Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Олма - қол және қолма – қол емес ақша амалдары




 

Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асыратын төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптас-тыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің кредиттеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемде көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; кредитті өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айрысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-кредит мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
- ол банк жүйелерінің кредиттік ресурстарын арттыруға, кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынуын кемітеді;
- ол трансакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айналымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен пайдалылығы жоғарылайды.
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір қағидалары сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
-Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік қағидасы. Бұл қағида болашақ клиентке қызмет көрсету мәдиенеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді тандауға, сондай-ақ келісімшарттағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңцауға мүмкіндік береді.
-Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру қағидасы, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті тұрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай; шот иесінің шоттағы қара-жатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың мөлшерінде төлем жасайды. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу қағидасын немесе төлеушінің өтімділік қағидасын білдіреді.
Төлемнің мерзімділік қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатгы алушы қаражаггың келісімшартга көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
Барлық есеп айырысуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру қағидасы.
Есеп айырысудың барлық қағидалары бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу қркаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қа-растыру қажет. Есеп айырысу қүжатгарының қозғалысы -бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалыс пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және занды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік жэне валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты меншік түрлеріне қарамастан барлық заңды тұл-ғаларға ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды жэне жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім-шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойьшша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты есепке алу арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг бұл занды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара есепке алуға негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:

I. клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да операциялар.

 

II. шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банкаралық операциялар. Оған еркін айырбасталымды валюталарды сату-сатып алу операциялары жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мэміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 84; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты