Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақша массасы және оның жылдамдығы




 

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

· Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

· М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

· МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;

· M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.

Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.

Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.

Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

М1– айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );

М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;

М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;

Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

· М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;

· М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;

· М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

· М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

§ банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.

§ Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;

§ мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен

§ Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;

§ чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);

Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін. Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу. Ақша массасын трансакциондық өлшеу ақшаның айналым құралы ретіндегі функциясына негізделеді. Бұл ойды қолдаушылар ақшаның мәні тауарлармен қызметтерді төлеу үшін қолданылады деп санады. Олардың ойынша , айналыс құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс құралы ретінде қолданылады.

Ақша массасын трансакцонды өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.

Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.

Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен тауарларды сату көп уақытты алады.

Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет. Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:

MV = PQ, немесе M = PQ / V

Мұндағы:

M –ақша айналымына қажетті ақша массасы;

PQ –тауар бағасының сомасы;

V –ақша айналымының жылдамдығы;

Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім болған. К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:

Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым саны

Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:

М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n

Мұндағы:

Ц*Т – тауар бағасының сомасы;

Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;

П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;

n – ақша бірлігінің айналым саны;

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады, қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соншалықты банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэфицентімен анықталады. Яғни, ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша – несие саясатымен тығыз байланысты деп айтуға болады. Мұндағы ең басты мақсат ақша масссасының өсуін сақтау екенін көруге болады. Мақсатты белгілеуде Орталық Банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

1. нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;

2. жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;

3. жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;

Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.

Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.

Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.

1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:

 

1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;  
1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;  
1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;  
1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;  
2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн); 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);  
мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;  
5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;  
2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;  
номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;  
2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.  
номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;  

Ақша массасы айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға болады. Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.

Айта кететін нәрсе – «ақша айналысының жылдамдығы» және «төлемдердің өту жылдамдығы» деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:

1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші – жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына, дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы байланысты көрсетеді.

2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша массасының орташа көлеміне қатынасы.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 113; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты