Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дипломдық жұмыстың орындалуына ғылыми жетекшілік




 

Директордың бұйрығымен, кафедраның ұсынысы бойынша, дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілері бекітіледі. Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша, қажет болған жағдайда, кафедра дипломдық жұмыстың кейбір жеке тараулары бойынша, дипломдық жұмысқа бекітілген уақыт есебінен, кеңесшілерді шақыра алады.

Кеңесшілер ретінде ЖОО профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері бола алады. Кеңесшілер студентпен орындалған жұмыс тарауларын тексеріп, қолдарын қояды.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі міндетті:

- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма беруге;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;

- студентке арнай әдебиеттер, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды ұсынуға;

- студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;

- белгіленген уақытта дипломдық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша кеңестер беруге және кеңесшінің жұмысын қадағалауға.

Дипломдық жұмыстың ең маңызды бөлігі дипломдық жұмысқа тапсырма болып табылады (Қосымша Б).

Дипломдық жұмыс тапсырмасында университет, мектеп, кафедра атауы; студенттің фамилиясы, аты-жөні; дипломдық жұмыстың атауы, университет бойынша дипломдық жұмыс тақырыбы бекітілген бұйрық нөмірі мен күні; дипломдық жұмыстың кеңесшісінің фамилиясы, аты-жөні, жауапты тарауларының атауы; тапсырма берген күні; ғылыми жетекшінің, кеңесшінің, студенттің қолдары.

Студент дипломдық жұмысты бекіткеннен және дипломдық жұмыс тапсырмасын толтырғаннан кейін ғылыми жетекші дипломдық жұмыстың бекітілген кесте бойынша орындалуын жүйелі түрде қадағалап отырады; қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың тарауларына өзгеріс енгізіп отырады; студентті материалдың мазмұнымен, оны ұсыну кезектілігімен, жинау әдістерімен, нақты практикалық материалды жүйелендіру мен әдістемелік өңдеуді үйретеді; студенпен пайда болғане сұрақтарды талқылайды; қосымша әдебиеттерді ұсынады және жаңадан қабылданған заңнамалық актілерді, бекітілген нормативті құжаттарды талқылайды.

Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша ағымдық есеп беру мен алдын ала қорғау мерзімдерін бекітеді. Бұл мерзімде студент кафедра меңгерушісі мен ғылыми жетекші алдында есеп береді, олар өз кезегінде дипломдық жұмыстың (жобаның) дайын болу дәрежесін бекітеді.

Студент дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша күнтізбелік кестені сақтау керек, бекітілген уақытта ғылыми жетекшіге дипломдық жұмыс тараулары мен оны әрі қарай жөндеуді ұсыну керек.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты