Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кәсіптік білім әкімшілігі




Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылардың өзін - өзі басқаруы оқу – тәрбие жұмысын жетілдіруге септігін тигізетіні рас, дегенмен ол әкімшілік басқару жүйесіне тәуелді. Оның өзіне тән бірнеше себептері бар.

Біріншіден,оқу орнының әкімшілігінің жауапкершілігі барлық басқару құрылымдарынан, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жауапкершлігі әлдеқайда жоғары тұрады. Өзін - өзі басқару жүйесінде топ белсенділері жіберген кемшіліктері үшін лауазымнан айырылса да студент болып қала береді. Ал әкімшіліктің басшы қызметкерлері өз жұмысындағы кемшіліктері үшін ақшалай сыйақыдан, лауазымдық қызметтен, қалаберді жұмысынан да айырылуы мүмкін.

Екіншіден,оқу орны әкімшілігін басқару тәжірибесі жаңадан сайланған топ белсенділеріне қарағанда молырақ.

Үшіншіден,белсенді топ мүшелері қазіргі заң күші бар актілерді өздерінің жас ерекшелігіне байланысты пайдалана алмайды, ал әкімшіліктің бұған құқы бар.

Кәсіптік мектеп директоры оқушылардың өзін - өзі басқару органына жалпы басшылық жасайды. Ол мына 3 бағыттағы қызметті іске асырады:

1. Әлеуметтік – бағдарлы;

2. Педагогикалық бағытта;

3. Әкімшілік бағытта;

Әлеуметтік – бағдарлы қызметті жүзеге асыра отырып, оқу орны директоры белсенді топқа да, инженер – педагогикалық ұжымға да өзін - өзі басқарудың қажет екеніні, оның кәсіби қызмет аясында рөліне мән беруі тиіс. Әсіресе, оқу бітірген соң түлектердің өндірісті, кәсіпорынды, аудан, қала, облыс көлемінде басқаруды жетілдіруге, өз бизнесі мен кәсіпкерлікті дамытудың перспективаларын болжай білуге үйретуі тиіс.

Педагогикалық – бағыттағы қызметі барысында директор оқушылардың өзін - өзі басқаруда топ белсенділерінің сайланбалы жүйесін жетілдіру арқылы оны тәрбиелеу, жұмысқа қызығушылығын арттырады. Ұжымды басқаруда қоғамда болып жатқан өзгерістер тұрғысынан теориялық және практикалық өзгешеліктер енгізуге шақыруы тиіс.

Әкімшілік бағыттағы қызметте директор оқушылардың өзін - өзі басқару процесінің біртұтас жүйесін ендіруді қолға алуы керек. Онда әрбір белсенді топ мүшелерінің міндеттері мен құқықтық нормалары нақты белгіленіп, жоспар бойынша жүруі тиіс. Бұл істе инженер – педагог пен өндірістік оқыту шебері, педагогикалық ұжым оқушыларының өзін - өзі басқару процесіне жан – жақты көмек көрсетуі қажет. Олардың жұмыс қорытындысы белгілі бір мақсат жолындағы түпкі нәтижеге бағытталуы тиіс. Директор мен педагогикалық ұжымға өзін - өзі басқару жүйесінде негізгі көмекші қол ұшын беретін қоғамдық ұйым – кәсіподақ ұйымы болуы тиіс. Ол директордың, басқа да қызметкерлердің өзін - өзі басқаруда қызметтік құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзара түсіністік жағдайында бір мақсатқа жету үшін бұл қажет фактор.

Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары өзін - өзі басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету ісімен шұғылданады.

Тәрбиелеу – оқушыларды білімге, қоғамдық еңбекке және басқа да пайдалы іс - әрекетке, көптеген әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды. Тәрбиелеу деп сонымен қатар басты мақсат жолында өзін - өзі бағыттап, бағдар беру, басқара білу оны үйлестіре білу іс - әрекетін айтамыз. Топ жетекшісі, өндірістік оқыту шебері оқушылармен түрлі тәрбиелі іс – шаралар ұйымдастырады, олардың әрекеттеріне белсенді топ арқылы ықпал жасайды, дамытады. Оларды өздерімен тең дәрежеде сезінуі тиіс. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, аға шебер өзін - өзі басқару органын өздерінің күнделікті оқу - өндірістік жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланады. Шешімдерді жүзеге асыруда оларды орталықтандырып, бірігіп атқаруға жұмылдырады. Оқушылардың өзін -өзі басқару ісін жетілдіруде, кәсіптік мектеп әкімшілігіне міндетті түрде арнайы білім мазмұнын қажет етеді. Олар:

- оқушылар ұжымын қалыптастыру теориясы;

- өзін - өзі басқарудың теориялық негіздері;

- оқушылардың сайланбалы белсенді топтарымен жұмыс істеудің әдістемелік негіздері;

- педагогикалық басшылықты оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымымен келістіру тәсілдері;

- оқушылар белсенділігін арттырып, өзін - өзі басқару ісіне жұмылдырудың психологиялық ерекшеліктерін.

Осы мәліметтер мен білім негіздеріне сүйене отырып, әкімшілік мүшелерінің мынадай арнайы икемділігі болуы қажет.

- педагогтар мен оқушылардың өзін - өзі басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін айқындай алу мүмкіндігі;

- болашақ кәсіп иелерінің жеке сапалық қасиеттерін қалыптастыратын қызметке бағыттай білу;

- өз қызметін жоспарлай, ұйымдастыру талдау және бақылау әдістеріне көмек бере білу қабілеті;

- өзін - өзі басқару, педагогтар және ата – аналар ұйымдары жұмыстарын үйлестіре білу қабілеті.

 

Оқушылардың сайланбалы белсенді тобының тиімді ұйымдастыруды кәсіптік мектеп, курс, оқу топтары бойынша атқара білуі керек.

Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы өз алдына дербес ұйым емес. Ол ұдайы бағыт – бағдар беруді, қоғам талабына орай жетілдіруді, сөйтіп, педагогикалық ынтымақтастық аясында ортақ мақсатқа бірлесіп сенімділікпен күш – жігер жұмсауымызды талап етеді.

 

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 122; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты