Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі




Қаржылық қатынастар жүйесінде, субъектілердің мемлекет алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы бойынша мемлекеттің субъектілермен қатынасы ерекше орын алады. Мемлекетте құралатын ақша қорлары – орталықтандырылады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қатысады. Бюджет, өзінің маңызы бар, функцияларды орындайтын, көптеген белгілері бойынша жіктелетін мемлекеттің негізгі ақша қоры болып саналады. Мемлекеттің өмір сүруі «бюджет» ұғымымен ажырағысыз байланыста. Осыдан, мемлекеттік бюджетті, объективті түрде қажет, бірақта қондырмаға, әрбір нақты кезеңдегі саясатқа қатысты болатын экономикалық категория ретінде сипаттауға болады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатқа ие. Дербес бөлу аясы ретінде мемлекеттік бюджеттің өмір сүруі, оны дамыту орталықтандыруды қажетсінетін қоғамдық өндіріспен айқындалған.

Ақша қаражаттарын орталықтандыру, тұтастай алғанда экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бүкіл халық шаруашылығы ауқымындағы үзбеліксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекет басым салаларды қаржыландыру үшін, бүкіл қоғамдағы әлеуметтік мәдени іс-шараларды жүргізу, қорғаныс сипатындағы міндеттерді шешу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін қаражаттарды орталықтандыруды қажетсінеді.

Осылайша, мемлекеттік бюджет кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болады.

Экономикалық маңызы бойынша мемлекеттік бюджет, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаты қорын құру жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің өзге қатысушыларының арасында туындайтын, ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет, ұлттық табыстың бір бөлігін жекелендірумен және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оны пайдаланумен байланысты қайта бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы бөлу функциясы мен бақылау функциясы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші функцияның арқасында, мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын шоғырландыру және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен, оларды пайдалану іске асырылады; екінші функция мемлекет иелігіне қаржы ресурстарының қаншалықты уақтылы және толық түсетінін және оларды пайдаланудың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

Бөлу функцияларының қолданылу аясы, қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығы дерлік бюджетпен қарым қатынаста болатындығымен айқындалады.

Бақылау функциясы, бюджет мемлекеттің ақша қаражаттары қорын объективті қалыптастыру және пайдалану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында болатын экономикалық процестерді көрсетеді. Бюджеттік ресурстардың қозғалысы бақылау функциясының негізін құрайды.

Аталған функциялардың қолданылуы бюджеттік қатынастардың ерекшелігімен айқындалады. Бюджет экономикаға бюджет тетігі арқылы ықпал етеді.

Бюджет тетігі – бұл мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаты қорларының пайда болуы мен оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.

Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қаражаты қорының сандық көлемін белгілеу, оның пайда болуы мен бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын пайдалану мен қайта бөлу тәртібін белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Барлық деңгейлердегі бюджеттердің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып саналады. Бюджеттерді бекіту кезінде бюджеттер тапшылығының шекті мөлшерлері белгіленеді. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі формалары: мемлекеттік займдар шығару, несие ресурстарын пайдалану болып саналады. Бюджет тапшылығының көлемін азайту үшін секвестер – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттік шығыстарды пропорционал азайтуы пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджет өзіндік функцияны – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Мемлекеттік құрылысқа қатыссыз түрде мемлекеттік бюджет кең ауқымдарда немесе шектеулі шекараларда әрқашанда тұтастай мемлекеттің, әсіресе жекелеген аялардың, бағдарламалардың, халық топтарының мүдделерін көрсетеді. Нарықтық жағдайларда, дамыған экономика жағдайында мемлекеттік бюджеттің рөлі әлсіремейді, керісінше мемлекеттің реттеушілік рөлінің белсенділігі арта түседі.

Мемлекеттік бюджет қаржылардың негізгі буыны ретінде, материалдық өндіріс аясымен байланысты, өзіндік ақша қатынастарына негізделген, халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары арасында құнды қайта бөлу, өндіріс аялары мен халықтың жекелеген топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тағайындалған. Құралатын ақша қоры, оны қалыптастырумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты құнның қозғалу процесін біріктіретін бюджеттік қор деп аталады. Мемлекеттік бюджет – бұл, қаржылар аясындағы бөлу процестерін қамтитын, өзінің қаржы көздері бар, кірістер мен шығыстар кіретін, елдің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттің еркі, оның қаржылық саясаты көрініс табады. Мемлекеттік бюджеттің орнықтылығы елдің негізгі қаржы жоспарының қаншалықты тиімді орындалып жатқанын растайды.

Бюджеттің заңнамамен байланысты болуы, мемлекет заңы ретінде өзінің қатысатыны және оған барлық қатысушыларды мемлекеттік бюджет талаптарын орындауға міндеттейтіндігі ерекше маңызды болып саналады. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен елдің ұлттық табысының 30%-ға жуығы бөлінетіні және қайта бөлінетіні жалпыға бірдей танылған.

Мемлекеттік бюджеттің рөлі аса зор және оны халықтардың, елдердің тарихы дәлелдейді. Қорлардың айналымдылығы бюджеттен қаржыландырылады, қоғамдық және жеке қажеттіліктер қанағаттандырылады, мемлекеттің мүдделері қамтамасыз етіледі.

Бюджетті құру принциптері мен бюджет тетігі.

Мемлекеттік бюджет заң күшіне ие бола отырып, біртұтастық, толықтық, нақтылық және жариялылық принциптеріне негізделеді.

Біртұтастық принципі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Біртұтастық біртұтас бюджет жүйесінен, ел аумағында қолданылатын мемлекеттік кірістер мен шығыстардың ортақ жүйесінен, қаржы құжаттарының, бюджеттік жіктеулердің біртұтастығынан көрінеді. Аталған принцип бюджеттік жоспарлауды ұйымдастыру мен методологиясының біртұтастылығына кепілдік береді.

Толықтық принципі үкіметтің бүкіл қаржы операцияларының бюджетте шоғырлануын, яғни ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуын білдіреді. Нақтылық принципі қаржы операцияларының бюджетте нақты көрсетілуін, бекітілген бюджеттік тағайындалулардың сәйкестігін көздейді. Нақтылық кірістердің барлық көздері мен ұсынылатын шығыстарды, әлеуметтік-экономикалық саясатты шешу үшін болжамдар мен есептеулер негізінде айқындай отырып негізделген.

Жариялылық принципі бюджет кірістері мен шығыстары туралы; бюджет құрылымы туралы, тапшылық (дефицит) көлемі мен оларды басқару әдістері туралы деректерді жұртшылық үшін баспасөзде жариялауды білдіреді.

Бюджет құрамды бөліктерге (кірістер мен шығыстарға) ие бола отырып, кірісі мен шығыс бөлігінің тұрақты теңгерілімділігін, тепе-теңдігін талап етеді.

Егер кірістері шығыстарынан асып кететін болса – бұл профицит, мұндай кезде артық кірістер мемлекеттік қарызды жабуға бағытталады немесе үкіметтің арнайы шоттарына есепке қабылданады және кассалық қол ақшаның өсуіне пайдаланылады.

Шығыстардың кірістерден асып кетуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын (дефицитін) туғызады, мұндай кезде, бюджеттің теңгерілімділігін жабу көздерін іздеу қажет. Елдің жалпы ішкі өнімі көлемінің 2-3%-ы мемлекеттік бюджет тапшылығының ұйғарымды деңгейі болып есептеледі. Маңызды көлемдегі тұрақты тапшылық мемлекеттің қаржы жүйесіндегі дағдарысты, экономикадағы дағдарысты сипаттайды. Экономика аясындағы, сол сияқты басқару аясындағы дағдарыстың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Мыналар тапшылықты жабу себептері болып саналады:

мемлекеттік займдар;

салық салудың ұлғаюы;

ақша эмиссиясы;

шетел несиелерін тарту және займдар түрінде халықаралық қаржы институттарын тарту.

Бюджет тетігі бюджетті басқару элементі ретінде экономика мен әлеуметтік саланың өсуіне, ғылыми техникалық прогресті жеделдетуге, қоғамдық өндірістің материалдық техникалық базасын жетілдіруге ықпал етеді.

Бюджет тетігі мемлекеттің бюджет саясатын жүзеге асырудың белсенді құралы болып саналады. Елдің бюджеттік қорын қалыптастыру мен оны пайдалануды көрсететін бюджеттік кірістер мен шығыстар баптары бойынша бюджет тетігіне баға беруге болады. Бюджет көрсеткіштері арқылы экономикалық және әлеуметтік процестердің барысын қадағалауға болады.

Қоғамның, экономиканың дамуына қарай бюджет тетігі сапалық тұрғыдан жаңа белгілерге ие болады: ағымдағы міндеттерді шешу ұзақ мерзімді нысаналы бағдарламалар әзірлеуге және оны жүзеге асыруға өтеді, бюджет саясатының басымдықтары өзгереді, экономикаға бюджеттің жанама ықпал ету әдістері өзгереді; бюджеттік жоспарлау метологиясы мен әдістері жаңарады.

Бюджет тетігі шаруашылық коньюнктурасы мен кәсіпкерлердің іскерлік белсенділік деңгейіне ықпал етеді. Салықтар, салық жеңілдіктері бюджеттік қаржыландыру көлемі мен бағыттары арқылы, өндірістік қорларды жедел жаңалауға, ғылыми техникалық жетістіктерді өндіріске шапшаң енгізуге оң ықпал ете отырып, шаруашылық жүргізудің әртүрлі жақтарына әсер етуге болады. Мемлекеттің бюджет саясатын жүргізу кезіндегі бюджет тетігі бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты орындауға бағытталған. Мұнда фискалдық саясаттың төмендегідей үш тұжырымдамасын бөліп көрсетуге болады:

жыл сайын теңгерілетін бюджет;

циклдік негізде теңгерілетін бюджет;

функционалдық қаржылар тұжырымдамасы.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 262; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты