Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сызба. ФРЖ-ның ұйымдастырылу құрылымы




 

1978 жылыц ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік банктердің филивлдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің олпрға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін алады.

Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалған операциялары әр резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізілді.

Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 – ФРЖ-ның басқару кеңесінің мүшелері, 5 – федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью – Йорктің федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі жүктелген.

Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес беру кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссиялау және шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді.

ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл банктер және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АҚШ аумағында ФРЖ-ның құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды резервтік округқа бөлінген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды эмиссиялау және басқа да қызметтерін жүзеге асырады.

Әр резервтік банкті 9 директордан (6 директор ФРЖ-ға мүше банктердің өкілдері, ал 3 директор ФРЖ-ның басқару кеңесінен) тұратын Кеңес басқарады. Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы,С класы. А және В класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір-бір директоры ұсақ банктерден, біреуі – орташа, біреуі – ірі банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды.

Федералды резервтік банктердің 3 директорының әрқайсысы 3жыл мерзімге сайланады, сөйтіп әр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Әр резервтік банкті директорлар кеңесі сайлайтын және ФРЖ-ның басқарү кеңесі бекітетін президент және бірінші вице президент басқарады.

· Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды

· Резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер береді

· ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады

· Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды

· Ақша-несие саясаты туралы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар мен бюллетендер шығарады.

Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктерфедералдық аудандардың шегінде қызмет етеді. Штаттардың банктері штаттағы заңдардың негізінде қызмет етеді және олардың қызметтерінқадағалауды штаттағ билік ұйымдары жүзеге асырады.

«ФРЖ –ны құру туралы» заңға сәйкес барлық ұлттық банктер ФРЖ-ның мүшесі болуға тиіс. Штаттардың банктері ФРЖ-ға мүшелікке ену талаптарына сай келген жағдайда ғана оның құрамына кіреді; яғни, ол ФРЖ-ның мүшелері санынан 15% мөлшерін құрайды және шығу барысында алдын ала 6 ай бұрын хабардар етеді. ФРЖ-ға мүше банктер өз резрвтерін нақты ақшада немесе өз округтарындағы федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұстауға міндетті.

ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы – ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болуымен қатар оның қызметтерін пайдалану мумкіндігі болады. Егер де жеке банктен алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлемімен шектелетін болса, ал ФРЖ-ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге кез болмайды. Себебі, федералды резервтік банктің ФРЖ-ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ-ның мүшесі болып табылмайды, бірақ олар ФРЖ-ға мүше банктермен іскерлік қарым – қатынаста болған жағдайларда ФРЖ-ның несие, чек айналысы, клиринг және т.б. қызметтерін жанама түрде пайдаланады.

«Коммерциялық банктер: ұлттық және штаттық болып бөлінеді. Біріншісі федералдық заңдарға бағынады және ФРЖ-ға кіреді, соңғысы бөлек штаттардың заңдарына негізделеді және ФРЖ-ға өз еріктерімен кіреді немесе кірмейді.

Ірі банктердің ішінен гигант-банктердің тобы бөлінеді – «Бэнк оф Америка», «Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк», Чейз Манхэттан бэнк», «Менюфекчурез Гановер траст К», «Морган Гаранти траст К». Бұл банктер алып қаржылық-кәсіпкерлік топтарды басқарады немесе үлкен рөл ойнайды.

1994 жылдың аяғында барлығы 4313 млрд доллар актив құрайтын 40.9мың коммерциялық банк, ФРЖ мүшелері және 24.5мың мүшелікке кірмейтін 9.3мың штаттық банк саналды.

Бұл мемлекетте ұзақ жылдар бойы федералдық деңгейдегі және штаттық деңгецдегі банктердің әрекетін бақылау мен реттеу жүйесі қалыптасқан. «АҚШ-тың заңдарының қаталдығына қарамастан, банк жүйесінің бытыранқылығы сақталған. Атап айтқанда, көптеген филиалсыз банктер сақталған: 15,5 мың банктердің 7 мыңының бөлімшелері жоқ.

 

«Бақылау екі топтағы банктерге жүргізіледі:

· Федералдық билікке бағынатын ұлттық банк жүйесі

· Бөлек штаттардың юрисдикциясындағы штаттық банктік жүйе

 

Одан басқа, АҚШ банктерінің әрекетіне бақылауды ФРЖ, мемлекеттің 98% банктері мүше болып табылатын Депозиттерді сақтандыратын Федералдық корпорациясы (ДСФК).

Қазынашылық органы ақша айналымын бақылайды, оған 4,9 мың ұлттық банктер бағынады. Оның қадағалау функциясы келесіде көрініс тапқан: ол ұлттық банкті құруға рұқсат береді; бақылау және ревизиялық тексерулерді жүргізеді; бөлімшелерді ашу мен банктерді қосу туралы мәселелерді шешеді.

ФРЖ 1056 штаттық банк мүшелерін бақылайды. ДСФК 8,4 мың сақтандырылған банктерді бақылайды, оның кез-келген банкті тексеруге құқығы бар.

Сонымен қатар штаттардың банктік департаменттері бар. Олар операциялар жүргізуге рұқсат береді, банктерді тексереді, банктердің қосылуы және т.б. қызметтер атқарады. Бұл органдардан банктер басқа Әділет Министрлігінің, Биржа және бағалы қағаздар Комиссиясы т.б. органдардың ықпалында болады.»(№13)


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 71; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты