Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Электролиттік диссоциация

Читайте также:
  1. Диссоциация воды
  2. Диссоциация комплексных соединений в растворах.
  3. Диссоциация комплексных соединений. Константы нестойкости и устойчивости
  4. Диссоциация оснований, кислот, амфотерных гидроксидов, солей в водных растворах
  5. Работа №64. Получение и термическая диссоциация арсина.
  6. Электролитическая диссоциация

1887 жылы Аррениус электролиттік диссоциация теориясын ұсынды.Аррениус теориясының негізгі қағидалары: 1. Электролиттердің ерітінділерінде олардың молекулалары зарядталған иондарға диссоциацияланады.2. Түзілген иондар мен ыдырамаған молекулалардың арасында термодинамикалық тепе-теңдік түзіледі.3. Ионның заряды элементтің немесе қышқылдық қалдықтың валенттілігіне тең, оң зарядты бөлшектердің саны теріс зарядты бөлшектердің санына тең, ал ерітінді электронейтрал.4. Электролиттердің ерітінділері ток өткізеді.5. Диссоциация процесін былай жазады:

СH3COOH H+ + CH3 OO-

NH4 OH NH4++ OH-

Аррениус теориясы еріген зат пен еріткіштің арасында әрекеттесу бар екенін ескермеді.

Электролиттік диссоциация теориясы құрғақ HCl, NH3 - тің негіздік, қышқылдық қасиеттерін түсіндіре алмады. Сондықтан басқа теориялар ұсынылды.

Бренстед (1923ж)протондық теория ұсынды. Бүл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзінен протон бөлетін, ал негіз - өзіне протон қосып алатын зат. Процестің схемасы:

 

 

НА +В- НВ +А

 

Қышқылдық - негіздік реакция былай жазылады:

қышқыл1 + негіз2 қышқыл2 + негіз1

 

Мысалы:

НСl + NH3 NH4+ + Cl-

қышқыл негіз қышқыл негіз

 

Бренстед теориясы бойынша кез келген протоны бар қосылыс әрекеттесіп тұрған қосылыстың табиғатына байланысты амфотерлі бола алады.

Мысалы су мынадай тепе-теңдікте:

 

НСl + H2О H3О+ +Cl-

әлсіз негіз рөлін атқарып тұр, ал келесі тепе-теңдікте:

 

NH3 + H2О NH4 + ОН-

қышқыл рөлін атқарады, демек H2О - амфотерлі электролит.

Қышқылдық-негіздік теориялардың ішінде Льюис теориясына да көңіл бөлген жөн. Бұл теория бойынша - қышқыл дегеніміз өзіне электрондар қосағын қосып алатын зат, ал негіз - электрон қосағын бере алатын зат. Осындай жағдайда коваленттік байланыс түзіледі.



 

НСl + NH3 NH4+ + Cl-

қышқыл негіз қышқыл негіз

 

Бірақ бұл теория кәдімгі қышқылдардың диссоциациясын түсіндіре алмады. Қышқылдар мен негіздерге басқа да ғалымдар көп көңіл бөлген. Мысалы Р.Дж. Пирсон, Э.К. Франклин, Н.А. Измаилов және қазақстандық ғалым, академик М.И. Усанович. Усановичтің ілімі бойынша бір заттан катион бөлініп, ол катион анионмен қосылып тұз түзілсе, ол зат қышқыл деп аталады. Ал заттан анион бөлініп, ол анион электрондар арқылы катионмен әрекеттесіп тұз түзілсе, ол зат негіз деп аталады.

 

 


Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 67; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Осмос қысымының биологиялық нысандармен байланысын анықтаңыз. | Ышқылдар мен негіздер теориялары. Қышқылдық негіздік электрондық теориясын талдаңыз.
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2018 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты