Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызылорды облысы, Жаңақорған ауданының климаты.




Жоспары

 

Кіріспе

 

1.Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының климаты

2.Бидай дақылын өсіру технологиясы

3.Бидай дақылының қауіпті нематодалар,кенелер және кеміргіштері

3.1.Нематодалары

3.2.Кенелері

3.3.Кеміргіштері

4.Күрес шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен ауыл шаруашылығын инновациялық негізде индустрияландыру арқылы халқымызды азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етуге бағытталған көптеген іс-шаралар атқарылып, қыруар қаржылар бөлініп жатыр. Ендігі мақсат осы бөлініп жатқан қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру, оны қайтарымы мол, кепілді өнім беретін салаларға бағыттау болып отыр. Республикамызда 1 миллионнан астам кіші және орта кәсіпкерлер болса, олардың ішінде 200 мың кәсіпкері немесе 20%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі дүние жүзіндегі 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Қазақстан аграрлық мемлекет болғандықтан көптеген аграрлық секторда жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстан қазіргі таңда өзінің даму сатысының жаңа қадамында тұр. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі. Ол халықты азық-түлікпен, өндірісті шикізатпен, ауыл адамдарын жұмыспен қамтамасыз етеді. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен ішкі қоғамдық-саяси тұрақтылығы осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Соңғы жылдары әлемдік азық-түлік нарығында туындаған дағдарыс пен оның салдары халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін айқындап, оны жалпы экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан хал­қына Жолдауында аграрлық саланы жедел дамыту жөнінде арнайы тап­сырмалар беріп, бағдарын анық­та­ды. Нақтылай түссек, оның бірін­шісі – еңбек өнімділігін арттыру, екіншісі – елдің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – елдің экспорттық әлеуетін іске асыру. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматына парыз екені сөзсіз.

 

ызылорды облысы, Жаңақорған ауданының климаты.

Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалы-мен қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәуілік, ай жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байта-ғының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25о – 28о. Террито-рияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсалюттік температура +44 – 47о. Қыс-та облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айыр-машылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы - 13,4о, ал оңтүстігінде «Аққұмда» - 6, 8о десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6,6оС.

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа бол-сада суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік темперетура 40–45о-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі темперетура-ның айырмасы – 85–90оС.

Ауаның тәуіліктік орта температурасы 0отан жоғары болатын күннің саны 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 – інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 пайызы қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартым-сыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүн-дігініде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қар-дың жатысы 4 айға созылады.) Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатады.

Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1-ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Аал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай түлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Топырақтардың су-физикалық қасиеттері шабындықты-батпақты топы-рақтарды зерттелуімен түсіндіріледі. Топырақ қабатының кескінінен көретіні-міз оның құрамы ауыр механикалық болып келеді. Бет жағында ауыр саздақ, ал әрі қарай саз кездеседі. Жыртылатын горизонттағы көлемді салмағы 1,06-1,30 г/см3 шамасында ауытқиды, орташа алғанда 1,12 г/см3. Бұл топырақ түрлері үшін көлемді салмақтың орташа мәні 0-100 см. Қалыңдығы үшін -1,31 г/см3 құрайды.

Топырақтың үлесті салмағы 2,66-1,70 г/см3 шамасында. 0-100 см. Қабат үшін табиғи ылғалдылық көрсеткіші оның көлемінен алғанда орташа 18,7-23,98 % шамасында ауытқиды. Бірінші метр қабаттың шекті далалық ылғал сыйым-дылығы топырақтардың механикалық құрамына қарай оның көлемінен орташа 17,8-ден 31,2 %-ке дейін ауытқиды, яғни метрлік қабаты 2782-3118 м3/га ылғал сақталуы мүмкін.Топырақтардың су сіңіргіштігі олардың механикалық құрамына, тығыздығына байланысты 0,08-ден 0,10 м/тәулікке дейін ауытқып отырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты