Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Радиациялық қауіпсіздікті нормалау.




ХХ ғасырда және соңғы жылдары адамзат баласы бірнеше жүз жаңа жасанды радионуклидтерді жасады. Атом энергиясы бірнеше ғылым саласында (медицинада, шаруашылықта, энергетикада, атом қаруларын қолдануда және т.б.) пайдаланады. Осының барлығы адамдардың иондаушы сәулелер дозасының жоғарылауына әкеледі. Радиацияның жасанды көздерінің барлығынан шығатын доза табиғи реңнен 20% алады.

Радиацияның көздерін медицинада да кең қолданады. Қазіргі кезде адамдардың радиацияның жасанды көздерінен алынатын дозасы көп жағдайда диагностикалық әрекеттермен және емдеу әдістерімен байланысты болады. Қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін сәулелі терапия кең қолданылуда. Науқасты емдеу үшін өте жоғары дозаларды пайдаланады. Бірақ ондай жоғары дозаларды санаулы адамдар ғана қабылдайды. Радиацияның медициналық мақсатта қолданылуының ең кең таралған түрі – диагностика үшін қолдануы. Экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде әр 1000 тұрғындарына жылына радиация көмегімен өтетін қаралу саны 300-ден 900-ге дейін жетеді.

Рентгенодиагностикалық процедураларда қабылданатын сәуле дозалары әртүрлі болады. Олар қабылданатын құрылғыға, қолданылатын әдістерге және мамандардың тәжірибесіне байланысты сипатталады. Рентгенодиагностикалық процедуралардың көпшілігі теріге әсерінің орташа дозасы 0,5-5,0 сГр, бірақ, кейбір процедураларда, мысалы, жүректі зерттегенде бірден қабылданатын дозасы 0,5 Гр-ге жетуі мүмкін. Тіс емдеу кезінде науқастың басына 0,2-0,5 сГр, қалқанша безіне 0,002-0,07 сГр доза әсер етеді.

Иондаушы сәулелердің диагностика үшін қолданылуының қажеттілігін қарастырғанда пайдасы мен зиянын салыстыру керек. Мысалы, Жапония ғалымдарының зерттеу мәліметтері бойынша өкпенің 40 млн рентген бейнелерді түсіргенде 44500 туберкулезбен ауыратын адамдар табылған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, сәулеленген адамдарда флюорография арқылы қабылдаған доза 25 жылда лейкоз ауруының 45 оқиғалары және қатерлі ісіктердің 7 оқиғаларына әкелуі мүмкін. Э. Холл (1989) есептеулері бойынша, қажетсіз медициналық сәулелену нәтижесінде қатерлі ісіктермен ауырған адамдардың саны атом жарылысы нәтижесінде ауырған жапондықтардың санынан 20 есе артық болған.

Ресми мәліметтер бойынша, әлемде ядролық сынақ полигондары бар аймақтарда 2107 жер асты және жер үсті жарылыстары (1996 жылдың 1 қазанына дейін) болғаны тіркелген.

Қазақстан территориясында 1954 жылдан бастап Семей ядролық сынақ полигонында 456 жарылыс болды. 1963 жылға дейін атом бомбалары жер бетінде ашық ауада сыналды. Кеңестер одағында Чернобыль апаты тарихта өз таңбасын қалдырды. Чернобыль АЭС апатын тоқтатуға қатысқан 860 000 адамның 55 000–ға жуығы сәулеленуден көз жұмса, ондаған мыңы мүгедектіктің зардабын шекті.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандағы радиациялық жағдайға жалпы шолу жасау

2. Радиациялық рең дегене не?

3. Радиацияның көздері қандай?

4. Қазақстанда радиациялық қауіпсіздіктің регламенттелуі

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 144; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты