Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызмет көрсетуді ұйымдастырудың теориясы




Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру қызметінің міндеті, енбек әрекеті элементтері мен олардын өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықгау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу. Оларды бөлімшелер мен бөлімдерде орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процесстерді мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыруды басқару қызметі өндірісті дамытудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: а) мамаңдандыру; ә) пропорционалдық; б) параллелъдік (қатарластық); в) дәлділік; г) үздіксіздік жәнеырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардын бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биолотшлық, психологиялық жәме әлеуметтік шоктеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігіугс. бірлссіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу коп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілІ бір ұйьшдық қүрылымда шығынды аз жүмсауды қажет етуі мүмкін.

Үйымдастыру — бүл кәсіпорын қүрылымын қүру процесі, онын о {і адамдардын өз мақсатына жетуі үшін тиімді жүмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету деп тұтынушының сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы қызмет көрсетушінің әр түрлі пайдалы әрекеттерді сипаттайтын еңбек операцияларының жүйесін түсінуге болады.

 

Қызметтер маркетингінің функциялары, мақсаттары мен қағидалары

қызметтер маркетингі тұрғысынан сервис дегеніміз қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатындардың барлығы және ол назар аударту , сатып алу , қолдану және тұтыну мақсатында рынокқа ұсынылады. Сервис болып бірінші жақ екінші жаққа ұсыныла алатын кез келген шара немесе іс-әркет, ол сезілмейді және ешкімнің иелігіне өтпейді. Оның ұсынылуы материалды өніммен байланысты болуы мүмкін.Маркетингінің мәні мен мақсатыЭкономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы рыноктың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Маркетингінің негізгі қағидаттары:

1. сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;

2. сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;

3. белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді түрде өткізу;

4. кәсіпорынның өндірістік-коммерц. қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету;

5. сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі

қызметтер маркетингтің функциялары – тауар және қызмет маркетингінің үрдісін іске асыруда қолданылатын мамандандырылған іс-қимылдың жеке түрлері мен олардың жиындысы.

Бүгінгі маркетинг теориясы негізгі функцияларды төрт топқа бөледі:

1. Маркетингтік зерттеу және ақпарат жинау. Бұған мынандай іс-қимылдар жатады:

· экономика, шаруашылық, сауда, өндірістік, тұтыну, тауар, өткізу, жарнама салаларында зерттеу және талдау;

· ақпарат жинау және өңдеу;

· маркетинг операцияларын зерттеу;

· бәсекелестердің қызметін жоспарлау.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты