Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Глосарий




Брокер – бағалы қағаздар рыногының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы

Бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастары

Бағалы қағаздарды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген және бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға.

Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатынасы

Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік -диллерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитенттке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.

Сайторилер –тұрақты мүшелер арасындағы делдалдық операцияларды жүзеге асырады.

Ресми -курс белгілеуші маклерлердің негізгі қызметі олар бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға өтініш қабылдап және оларға баға белгілей алады.

Еркін маклерлер - банктер арасында банктермен кредиттік келісімдер арқылы делдалдық қызмет атқарады.

 

Сатушының бағамы – бұл ба­ғам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетел­дік валютаны сатады.

Сатып алу қабілетінің бірдей­лігі – теория. Бұл тео­рияға сәйкес әр түрлі елдерде өнді­рілсе де бір валютада тұлға­ланған, өзара алмасты­рыла­тын тауарлардың бағасы ұзақ мерзімді кезеңде бірдей болуы керек.

Сатып алушының бағамы – бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валю­таға шетел­дік валютаны сатып алады.

«Спот» валюта операциясы – мәмілені ресімдеу сәтінде немесе 48 сағаттың шегінде (ішінде) қолма-қол валютаны пайдаланумен жүзеге асыры­латын операция.

Тіркелген валюта бағамы – валюта бағамының ресми бел­гіленген арақатынасы. Онда орталық банк валюта бағамын тіркейді әрі оның деңгейін өзгеріссіз сақтау міндеттеме­сін өз мойнына алады.

Тіркелген тұлға – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі жүйесінде немесе нақтылы ұстау есебі жүйесінде жеке шоты бар тұлға

«Форвард» валюта операциясы – банктердің немесе қаржы­лық компаниялардың келісім­шарт негізінде телефон немесе телекс бойынша жүргізілетін биржадан тыс мерзімді валю­талық мәміле. Форвард опера­циясы биржада фьючерлік жә­не опциондық операция­лары­мен баламалы түрде жүргізі­леді

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс әрекеті, немесе орналастыруы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес қарастырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы қызметтердің жиынтығы.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе ҚР Ұлттық банкі алатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз.

Қаржы құралы – қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген бағалы қағаздары(туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері

Қаржы нарығы – қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы

Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға

Құжатты бағалы қағаздар – құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе техникалық құралдарды пайдаланбай – ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын берілім кезіндегі) бағалы қағаздар

Құжатсыз бағалы қағаз – құжатсыз нысанда электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде шығарылған бағалы қағаз.

Оқшаулау – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі жүйесінде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық – құқықтық мәмілерді тіркеуге, бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тиым салу.

Валюта нарығы – валюталық мәмілелер бекітілетін, яғни, бір елдің валютасы екінші елдің валютасына белгілі бір атаулы құны бар валюта бағамы бойынша айырбаста­латын нарық.

Валюта – мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қабыл­данған ақша құралы немесе қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы құнның, банкнот, қазынашы­лық билет және тиын, оның ішінде бағалы металдардан жасалған тиын (айналыстағы ақшалай бірліктерге айырбас­талатын, айналыстан алына­тын) түріндегі құнның ресми стандарты, сондай-ақ, шоттар­дағы, оның ішінде, халықара­лық ақшалай немесе есеп айы­рысу бірліктеріндегі қаражат

Валюта бағамы екі ақшалай бірліктің айырбасталу арақа­тынасын білдіреді немесе ол (валюта бағамы) басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғалан­ған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады

Валюталық алып-сатарлық – валюталық мәмілелерден ба­рынша пайда алу мақсатында валюталардың алдағы кезең­дегі бағаларын ойнату

Валюталық своп – келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын

Валюталық тепе-теңдік –валю­талық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның ара­сындағы заңмен белгілен­ген арақатынас.

Валюталық шектеу– валю­тамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылық­тар­мен жүзеге асырылатын опе­рацияларды шектеуге ба­ғыт­талған заңмен немесе әкімші­лік жолмен белгілен­ген шара­лар мен нормативті ережелер­дің жиынтығы.

Валютаның бағасын белгілеу –бұл елдер арасында валюта бағамын анықтауды ұйғарады. Осының негізінде айырбас­талатын екі ақшалай бірліктің арақатанасы белгіленеді.

Валютаның құнын белгілеу –валюта бағамын таңдап алын­ған нарықтық тетіктердің не­гізінде анықтау.

Валютаның мемлекет ішіндегі құқықтық қатынасықаржы­лық, әкімшілік және азамат­тық құқықтардың аясында реттеледі.

Валютарлық резервтерді әр­тараптандыру –ірі қаржы институттарының

және мем­лекеттің халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында әр елдің ең тұ­рақты валюталарын валюта­лық резервтің құрамына қосу­ды ұйғаратын саясаты.

бірдей таза ағымдағы құны бар екі валютаның белгілі бір мөл­шерде айырбасталуы.

Девальвация – тіркелген валюта бағамы жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта

баға­мын төмендету жөніндегі қау­лысы.

Дисконттық саясат – валюта бағамы мен төлем балансын реттеу үшін орталық банктің есептік мөлшермелерді өзгер­тетін саясаты.

Делистинг – бағалы қағаздарды сауда саттықты ұйымдастырушының тізімінен

уақытша немесе тұрақты шығарып тастау

Депонент – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым.

Депозитке салу – орталық депозитарийдің депоненттерімен олардың

клиенттерінің қаржы құралдарын есепке алуы

Дефолт– эмиссиялық бағалы қағаздар және өзгеде пайда табу бойынша

міндеттемелер.

Диллер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар

рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы

қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби

қатысушысы.

Евровексель – евродоллардағы қысқа мерзімді облигация.

Евронесие – бұл негізінен бір­лестірілген евронесие, яғни, қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған не­сиеден евродолларда алатын несиесі.

Еврооблигация (евробонд) – шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бо­йынша халықаралық банк синдикаттары (консорциум­дары) шығаратын борыштық құнды қағаздар.

Қосарлы валюта нарығы – тір­келген және құбылмалы ба­ғамдарының режимдері ара­сындағы орташаланған жағ­дайды білдіреді.

Кросс-бағам – бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық бо­лып табылмайтын екі шетел­дік валютаның белгіленген

Өкілетті банк – банк туралы заңдарда қарастырылған опе­рацияларды жүргізуге орта­лық банктің лицензиясын ал­ған, валюталық операция­лар­ды, оның ішінде, клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк

Лаг – уақытша аралық. Бұл аралықта ақша массасының өзгеруі бағалар мен тариф­тердің тиісті өзгерісін ту­дырады

Листинг – қор биржасының сауда жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа жіберу рәсімі

Левередж – эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты