Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Қазақстандағы дін және конфессияаралық қатынастардың мәселелері




1. Қазақстандағы дін және конфессияаралық қатынастардың мәселелері

Агенттік құрылғанға дейін конфессияаралық қатынастар мәселелері Әділет министрлігі жанындағы Дін істері комитеті құзыретінде болған. Қоғамдағы діннің рөлі күрт артуы жағдайында Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар мен діни ұйымдар қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттілігіне қатысты мәселелер күн тәртібіне өткір қойылды. Сондықтан аталған Комитеттің мүмкіндіктері заман талабына сай болмағандықтан, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев дербес мемлекеттік орган мәртебесіне ие Дін істері агенттігін құру туралы шешім қабылдады.
Агенттіктің құрылған алғашқы күнінен бастап оның қызметі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастарды құқықтық реттеу арқылы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды. Біз бастапқы кезеңде “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” жаңа заңды әзірлеп, қабылдау, заң нормаларын жүзеге асыруға қажетті заңға тәуелді актілерді, қағидаларды, дін саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін дайындау жұмыстарына жұмылдық.
Қазіргі таңда агенттік діни ахуалға мониторинг және талдау жасау жүйесін қалыптастыруда. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мен Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жұмысы осы бағытта ұйымдастырылуда. Аталған орталықтардың қызметі барысында салыстыра тексерілген талдамалы және болжамды мәліметтер осы салада тиімді мемлекеттік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беруге тиіс.
Агенттік ғылыми жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің, діни жетекшілердің қатысуымен мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңестік құрылымдарды дамыту арқылы діни ұйымдармен өзара іс-қимыл ұйымдастыруда.
Агенттік жұмысының басты бағыттарының бірі – халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және діни экстремизмнің таралуының алдын алу. Осы мақсатта арнайы құрылған ақпараттық-насихат топтарының мүшелері тұрғын халықтың көптеп қатысуымен кездесулер, дәрістер, “дөңгелек үстелдер” өткізіп тұрады. Мерзімді басылымдарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіретін жарияланымдар жарық көріп отырады. Осы сұхбатты да БАҚ арқылы халық арасындағы түсіндіру жұмысына қосылған үлес деп есептеуге болады.

2. Дінаралық диалог қоғамның рухани тұтастығының факторы

1. Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке жөне өзара құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нөтижесі болуға тиіс.

2. Диалог барлық әріптестердің тең кұқықтылығын көздеуге және әрбір мәдениеттің, тілдің жөне дөстүрдің тұтастығын ескере отырып пікірді, көзқарас пен сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс.

 

3. Диалог басқа нанымға үндеу тастауга не баска діни нанымдағы әріптесті қорлауға, сондай-ақ бір діннің басқа діннен басымдығын өйгілеуге бағытталмауға тиіс. Диалог айырмашылықтарды жоюға емес, кайта оларды тануға жөне күрметтеуге бағытталғаны жөн. Диалог қатысушылардың өз нанымын адал өрі айқын баяндауына мүмкіндік беруге тиіс.

 

4. Диалог баска діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған сенімнен жөне оларды қате түсіндіруден бойды аулақ салуға көмектеседі. Ол жанжалдарды және шиеленісті бәсеңдету құралы ретінде зорлық-зомбылықтың пайдалануын болдырмауға жөне даулы жағдайларды шешуге көмектеседі.

 

5. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолын ұсынады. Диалог озық білімді көтермелейді, ол соңдай-ақ диалогтың маңыздылығын бұқаралық ақпарат құралдарының жақсырақ түсінуіне және діни экстремизм катерін бәсеңдетуге де жәрдемдеседі.

 

6. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, өсіресе, өлеуметтік жөне саяси диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.

 

7. Төзімділік рухында өткізілген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің кастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ кұндылыктарды көздейді.

 

8. Диалог діннің қоғамда өмірлік және сындарлы рөл атқаратындығын атап көрсетеді. Ол ортақ игілікке жәрдемдеседі, адамдар арасындағы өзара жақсы қарым-қатынастардың маңызды рөлін таниды, соңцай-ақ мемлекеттің қоғамдағы ерекше рөлін қүрметтейді.

 

9. Діні мен мәдениеті әртүрлі адамдар арасындағы озық қарым-қатынастардан өнеге алуға мүмкіндік туғызатын диалог болашақ үрпақ үшін іргелі кажеттілік болып табылады.

3. Ұлттық қауіпсіздікке діннің және діндарлықтың ықпалы мен әсері

Ұлттық қауіпсіздікті діни қауіпсіздік­пен ұштастырғаны дұрысырақ болар. Өйткені, дәстүрлі діндердің негізгі мақсаты – адамдар арасына бейбітшілік орнатып, ұлт­аралық, еларалық ауызбіршілікке ша­қыру. Ғасырлар бойы өте арам пиғылды адамдар дәстүрлі діндерден тыс ойдан жал­ған се­німдер құрастырған. Олардың арасынан кейбірі әлемдік дәрежеде таралып кетуіне қарамастан, дінтанушылар қоғамға кері әсерлерін анықтап, тоталитарлы әрі дес­труктивті діндер деп жеке топтастырған. Алайда, осы мәселеде ең бірінші туындайтын қиындық – дәстүр­лі дінді ұстанатын адамды ағымға еруден ажырату. Егер де заң қорғаушы­лар Құдай үйіне барғанның бәрін жаппай қамауға алар болса, елімізде ашық дін ұстанар адам табылмас. Сондықтан басты мәселе – дәстүрлі діндер мен деструк­тивті ағым­дар­ға ергендерді ажыратып алу. Осы тұр­ғыда Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі уақытылы құрылғанын айта кеткен жөн.

Мысал келтірер болсақ, 2011 жылы қа­былданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сүйеніп, Қа­зақстан Республикасының Дін істері агент­тігі бірқатар деструктивті ұйымдарды жабуға мәжбүр болды. Өйткені, олардың арасында ашық түрде халықтың мемлекетке деген наразылығын тудыратын насихаттар жүргізілді. Ол – бірінші қауіп. Екінші­сі, айрандай ұйып отырған бірқатар отбасыларда әкесін баласынан, жұбайын қы­­зынан ажыратып, арасына іріткі салған. Осымен шектелмей, азаматтарымыздың өмірде жиған-терген мал-мүлкі мен баспанасын бірлестіктің атына жаздыртып, көше қаңғыртып жіберген. Демек, дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 96; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты