоакгивті, қан қысы-мын көтеріп бала жолдасыньщ қан айналымын қалпына келтіретін, заттар бөлініп шығады. Гипоксияның әрі қарай күшеюі метаболизмдік ацидозға, микроциркуляция үрдісінің бүзылуына соқтырады. Сфинктерлердің тарылуы нәтижесінде қан капилляр-лар арасында кідіріп қалады, олардың өткізгіштігі асып кетеді. Тіндерде сүт және пирожүзім қьпиқылдары жиналып қалады (тін ацидозы). Су-электролит алмасуының бүзылуы гиперкалиемияга алып келеді, ол миокардтың метаболизмге байланысты зақымда-нуына, микронекроздарга соқтырады. Кейінірек қан тамырлары-ның тонусы өлсіреп жалпы вена қаны көбейеді. Қанның фибринді еріту белсенділігінің күшеюі геморрагиялық диатез және қанның қан тамырлары ішінде шашыранды үюы (ҚШҮ) белгілерімен көрінеді. Осы өзгерістер нәтижесінде миға, оның қарыншалары-на, бауыр қабының астына, бүйрекүсті бездеріне, өкпеге және т.б. ағзаларға қан қүйылады.

Тыныс алу орталығының гиперкапния, ацидоз әсерінде қозуы мерзімінен бүрын дем алуға және қағанақ суынның ішке жүтылу-ына (аспирация) әкеледі. Ал кезеген нерв орталықтарынның қозуы ішек әрекеттерінің күшеюіне, тоңғақтық кдганақ суына бөлініп шыгуьша себеп болады.

Патологиялық анатомиясы. Өлген нәрестеде ең алдымен вена қанының көбеюі және қан тамырларының өткізгішінің күшею белгілері көрінеді. Олардың терісі көк-көңбек, тыныс жолдарында аспирация нәтижесінде пайда болған заттар табылады. Плевраның, айырша бездің және эпендиманың астында қан қүйылу ошақтары көрінеді. Өкпе әдетте ауасыз, суға салғанда батып кетеді, кесіп қарағанда көкшіл-қызыл түсті. Микроскопта айтарлықтай веноз-ды гиперемия белгілері, ісінуі, қан қүйылу ошақтары байқалады. Асфиксия үзаққа созылғанда альвеолаларда эпидермистің түлеу өнімдері, шырыппы заттар, түктер (лануго), меконий (тоңғақ), май

38 — 437



Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


21 бөлім. Балалар аурулары 595


 


тамшылары табылады (206-сурет). Зарарсыз элементтердің ішке жұтылуы макрофагты реакция шақырады. Екі төуліктен соң олар ыдырап асептикалық қабыну белгілері өрістейді. Зарарлы (инфек­ция түскен) заттардың ішке жүтылуы тез арада өкпенің қабыну белгілерінің дамуына (пневмонияға) соқтырады. Алғашқы 4 сағат-та инфекцияға ананың лейкоциттері қарсы түрады, 8-12 сағаттан соң серозды-іріңці пневмония дамиды, ол нәресте лейкоциттерінің қатынасуымен өтеді.


206-сурет. Меконий аспирациясы

Жүрекқуыстарындағыжәне ірівенақантамырларындағы қан сүйық болады. Миокардта гликоген жогалып, дистрофиялық өзге-рістер, кейде микронекроздар табылады. Гепатоциттерде майлы, түйіріыікіі дистрофия, кейбіреуінде майда некроз ошақтары көрінеді. Оларда РНҚ, гликоген мөлшері төмендеп, митохондрилер ыды-райды. Мида гипоксиялық-дисциркуляциялық энцефалопатия белгілері дамиды. Майда қан тамырлары кеңіп, олардағы қан элементтері бір-біріне жабысып қалады (сладж феномені). Қан тамырлары жөне жасуша айналасындагы ісіну нәтижесінде ми массасы қалыптағы-дан 15% асады. Ісіну үрдісі өте күшейгенде жумсару және порэнце-фалия ошақтары пайда болады. Үзаққа созылган асфиксия нерв жасушаларының дистрофиялық өзгерістеріне соқтырады.


Эндокрин бездерінде бейімделу реакциясының алғашқы да-был кезеңіне сай келетін өзгерістер көрінеді.

Нәресте асфиксиясы. Нәресте асфиксыясы бала туылғаннан соң өзінше тыныс ала алмауына байланысты дамитын патологиялық жагдай. Көбінесе ол жатыр ішіндегі асфиксиянның жалғасы, туы-лганнан кейінгі бірінші сағаттардан бастап күшейе бастайды.

Тыныс алудың бузылу синдромы немесе респираторлы дистресс синдром нәресте өлімінің тең жартысының себебі бола алады, ол көпсебепті патология. Өлген нәрестені ашып қарағанда пневмо-патиялар деп аталатын морфологиялық өзгерістер көрінеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 474; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты