Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экономикалық өсудің қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттары




1.Экономикалық өсу - әлеуметтік мәселелерді үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Экономикалық өсу экономиканың үдемелі қозғалысын, оның алға басуын және дамуын көрсетеді. Экономиканың үдемелі қозғалысының тереңде жатқан себептері - ол қоғамдық өндіріс пен оның мақсаты - адамның қажеттілігін қамтамасыз ету арасындағы күрделі және қарама-қайшылықтарға, байланыстарға негізделген. Адамның экономикалық қажеттіліктері өндірістен туындайды. Жаңа өнім шығарып және оған қажеттілік туғызып, өндіріс осы қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жағдайларын қалыптастырады.

Өз жағынан қамтамасыз етілген қажеттілік пен жаңа түрлерінің туындалуы өндірісті қайталауды талап етеді. Жаңа қажеттіліктерді қанықтыру өндірісті одан ары өсірудің мейлінше жетілдірудің негізін қалайды.

Қоғамның қажеттіліктері өсіп отырады және сапа жағынан өзгереді. Бірінші кезекте олар халық санының өсуіне байланысты туындайды. Осымен бірге адамдардың қажеттіліктері де өседі және әрқилы болып қалыптасады. Қоғам өміріндегі ағымда болатын бұл объективтік процестерді ғылым «Қажеттіліктердің жоғарылау заңы» деп біріктіреді. Халық санының өсуіне байланысты олардың қажеттіліктерінің ұлғая түсуі және осы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін экономика өнім өндіруді толассыз арттырып отыруы тиіс.

Экономикалық өсу мәселелері мына бірізділікте қарастырылады: біріншіден, оның түсінігі мен мәнін анықтау; екіншіден, оны талдаудың болашақ моделін жасау; үшіншіден, оның төңірегіндегі тұжырымдау мен ойларға қысқа шолу және де оған ынталандырудың жүйелік шараларын қалыптастыру.

Экономикалық өсу екі өзара байланысты тәсілмен анықталады және өлшенеді: белгілі бір кезеңдегі жалпы ұлттық өнімнің немесе таза ұлттық өнімнің ұлғаюы және сол көрсеткіштердің жан басына шаққандағы көлемінің өсуі. Қай бір анықтама болмасын бір жағдайда үндестік танытады - өсу үстіндегі экономиканың жаңа қажеттіліктерді қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ел ішінде болсын немесе халықаралық деңгейде болсын шешу мүмкіндіктерін жоғарғы тұрғыда қалыптастыру.

Қай елдің болмасын экономикалық өсуі алты негізгі факторлармен анықталады. Олардың төртеуі экономиканың өсуге деген физикалық қабілеттілігіне байланысты. Бұл, әдетте, ұсыныс факторлары деп аталатын -табиғи ресурстардың саны мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі және технологиясы. Ал бесінші — сұраныс факторы. Ол шығыс деңгейін жоғарылата отырып, ресурстарды пайдалану көлемін кеңейту арқылы елдің экономикасының өндірістік потенциалын жүзеге асырады. Алтыншысы - ресурстарды өнім өндірушілер арасында өзара бөлу факторы, оларды пайдалы өнімнің барынша толық пайдаға асыруы. Экономикалық өсуге әсер ететін ұсыныс, сұраныс факторы өзара байланысты. Бұл факторлардың өзара әрекеттестігін тұтыну және инвестициялық тауарлардың өсу арасындағы өзара тәуелділігінен көруге болады. Оны белгілі табиғи, еңбек ресурстарының саны мен сапасы, негiзгi капитал мен технологиялық потенциал негізінде өндірілген өнімнің барынша көп варианттарының болуын мейлінше қамтып көрсетеді. Әйтсе де өз өндірістік потенциалын толық пайдалану мүмкіндіктері сұраныс және ұсыныс факторларымен шектеледі.

Экономикалық өсу факторларын АҚШ және Еуропа елдерінде жүргізілген зерттеулер еңбек өнімділігін көтерудің жалпы ұлттық өнімнің өсуіне еңбек шығынын өсіруден әлдеқайда жоғары әсер ететінін көрсетті. Бірақ, еңбек тиімділігін көтеру оңай емес. Оған техникалық прогресс, қормен қаруландырудың өсуі, жұмыс күшінің сапасын жақсарту, еңбек ресурстарын төменгі өнімділікті салалардан жоғарғы өнімділікті салаларға ауыстыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан да еңбек өнімділігі мен нақты өнімнің өсуін табиғи процесс деп қарауға болмайды.

Көптеген артта қалған елдердің экономикалық өсуге жету үшін едәуір күш жұмсағанына қарамастан, негізінен, олардың нәтижесіз аяқталғанын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұрын айтылғандай, соңғы кездері жоғары жақсы деңгейіне жеткен елдер үшін экономикалық өсудің қажеттілігі жайлы едәуір күмәнділік тудырып жүр. Олар ұсынған дәлелдерді біз «нөльдік өсу» концепциясын талдау барысында келтіргенбіз және экономикалық өсудің заңды құбылыс екенін айтқанбыз. Сонымен, экономикалық өсу қазіргі кезеңде қажетті табиғи құбылыс.

Экономикалық өсу - бұл үлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:

1. Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы
ұлттық өнімнің көбеюі.

2. Интенсивті өсу дегеніміз - техника мен технологияны толық жетілдіру
арқылы үлттық өнімнің кобеюі.

3. Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының осуі нәтижесінде өнідіс
факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның
жетілуі.

4. Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады.

Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары. Ұсыныс факторына мыналар жатады:

- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;

- негізгі капиталдың болуы;

- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.

Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. Тек қана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек қана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы камтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет.

Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады:

- еңбек ақы мөлшері;

- мемлекеттің фискалдық саясаты;

- халықтың қор жинау бейімділігі.

Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель - барлық аталган факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардьвд бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әр түрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы моделые еңбек және капитал жатады.

 

2. Экономикалық өсудің моделдері.Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделі бөліп көрсетіледі. Біріншіден, кейнсиандық модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі және үшіншіден, неоклассикалық модель.

Кейнсиандық модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сүраныстың басты роліне негізделеді. Сүраныстың шешуші элементі -мультипликатор арқылы пайданы үлғайтатын инвестиция.

Кейнсиандық модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сүраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан түрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансталынған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Неоклассикалық модель бір емес, екі өндірістік факторды ескереді және олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың әр түрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П.Дуглас пен математик X. Коббтың есімімен байланысты аталады.

Сонымен экономикалық осу модельдерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады:

3.Экономиканы тұрақты дамыту үшін мемлекетіміздегі экономикалық өсуді қарқынды жүргізу керек. Экономикалық өсу мәселелері мына түрде қарастырылуы керек: біріншіден, оның ұғымы мен мәнін анықтау; екіншіден, оны талдаудың болашақ моделін жасау; үшіншіден, оның төңірегіндегі тұжырымдау мен ойларға қысқаша шолу және де оған ынталандырудың жүйелік шараларын қалыптастыру керек. Қай елдің болмасын экономикалық өсуі 6 негізгі факторлармен анықталады: Олардың төртеуі экономиканың өсуге деген физикалық қабілеттілігіне байланысты. Бұл әдетте, ұсыныс факторлары деп аталатын – табиғи ресурстардың саны мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі және технологиясы. Ал бесіншісі – сұраныс факторы. Ол шығыс деңгейін жоғарылата отырып, ресурстарды пайдалану көлемін кеңейту арқылы елдің экономикасының өндірістік потенциалын жүзеге асырады. Алтыншысы – ресурстарды өнім өндірушілер арасында өзара бөлу фактры, оларды барынаша толық пайдаға асыру. Экономикалық өсуге әсер ететін ұсыныс, сұраныс факторы өзара байланысты. Бұл факторлардың өзара әрекеттестігін тұтыну және инвестициялық тауарлардың өсу арасындағы өзара тәуелділігінен көруге болады.

Көптеген артта қалған елдердің экономикалық өсуге жетуі үшін едәуір күш жұмсағанына қарамастан негізінен олардың нәтижесіз аяқталғанын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұрын айтылғандай соңғы кездері жоғары, жақсы деңгейге жеткен елдер үшін экономикалық өсудің қажеттілігі жайлы едәуір күмән келтіріп жүр.

Қазақстан – 2030 стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді», - деп көрсеткен болатын. Ол 10 қағидадан тұрады:

  1. мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы;
  2. макроэкономиканы тұрақтандыру;
  3. инфляцияны төмендете отырып, стратегиялық экономикалық ілгерлеуге бағыттау;
  4. экономиканың нақты секторын сауықтыру, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясаты;
  5. жеке меншік институттары;
  6. кәсіпорындарды жекешелендіру;
  7. өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру;
  8. шетел инвестицияларын тиісінше қорғау;
  9. Қзақастан үшін индустриялы технологияны қалыптастыру;
  10. өндірісті диверсификациялау.

Бұл қағидалар елдің экономикалық өсуі барысында тұрақты сақталуда. Сондай-ақ, бұл қағидаларды экономиканың нақты секторына одан әрі енгізу мақсатында экономикалық өсудің басымдылқтары анықталып, оларды іске асырудың стратегиялары, бағдарламалары, іс-шаралары жасалып тетіктері құрылып, оларды орындау барысы Қазақстан экономикасында кең етек жайып келеді.

Қазақстанда мұнай өсудің алғы шарттары бар: шикізат пен энергетиканың ішкі қажеттіліктерінің үлкен бөлігін қамтамасыз ете алатын бай табиғи ресурстары; әртүрлі тіршілік іс-әркеттерін кең қамтамасыз ете алатын айтарлықтай жер көлемі; өнім өндіруге мүмкіндік тудыратын бос өндірістік қуаттылықтың ірі көлемі; жеткілікті жоғарғы жалпы білім деңгейіне сай келетін арзан жұмыс күші; жеткілікті дамыған ғылыми-техникалық потенциал, осы заманның және ең жаңа технологиялық құрылымдардың бағыттары бойынша технологиялық жиынтығының бар болуы.

Ұзақ мерзімдік экономикалық өсу үшін ішкі қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болмайтын өте зор күрделі қаржы жұмсауды қажет етеді. Өндірістік аппаратты қайта жаңартуды қамтамасыз ете алатын отандық машина жасаудың жетекшілік негізі де жоқ. Дүниежүзілік деңгейдегі өзіндік технология да қалыптаспаған. Сондықтан да ұлттық өндіргіш күштерінің даму барысына шетелдік инвестиция жоғары рөл атқарады. Олардың көмегімен экспорттық поетнциалды құруды және де өндірісті жаңартуды қамтамасыз ету қажет.

Негізі Қазақстан экономикалық өсуді қалыптастыру үшін әртүрлі бағыттарды қолданады: тиімді реформалар жүргізу арқылы аграрлық сектроды үдете дамыту, индустриаландырудың жаңа типіне көшу, табиғи байлықты үнемді пайдалану, транзиттік, сауда және көлік қызметтерін көрсету. Дегенменде, табысқа жетуде тек бір стратегияны таңдап алған мемлекеттер емес, әртүрлі бағыттарды біртұтас пайдаланған мемлекеттер қол жеткізеді. Бұл стратегиялардың Қазақстан қолайлығын анықтау үшін ұлттық экономиканың табиғи ресурстар, ғылым және білім потенциалдары сияқты бәсекелестік қабілеттілігі факторларын бағалау қажет.

Қазіргі таңда экономиканы тұрақтандыруда және оның өсу қарқынын жоғарлатуға бағытталған саясатты іске асыру өндірістік инфрақұрылымның аса тиімді бәсекелестік қабілетті жобаларына инвестиция тартуды ынталандыру тетіктерін қалыптастырмайынша мүмкін емес. Инвестицияның өсуі және елде қолайлы инвестициялық климат құру дамудың стратегиялық міндеті және отандық экономиканы жаңартудың өте маңызды шарта болып табылады.

Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 9 пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда инвестициялық климатты мейлінше жетілдіру мәселелеріне кеңінен тоқталған болатын. Соңғы кездері экономикалық өсу байқалып келеді. Оны елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына берген жолдауынан көруге болады. Кейінгі алты жылда (1999-2004) Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 50 пайызға өскендіктен, бүгінгі күні ұлттық қорда 503 млрд.доллар жинақталынса, оны еліміздің алтын-валюта қорымен қосып есептегенде 14 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл жолдауда алдағы уақытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын көтерудің негізгі бағыттары мен нақты көрсеткіштері анық айтылған. Бұл жақсы көрсеткіштермен қатар мемлекетімізде кемшіліктерде кездеседі. Бүгінгі таңда қаржы мәселелеріне тоқталатын болсақ, жиналған әртүрлі қорларда тиімді пайдалану механизмі жүзеге аспай келеді. Ол үшін экономикалық ресурстарды толығымен пайдалана алуымыз керек, сонда ғана экономикамыздың өрлеуіне қол жеткіземіз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 254; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты